Басы
|
О қушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу, рапорт беру.
Қолайлы орта тұғызу. Оқушылар сапта тұрып, бастаушыдан бастап кезек-кезек бір-бірімен амандасады. Сабақтың мақсатына шығу. Осында оқушылар үш топқа бөлініп пазл құрастырады, шыққан пазл арқылы сабақтың тақырыбына шығады. Сап қайта құрастырылып саптық жаттығулар басталады: бір орында: оңға, солға, кері бұрылу.
Жүгіру: спортзалында орташа жылдамдықпен 2 минут жүгіруі арқылы басталады. Болған соң, қалпына келтіру жаттығулары басталады.
Оқушылар жұппен тұрып жаттығуларды орындайды:
қарсыластын тізесіне тигізу;
бір-бірінің аяғын басып үлгеру;
Шабуылшы кедергі арқылы келесі ойыншыға қолмен тигізу;
Содан кейін оқушылар екі қатар құрып, арнайы баскетболға тән спецификалық жаттығуларды орындайды:
Орында тұрып білекті және аяқты айналдырады, ысқырық бойынша доппен басты және белді айналдырып, ортаға дейін допты жүргізеді;
Қолды иыққа қойып, иықты алға, артқа айналдыру; ысқырық бойынша допты қолға ұстап, аяқтын арасынан өткізіп, допты кеудеден беру;
Оң қол жоғары көтеріп, сермеу жаттығуларын орындау, допты иықтан беру;
Белді оң жаққа, сол жаққа айналдыру, допты арқада мойын деңгейінде қойып, лақтырып ұстап алу;
Қол кеуде деңгейіне қойып, сермеу жаттығуларын орындап ортаға дейін допты жүргізеді;
Бір-бірін алақанмен итеріп допты жүргізу;
Бір-бірін қолдан ұстап, тартып допты жүргізу;
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Тренинг жазылған парақшалар
|