Байланысатын алғашқы кесіндіні көрсетіңіз. Жүйе берілген объектінің полилиния еместігін айқындайды да, келесі сұранысты ұсынады:
Таңдалған объект – полилиния емес. Оны полилиния ету керек пе? <Д>:
пернесін басамыз немесе Д (Y) енгіземіз, сонда таңдалған кесінді бір сегменттен полилинияға өзгереді және басқа да кесінділерді жалғауға дайын болады. Әрі қарай келесі сұраныс беріледі:
Опцияны беріңіз /Задайте опцию:
[Замкнуть/Добавить/Ширина/Вершина/СГладить/СПлайн/Убрать сглаживание /Типлин/ Отменить]:
(Enter an option [Close/Join/Widfh/Edit vertex/Fit/Spline/Decurve/ Llype gen/Undo]:)
Егер кесінді жалғау керек болса, Д (J) енгіземіз. Келесі сұраныс циклді қайталанады:
Объекттерді таңдаңыз/Выберите объекты:
(Select objects:)
Кесінділерді көрсетеміз де, пернесі арқылы объектілерді таңдауды аяқтаймыз.Жүйе полилинияға сегменттерді қосады да, келесідей мәлімет береді:
Полилинияға 3 сегмент жалғанды. (3 segments added to polyline)
Әрі қарай жүйе сұранысты қайталайды.
Опцияны беріңіз / Задайте опцию
[Замкнуть/Добавить/Ширина/Вершина/СГладить/СПлайн/Убрать сглаживние/Типлин/Отменить]: (Enter an option [Close/Join/Width/Edit vertex/Fit/Spline/Decnrve/Ely ре gen/Undo]:), оған жауап ретінде пернесін басу арқылы, ПОЛРЕД (PEDIT) командасын аяқтаймыз..
Төртбұрыштар
Төртбұрыштарды сызу Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасы арқылы орындалады. Команданы пернетақтадан енгізуге, немесе Рисование (Draw) панеліндегі Прямоуг (Rectang) басқышы көмегімен немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі Прямоугольник (Rectangle) пункті арқылы шақыруға болады..
- Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасының басқышы
Команданың алғашқы сұранысы:
Бірінші бұрыш немесе [Фаска/Уровень/Сопряжение/Высота/Ширина]:
(Specify first comer point or [Chamfer/Elevation/Fillet/Thickness/Width]:)
Егер нүкте енгізсек, ол төртбұрыштың алғашқы бұрышы болады, келесі нүкте сұраныс бойынша бұл бұрышқа қарама-қарсы орналасады. Енгізілген алғашқы екі нүкте арқылы төрбұрыштың диагоналі жүргізіледі.
Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасы сұраныстарының мүмкін болатын опциялары:
Фаска (Chamfer) — төртбұрыштың әрбір бұрышынан алынатын фасканың ұзындықтарын беру;
Қосу/Сопряжение (Fillet) — төртбұрыштардың бұрыштарын қосу арқылы радиусын беру;
Деңгей/Уровень (Elevation) — үшөлшемді кеңістік бойынша төртбұрышты салу үшін деңгейді енгізу. (см. гл. 9),
Биіктік/Высота (Thickness) — Үшөлшемді кеңістікте төртбұрышты құрастыру үшін биіктікті енгізу; (см. гл. 9);
Ені/Ширина (Width) — Төртбұрыштың сызықтарының енін беру;.
Жұмыс кезінде Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасына келесідей опцияларды беруге болады, мысалы:
Ағымдағы режимдер: Фаска= 15.0000 х 10.0000 Деңгей =100.0000 Биіктік =45.0000
(Current rectangle modes: Chamfer = 15.0000 x 10.0000 Elevation=100.0000 Thickness=45.0000)
немесе ағымдағы режимдер: беттестіру=22.0000
(Current rectangle modes: Fillet=22.0000)