Сабақтың ортасы
10 минут
15 минут
10 минут
5 минут
|
Оқушылар топтарға бөлініп, топтарда мұғалім ұсынған тарихи деректермен танысады. Осыдан кейін берілген тапсырмалар бойынша пікірлеседі.
Тапсырмалар
Берілген тарихи деректер Қасым Қайсеновтың «Тау тылындағы бала» повесінде көрініс тапты.
Повестен берілген пікірді дәлелдейтін мысалдарды келтір:
Повесте баяндалған оқиға аталған елдердің қайсысында болды. Осы елге жататын ел, жер аттарын мәтіннен тауып ата
Повестің кейіпкерлерін атап, тарихи деректерге қатысын түсіндір
Топтардағы талқылаулар аяқталуға 2 минут қалғанда әр топтан елшілер шығып, басқа топтарды аралап, талқылауларын тыңдайды. Қайтып келіп өз топтарының талқылауларымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады.
Бағалауға арналған дескриптор
Мәтіндегі барлық елді мекен мен жер аттарын атап тауып бере алды
Повестің барлық кейіпкерлерінің тарихи деректермен байланысын түсіндіріп бере алды
2.ЖИГСО стратегиясы. Оқушыларға осы отырған топтары жанұя тобы болып табылатыны, келесі тапсырманы орындау үшін жұмыс тобына бөлінетіндері түсіндіріледі. Ол үшін жанұя тобының мүшелері повестегі екі жанұя мүшелерінің аттарын алады да, бөлінеді. Мысалы Анна Ивановна ауылы, Серіктің ауылы, Боряның ауылы, Жамал апаның ауылы, Степан ағаның ауылы .
Топтарда оқушылар берілген сұрақтарды талқылай отырып, кестені толтырады.
Оқушыларға көмек ретінде «Әдеби-теориялық түсініктеме » беріледі.
Өмір құбылыстарын шынайы беру үшін, кейіпкерлер бейнесін ашу үшін автор әртүрлі көркемдік тәсілдерді қолданады. Ондай тәсілдерге: суреттеу (табиғатты, портретті, кейіпкердің сезім-күйін), сипаттау (кейіпкердің мінезін сипаттау, оқиғаны сипаттау), монолог, диалог жатады
Топтағы талқылаулар аяқталған соң, оқушылар өздерінің жанұя топтарына оралып, өздері толтырған кестені пайдаланып, түсіндіреді.
ҚБ Мұғалім жұмыс тобындағы және жанұя тобындағы оқушылар талқылауларына қосымша нұсқаулықтар беріп көмектеседі.
Бағалау дескрипторлары
Кейіпкерлер әрекетін баяндап бере алды
Өзінің алған әсерін түсіндіріп бере алды
Қолданылған көркемдік әдістің қызметін түсіндіріп бере алды
3.Қорытынды. 5 минуттық эссе. «Қасым Қайсеновтың «Тау тылындағы бала» повесінің тарихи, көркемдік құндылығы неде деп ойлаймын».
Бағалау дескрипторлары
Повестің тарихи құндылығын дәлелдейтін мысалдар келтіре алды
Повестің көркемдік құндылығын дәлелдейтін мысалдар келтіре алды
|
Мәтін. Тарихи деректер
Тапсырмалар
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесінің мәтінінен алынған цитаталар
Түрткі сұрақтар мен тапсырмалар
Әдеби-теориялық түсініктеме
|