Сабақтың тақырыбы:«Бәйтерек»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Айгүл Бектургановна Мыржикова
2015ж.
6 «Б»сыныпта «Бәйтерек» тақырыбына ашық сабақ өткіздім.Бұл сабаққа әріптестерім қатысты. Сабақты топқа бөліп, жылы лебіз айтумен бастадым.
Сабақты СТО бойынша өткіздім. Сабаққа жоспар құрар алдында алдымен ойланып аламын: « Менің оқушыларым не істей алады?»-деп. Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрдым. Оларды психологиялық тұрғыдан дайындадым. Сыныпқа көп уақытымды арнадым. Ал сабақтарда оқушылар өзін-өзі бағалауда қиналғандары байқалды. Менің қуанғаным, олар өздері туралы көп ойланды, өздерінің іс-әрекеттеріне есеп бере алды, яғни бұл жерде өзін-өзі реттеу әрекеті де көрініп жатты. Өзін-өзі реттеу әдісі оқушылардың өздері топтық ереже құрып, оны бұзбауға әрекет еткендерінен, белсенділіктерінен, сабақтан жиі қалатын оқушының да мектепке тартылғанынан, «үнсіз» оқушының сөйлегенінен , топтағы өздерінің рөлдерін жауапкершілікпен орындағанынан көрініп жатты. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды.«Қызығушылығын ояту» кезеңінде сұрақтарға жауап беріп, постермен жұмыс барысында оқушылар арасындағы ынтымақтастық қарым –қатынас мен ойлағандай болды. Алға ұмтылушылық, бірінші болып орындау, топпен жұмыстың ережелерінің кей жағдайда сақталмауына әкелді. Қуантарлығы көшбасшы балалардың өз топтарының идеясын, қабылдаған шешімдерін, шығарған шешімдерін басқа топтарға түсіндіру, бірін – бір тыңдау арқылы уақытты ұтымды пайдалана білді. «Мағынаны ажырату» кезеңінде кластер толтыру стратегиясы арқылы мәтін бойынша толық мағлұмат алды. Осы кезеңде оқушылар алған білімді тәжірибеде дұрыс, орынды қолдана білді.
«Ой толғау» кезеңінде оқушылар өз ойларын ортаға салып, тапсырмаларды орындауға кірісті, бірақ барлық оқушылар дерлік жұмыс жасай алмады, өйткені сынып орыс тілді болғандықтан, өз ойларын еркін жеткізіп, талдай алмады. Бұл ретте әр топтың көшбасшылары топтарын тығырықтан алып шығуға тырысты. «Сабақты қорыту» кезеңінде алған білімдерін жинақтау мақсатында Синквейн стратегиясын қолданып, сабқты қорытып, грамматикадан алған білімдерін қолданып, қайталады. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Сабақ соңында «Бағалау» кезеңінде оқуды бағалау үшін бағалау парағын таратып, пайдаландым. Әр топтан оқушы шығып, бағаларын айтты. Бұл әдіс оқушыларға ұнады. Бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен қатар, өзін-өзі бағалаулары үшін де тиімді болмақ. Оқушыларымыз мұғалімнің бағалауына әбден үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды, келесі де жақсы баға алу үшін не істеу керек деген талдау жүргізілмегендіктен, оқушылар үнсіз кете беретін. Ал, жаңаша оқыту әдісінде оқушыларды бағалауға көбірек көңіл бөлуге тырыстым. Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастырдым. Себебі, бала алдымен өзіне-өзі баға беріп үйренуі керек. Сабақ соңында оқушылар өз білімдерін бағалау парақшалары арқылы критериалды бағалады. Бағалау нақты болды.
Қандай кедергілер болды? Әлі де үлгерімі төмен оқушыларға тағы да жеке тапсырмалар беруімді, қадағалауымды талап етеді. Келесі сабақтарымда үлгерімі төмен оқушы лар үшін тапсырмалар жеңілдеу алу керектігін түсіндім.
1997
жылы. 10 желтоқсанда Президент жарлығымен
астана Алматыдан Ақмолаға көшірілді.
1998жылы. 6-мамырда Ақмола Астана деп аталды.
1999жылы Астана Юнесконың шешімі бойынша
әлем қаласы деп аталды.
2008жылы Астанаға 10жыл толды.
2010жылы 1-2 желтоқсанда Саммит өтті.
2011 жылы Астана мен Алматыда қысқы Азияда өтті.
Маған сабақ ұнады. Мен сабақтан көптеген мағлұмат алдым. Мен Астанаға демалыта ата-анаммен қыдырып барамын.
Маған да сабақ өте ұнады. Мен Астанада оқимын.
Мен Астанаға барғанмын, бірақ тағы да барғым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |