Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Спринттік жүгіруді жетілдіру



бет137/193
Дата15.11.2022
өлшемі7,08 Mb.
#158294
түріСабақ
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   193
Байланысты:
9 сынып ҚМЖ
11, 80 1643979304, Әуезхан Н 13 срс, Лабораториялық жұмыс, 5 лекция, =фиброзды альвеолит-emirsaba.org, аза стан Республикасында акушерлік-гинекологиялы к мек к рсету, 251339
Доппен жарысу
Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, жалаушаны айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді.
Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды. Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады.
Ойынның мақсаты-мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.
Кім бірінші
Командада бірінші тұрған ойыншылар бастапқы сызықта тұрып, ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін, қос аяқтап алға қарай секіріп, бастапқы сызықтан 3-4 м. жердегі сызылған шеңбердің ортасына тұра қалып 5 рет отырып-тұрады, одан 3-4 м. жерде тұрған допты баскетбол әдісімен соңғы белгіні айналып, допты орнына қою керек, соңғы 15 метрді тоқтамай жүгіріп өту. Ойын барлық команда мүшелері орындап болғанша жалғасады.
Көп болып жүгіру.
Ойынға екі команда бір уақытта қатысады. Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады. Әр команданың сөре сызығынан 10-15 м қашық жерден айналып кері қайтатын белгі (жалауша) қойылады.
Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп, өз командасына оралады да, өзінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды. Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп, белгіні айналып өтіп, тағы да өз командасына оралады. Бұларға енді үшінші ойыншы қосылады. Сөйтіп, ақыры команданың барлық ойыншылары қол ұстасып бірге жүгіретін болады. Жүгіруді ойын тәртібін бұзбай бірінші болып аяқтаған команда жеңеді.
Ұзындыққа секіру.
Әркоманда ойыншылары неғұрлым алысқа секіруге тырысу керек. Бірінші тұрған ойыншы ұзындыққа секіріп сол ойыншы секірген жерден екінші ойыншы секіреді. Ойын осылай жалғаса береді. Қай топ неғұрлым алысқа секірсе сол топ жеңіске жетеді.


Оқушыларң тұрып қалмай, дұрыс жасауды көрсетеді Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, достарының көмегімен ережелерді көрсетеді.
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет