Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Спринттік жүгіруді жетілдіру



бет185/188
Дата19.10.2022
өлшемі7,05 Mb.
#153806
түріСабақ
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188
Байланысты:
9 сынып ҚМЖ 2022

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру. Бағалау критерилерін бірлесіп анықтау. Оқушыларға бір іс – әрекетті орындау алдында міндетті түрде дене мүшелерін қыздыру керек екенің ескертеміз.
Оқушыларға жалпы дамыту жаттығуларын жұппен, бірнеше топпен орындауға болады.

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Оқушылар жұпқа бөлініп, лақтыруға арналған бірнеше бастапқы, көмекші жаттығуларды орындайды.
1. Бастапқы тұрыс аяқтың арасы кең, бір – біріне жанмен тұрады. Оқушы өзінің әріптесіне баскетбол добын денесін бұру арқылы лақтырады. Осы жаттығуды 10 – 20 рет қайталау керек.
2. Бастапқы тұрыс екі оқушы бір – біріне қарама – қарсы тұрады. Бірінші нығыздалған допты (2 кг) оң немесе сол қолмен астынан лақтырады. Лақтыру алдында жартылай отырады. Әріптесі допты екі қолмен ұстап, бір қолмен лақтырып қайтарады.
3. Екі оқушы бір – біріне қарама – қарсы отырады. Бірінші оқушы нығыздалған допты (1 кг) кеуде тұсынан өзінің әріптесіне лақтырады. Оқушылардың ара – қашықтығы дайындық деңгейлеріне байланысты орнатылады.
Тапсырманы орындау барысында қауіпсіздік ережесі ескертіледі.
«Лақтыру және жүгіру». Оқушылар екі командаға бөлінеді. Одан бөлек әр команда екі топқа бөлініп бір – біріне қарама – қарсы тұрады. Сәйкесінше қарама – қарсы тұрған кезде, бірінің артына бірі тұрады. Екі топтың ара – қашықтығы 6 – 8 метр. Бірінші топқа доп беріледі. Белгі бойынша, бірінші тұрған оқушы допты жоғары тұсқа көтеріп, допты лақтыру керек. Доп 3 – 4 метр белгіленген жерге тиіп, қарама – қарсы тұрған команданың ойыншысының қолынан табылу керек. Екінші топтың оқушысы дәл солай қайтарады. Допты лақтырғаннан кейін, оқушы қарама – қарсы жақта орналасқан топтың артына тұрады. Мұғалім оқушылардың дұрыс лақтырғаның қадағалайды. Ережені бұзған командаға айып ұпайы беріледі. Өз орнына бірінші болып жеткен топ жеңіске жетеді. Ойын кезінде доп белгіленген нүктеге жету керек. Екі топтың ара – қашықтығы жас ерекшеліктеріне сәйкес өзгереді. Ойынның ұзақтығы мұғалім анықтайды. Допты белгіленген нүктеге тигізбеген үшін айып ұпайы беріледі. Допты тек бастан асырып лақтыру керек.
Сапқа тұрғызу
Проектор арқылы кіші ағаш аттан секіру тәсілдерінің суреттерін және бейнетаспасын көрсете отырып түсіндіру

Кіші аттан секіру.


1. Кіші атқа ұстанып секіртпеден секіру жат - н жасау.
2. Секіртпеден итеріліп екі аяғын бүгіп кіші аттын үстіне міну

3. Кіші аттан секіріп түсу.

4. Кіші аттан тіреліп секіру.
Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Оқушылар топта қандай жаттығулар секіруге, жүгіруге, лақтыруға арналған туралы денені қыздыру әрекетін жүргізеді. Оқушылар топта жаттығуларды жасау барысында талқылап және бірін-бірі бағалап отырады. Содан кейін мұғалім оқушыларға жаттығулардың кешенін дене дайындығына байланысты құрастырып көрсете алуын қадағалайды. Әр оқушы жаттығулар кешенін өз дене дайындығына байланысты жасайды.
«Қуыспақ» ойыны. Жүргізуші оқушы сыныпқа кешеннен алынған жаттығуды көрсетеді, ол басқа қатысушы оқушыларға тапсырма болады. Әр жүргізуші өзінің кешенді жаттығуын көрсетеді.
Дескрипторлар: ойынның ережесін сақтау, сабақ үрдісіне белсенді қатысу, жоғарғы күрделі тапсырмаларды орындау.



Белгі бойынша топтын бірінші ойыншылары, белгіленген жалаушаға дейін, қапшықпен қосаяқтап секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға қапшықты жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады.



Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»

ҚБ «От шашу»





Баскетбол доптары, фишкалар, бағалау парақтары, секіртпе, шеңбер, қапшық,
гимнастикалық орындықтар,
төсеніш, қағаз доптары, себет, стикерлер.



Сабақтыңсоңы



Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: дене дайындығының жүктемесін орындауда қандай сыртқы белгілер көрінеді? Мұғалім осы сұрақтың жауабын алу үшін кез келген оқушыға волейбол добын лақтырады, оқушы жауапты қайтарған соң, мұғалімге допты қайта лақтырады.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет