Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Спринттік жүгіруді жетілдіру



бет136/193
Дата15.11.2022
өлшемі7,08 Mb.
#158294
түріСабақ
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   193
Байланысты:
9 сынып ҚМЖ

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

  1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

  2. Сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Қолайлы орта қалыптастыру. Оқушылар шеңбер құрып, кезекпен әр тілде амандады. Жабдықтау сұрақтары арқылы тақырыпқа шығу. Оқушылар жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын жасайды.

  3. Алаңды айналып жүру.

  4. Жүру жаттығулары: Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру, қол желкеде өкшемен жүру, қолда аяғымызға тигізіп жүру, қол алда жартылай отырып жүру, қол белде толық отырып жүру, қол белде отырып екі жанға секіріп жүру.

  5. Жүгіру жаттығулары: Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру, қол белде аяқты алға лақтырып жүру, қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру, қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру, қол белде жанымызбен жүгіру.

  6. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

  7. Жалпы даму жаттығулары.

  8. Күш-жылдамдықтарын арттыру жаттығулары.

  9. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Ғаламтор материалы

Көңілді әуен қосып қою.





Ортасы

Қимыл-қозғалысты ойындар - ойын түрлерінің бір түрі. Онын негізін—әртүрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері шығармашылықпен құрылған, дәлелді мазмұны, тақырыбы, идеясы бар, ережелері, көбінесе қарапайым ойындар құрайды.
Қимыл-қозғалыс ойындары- балаға дене тәрбиесі пәнінен жүргізген тиімді.Себебі бала қимыл қозғалыс ойындары барысында барлық дене мүшелері қимылдап, дами түседі. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді.Қимыл-қозғалыс ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл-қозғалыс ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым- қатынасын, баланың мінез- құлқын белгілейді. Қимыл-қозғалыс ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де ойын үстінде болады. Қимыл-қозғалыс ойындары баланың барлық жас кезеңінде өтеді.
Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің маңызды бөлігі екені сөзсіз. «Бала ойынмен өседі» демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ойын жігерлілікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Қимыл-қозғалыс ойындары – жасөспірімдердің сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Түрлі ойындар арқылы дамитын балалар, мектепте игі дәстүрді жалғастырып дене шынықтыру пәніне қатысады. Олардың арасында әсіресе эстафеталық ойындарға деген қызығушылық басым. Эстафета – топтық ойын. Яғни, топ құрамындағы әрбір адам түрлі кезеңдерден өтіп, келесі қатысушының алақанына қолын тигізу арқылы кезегін беріп отырады. Жеңіске мәре сызығын бірінші болып аттаған топ жетеді. «Ойнамайтын бала жоқ, ойынға қызықпайтын адам, сауық құрмайтын халық жоқ» демекші оқушылар асқан қызығушылықпен эстафетаға бір адамдай қатысады.
Сабақтың тақырыбы. Қимыл-қозғалыс ойындары
1.Оқушылардың өздеріне таныс эстафеталық ойын түрлерін сұрау. (Толағай;Намыс дода)
Барлық эстафеталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді. Эстафета бастапқы сызықтан басталып, сол жерде аяқталады.,
Оқушы тез,тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.Сонымен қатар ойыншының икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.
2.Сыныпты екі топқа бөлу.
Эстафеталық ойындардың түрлерін таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет