Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Спринттік жүгіруді жетілдіру



бет187/188
Дата19.10.2022
өлшемі7,05 Mb.
#153806
түріСабақ
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188
Байланысты:
9 сынып ҚМЖ 2022

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Қозғалыс қабілеті арқылы денсаулықты нығайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.1 - салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсету

Сабақтың мақсаты



Салауатты өмір салтының денсаулыққа әсер етуін түсіну
Дене жаттығуларының сауықтырудағы пайдасын түсіндіру




Дене жаттығуларының сауықтырудағы пайдасын талқылайды және баяндайды
Салауатты өмір салтының өзінің денсаулығына әсер етуін түсінеді

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгелдейді
Сабақтың басында оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін «Миға шабуыл» әдісі бойынша «Салауатты өмір салты» дегенді қалай түсінесің?- деген сұрақ қойылады. Оқушылар жауабын саралай келе оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтаймыз. Одан кейін мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстырады.
Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды
Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды.

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Оқушыларды бір сызықтың бойымен бір-біріне қарама-қарсы екі сапқа тұрғызу Ойыншылар әрбір саптағы – командадағы рет нөмірлері бойынша есептеледі. Топтың көшбасшысы тапсырма береді, мысалы, 2+2, есептің шешімі нөмірі болған ойыншы бағаннан жүгіріп шығады да, белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтіп, сапқа қайта оралады. Жүргізуші өз қалауы бойынша араластырып, әр түрлі тапсырмалар береді. Барынша көп жеңімпаз ұпайларын жинаған команда жеңіске жетеді.
Дескриптор: Оқушылар
-бұл ойында қандай дағдылар дамитытын түсінеді,
-қандай қабілеттер көрінентінін және белсенді өмір салты көңіл күйді жақсартуға қалай жәрдемдесетінін түсінеді
Қалыптастырушы бағалау:
Оқушылар бірін –бірі «Бас бармақ» арқылы бағалайды
Мұғалім оқушылармен бірге топтада ұсынылған кешендердің сауықтыру пайдасын талқылайды

(С, К) «Сөреге!» әдісі. Сынып екі командаға бөлінеді – лақтырушылар және жүгірушілер. Кең алаңда лақтырушылар сөре сызығынан 3-4 м-де, бір-бірінен 6-5 м-де қойылған жалаушалардың бүйірінен сапқа тұрады. Оларға қарама-қарсы, мәре сызығында, бірінші сөре сызығынан 15-20 м-де екі жалауша қойылады. Жүгірушілер екінші сөре сызығында сапқа тұрады. Жалаушалар арасындағы сөре сызығында – екі шағын доп. лақтырушылар мен жүгірушілер «Марш!» командасы бойынша бір уақытта алға жүгіріп шығады. Лақтыру және жүгіру екі 10-15 м дәліз бойынша орындалады. Лақтырғаннан кейін лақтырушылар мәре сызығындағы жалаушадан айналып өтуі тиіс, керісінше жағдайда олар ұсталған болып есептеледі.


«Сөреге!» командасы бойынша екі лақтырушы (ретімен) өз доптарын алып, лақтыру үшін бастапқы күйге тұрады. Бір уақытта екі жүгіруші жоғарғы (немесе төменгі) сөре қалпын алады. «Назар аудар!» командасы бойынша лақтырушылар допты лақтырады, ал одан кейінгі «Марш!» командасы бойынша жүгірушілер алға қарай ұмтылады. Лақтырушылар мәре сызығына дейін жүгіреді, әрбір жалаушаны айналып өтіп, кері қайтады. Жүгірушілер лақтырушылардың доптарын теріп алып, оларға тигізу үшін лақтырады. Тигізгені үшін жүгірушілер командасы бір ұпай алады. Доптар қайта жалаушалардың арасына қойылады және кезекті екі лақтырушы мен екі жүгіруші шығады. Осылай барлық лақтырушылар лақтыру мен жүгіру орындағанға дейін жалғасады (әр ретте жүгірушілер командасы алған ұпайлар саналады). Содан кейін командалар рөлдерімен ауысады. Көбірек ұпай жинаған команда жеңеді.
Дескриптор: Оқушылар
- бұл ойында белсенділік және ептілік дағдылар дамитытын түсінеді
-жылдамдық қабілеттер көрінентінін және белсенді өмір салты көңіл күйді жақсартуға қалай жәрдемдесетінін түсінеді.
ҚБ. Оқушылар бірін –бірі «Бағдаршам» арқылы бағалайды
Оқушылар шағын топтарда ширату жаттығуларының кешенін және белгілі бір бұлшық еттер топтары үшін қалпына келтіруге арналған жаттығуларды пысықтайды. Мысалы, орнынан тұрып ұзындыққа секіргеннен кейін қалпына келу жаттығуы мен ширату жаттығуын әзірлеу.
Оқушыларға кешендерді әзірлеу кезінде интернет ресурстарын пайдалануға, жаттуғылар кешенін құру кезінде оларға әдістемелік қолдау көрсетуге рұқсат беріледі. Топтада ұсынылған кешендердің сауықтыру пайдасын талқылайды.
Талқылауға арналған сұрақ: Бұл ойында жылдамдық тәрізді физикалық қасиеттер қалай дамитынын айта аласыздар ма?

Техника қауіпсіздігін сақтайды.
Саптық жттығуларды біледі
-Бөліну әдістері кезінде қателіктер жібереді..
-Сапта жаттығуды толық жасай алмайды
-Оқушылар қауіпсіздікті сақтайды. -Сапта ара-қашықтық сақтамайды
-Жаттығу барысында қателіктер жібереді.

.


Әр бір жаттығуды төрт рет солға,төрт рет оңға қарай үш рет тен қайталау қажет.

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»


ҚБ «От шашу»



Жүгіруге арналған жол және кең таза кеңістік.
Фишкалар конустар,мұғалімге ысқырық, бор, секундомер
Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар.



Сабақтыңсоңы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет