Сабақтың тақырыбы: "Қазақ халқы қонақжай"


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары



бет3/3
Дата22.03.2017
өлшемі0,7 Mb.
#12093
түріСабақ
1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан қалалары туралы танымдық білімін арттыра отырып әңгімелей білуге үйрету.

Тәрбиелік: Отанды сүюге,тіл мәдениетіне, сұлулыққа, сезімталдыққа, имандылыққа, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіруге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Әңгімелей білуге , ойын жеткізуге, мәнерлеп өлең оқу, сөздік қорын, тілін дамыту.

Сабақтың типі: панорамалық, саяхат сабақ

Сабақтың түрі: Білім беру, жинақтау, топтастыру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,саяхат, әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, ой туғызу

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, бейнетаспа, слайд,тірек сызбалар, дидактикалық материалдар, фото суреттер, карталар, кестелер

Сабақтың байланысы: Геграфия, статистика, әдебиет

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Өткен сабаққа тұжырымдама жасау.
Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы. Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.

Қазіргі Алматы қаласынының орнында Б.з.д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Алматы Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қала болды.

1854 жылы қаланың аумағына Ресей империясы Верный әскери қамалын салды.

1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы Алматинск болып өзгертілді. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп, Верный қаласы болып өзгертілді.

1921ж. 5 ақпанында қаланың атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды

1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады.

Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.

1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.



Қызылорда 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болды.

Қызылорда қаласы Қазақстанның оңтүстігінде жатқан облыстарының бірі. Бұл қала Қызылорда облысының орталығы. Орта Азиядағы ең ірі өзендердің бірі Сырдария мен Арал теңізі осы облыстың аумағына кіреді.

Қызылорда қаласының негізі 1820 жылы Қоқан хандығынының бекінісі ретінде салынды. Оның алғашқы атауы Ақмешіт болды.

Ақмешіт бекінісі 1853 жылы орыс әскерінің генералы В.А.Перовскийдің басшылық етуімен алынды. Осының негізінде Перовский қаласы деп аталды.

1920 жылы Ақмешіт аты қайта берілді.

1925 жылы Қызылорда болып ауыстырылды. Ал 1925-1929 жылдары Қазақстан автономиялы республикасының орталығы болды. Ал 1938 жылы 15-қаңтарда Қызылорда облысы құрылып, орталығы Қызылорда қаласы болды.



Қарағанды облысы 428 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Бұл республикадағы ең үлкен аймақ. Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Жерінің аумағы 428,0 мың км². Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы-Қарағанды қаласы.

Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының сотүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз-Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанбай өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдалада сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары-гранитті тау массивтері көптеп кездеседі

Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия , химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған , облыс экономикасының ірі орталығы.

Семипала́тинск (каз. Семей) — город в Восточно-Казахстанской области, расположенный по обоим берегам реки Иртыш. Население 330 338[2] человек. Непосредственно город Семипалатинск без подчинённых ему сельских округов занимает территорию площадью 210 км².

Семипалатинская крепость была основана в 1718 году, статус города был присвоен в 1782 году. До мая 1997 года, когда в Казахстане была проведена реформа административно-территориального деления, в результате которой были укрупнены (объединены) некоторые области, был центром ныне упраздненной Семипалатинской области, территория которой ныне входит в состав Восточно-Казахстанской области. Является крупным железнодорожным узлом, расположенным на Турксибской железнодорожной магистрали и связывающим Россию с южным и восточным регионами Казахстана. Имеется аэропорт и речной порт.


В июне 2007 года Указом президента Казахстана город Семипалатинск был переименован в Семей.[4]
Шығыс Қазақстан (Семей) облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан.Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.

Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.

Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған.Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -450 – қа, жазда +450 –қа дейін жетеді.

Қала халқы 300 мың адамнан астам. Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.

Семей қаласының ресми негізі қаланған жылы 1718 жыл, ол І Петрдің шығыс аймақтағы жерлерді қорғау туралы әйгілі жарлығына және Ертіс өңірі бекіністерінің салына бастауына байланысты, бұлардың құрылысы 1714 жылдан 1720 жылдарға дейін созылды. Бірақ та бірқатар ғалымдардың тұжырымы бойынша Семей тарихы ғасырлар қойнауларына тереңдеп, 1000 жылдан астам уақытты қамтиды.

1854 жылғы 1 қазанда Семей облысының салтанатты ашылуы болды.

1917 жылы қазақ зиялыларының көшбасылары бостандық туын көтеріп, «Алашорда» үкіметін құрды.1917 жылдың маусым айынан бастап Семей қаласында «Сарыарқа» апталығы шығып тұрды, ол бағыты жағынан «Айқап» журналына жақын болды.

Семей – республикамыздың мәдени, тарихи орталықтарының бірі. Мұнда Абайдың және Ф. М. Достоевскийдің мұражайлары, Қазақстанның байырғы өлкетану мұражайы бар.



Алғашқы шығарылған қазақ газеттерінің тарихы.
Қазақ баспасөзі XIX- ғасырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде пайда болды. Оның даму тарихы әлі толық зерттеліп, бір жүйеге келтірілген жоқ.

Бұл саладағы ең алғашқы сөз, бізге белгілі дерек бойынша 1925 жылы айтылған екен. Осы жылы жазғы тұрым Ташкентте «Ақжол» газетінің ұйымдастырумен жалпы қазақстандық баспасөз тілшілерінің съезі өткізілген.

Қазақ баспасөзінің бағыт-бағдарына алғаш баға бергендердің бірі жазушы-академик С. Мұқанов.

Қазақстан жерінде шыққан газет-журналдардың басым көпшілігі орыс тілінде басылғанымен қазақ тіліндегілер де аз болған жоқ

Патшалық Россиялыќ қол астындагы ұлттар тіліндегі шыққан газет-журналдарда басылған мақалалардың түгелге жуығы библиографияға түсірілмегенін ескерсек, қазақ тіліндегі библиография тіпті болмаған. Бұл жұмыс тек кейінгі кезде ғана қолға алынып, қазақ халқының мәдени өмірін, тарихи даму жолындағы өзгерістерді талдап, зерттеуде жұмыстар атқарылып, түрлі энциклопедиялар мен библиографиялармен жинақтар шығарылды .

Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде елеулі қателіктер, үлкен кемшіліктер болды.

Кейінгі жылдары қазақ баспасөзін зерттеудегі қателіктерді түзеу жөнінде бірқатар жұмыстар істелді. Б. Кенжебаев өзінің алғашқы кітабын түзетіп, 1956 жылы «Қазақ баспасөзі тарихынан» деген атпен қайта бастырып шығарды. Осы кітаптың авторы да бұрынғы жіберілген қателіктерін ескере отырып , қазақ баспасөзі тарихына байланысты бірқатар мақала жариялады, осыған орай басқа авторлардың да мақала, кітапшалары жарық көрді.

Ұлы орыс халқының озат мәдениеті қазақ мәдениетінің өркендеуіне игі әсерін тигізді, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты демократ-ағартушылар шықты, олардың ізінше ұлт интелегенциясы қалыптаса бастады. Орысша және қазақ тілінде оқытатын мектептер ашылды. 1862 –1900 жылдар арсында қазақ тілінде 70 шамалы кітап басылып шығып, қазақтың жазба әдебиеті мен мерзімді баспасөзі пайда болды.

Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомоствалармен « қатар қазақ тіліне аударылып Орынборда «Торғай газеті», Омбыда «Дала уалаяты», «Ауыл шаруашылық листогі» сияқты газеттер шығып тұрды. Ташкентте қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды.

Әсіресе, әуел баста аударма болса да, бірте-бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаяты» (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихынан алғашқы беташары болып табылады



Түркстан уәләятының газеті
Қазақ тіліндегі алғашқы газет Түркстан генерал-губернаторының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылы жарық көрді. Газеттің алғашқы нөмірі "Түркстан уәләятының газеті" деген атпен "Туркестанские ведомости" газетіне қосымша ретінде 1870 жылдың 28 апрелінде шықты Газет редакторы он жылдан астам уақыт бойы генерал-губернатордың тілмашы Ш.М. Ибрагимов болды.

Дала уәләятының газеті (1888-1902)

Қазақ тіліндегі екінші газет алғашқы газет жабылғаннан кейін 5 жыл өткен соң, 1888 жылдың 1 январынан бастап жаңадан құрылған. Дала генерел-губернаторының органы ретінде оның әкімшілік орталығы —Омбы қаласында шыға бастады. Газет алғашқысында Ақмола облыстық ведомостыларына жалғама ретінде (орысша "Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям" деген атпен), кейін 1894 жылдан бастап Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының недомстларына жалғама ретінде "Дала уәләятының газеті" деген атпен (орысшасы — "Киргизская степная газета") жұмасына бір рет өз алдына болек шығып тұрған.

Бұл газет шығарудағы патша үкіметінің алдына қойған мақсаты генерал-губернатор Таубенің 1893 жылгы II декабрнде бекітіп берген газет бағдарламасына көрсетіледі. Ол бағдарлама бойынша газет "жоғарғы ұлықтардың қазақ даласына қатысты бұйрық-жарлықтарымен қазақтарды та-ныстырып тұруға, сондай-ақ, олардың арасына елдің табиғаты, тұрмысы, шаруашылық жайы (мал шаруашылығы, егіншілік, айырбас сауда т.б.) және мәдени өмірі (әдет-ғұрып, өсиет, ертек, еңгіме, халықты сауаттандыру т.б.) туралы хабарларды таратуға" тиісті болды.

Одағай

Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен. [1]


Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейді.
Одағайлар — өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар:

Одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді. Мысалы: Мұны бастап жүрген кім екен, ә? (Ә. Әбішев); Япырмау,жастық деген қандай қызық? (Ғ. Сланов) дегендердердегі ә, япырмау сөздер — одағайлар.

Адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып келеді.

Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыспайды, олай болса, өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды.

[өңдеу]

Одағайлардың түрлері



Негізгі одағайлар

Негізігі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды

[өңдеу]

Туынды одағайлар

Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға ... сияқтағандар жатады.

Ишарат одағайлар

Бұйрық, сұрау мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда). Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б.Майлин).



Жекіру одағайлары

Адамға арнайы айтылатын одағайлар.

Көрсету я нұсқау сөздері (кәні, міне, әні )

Ұсыну сөздері (мә, айда)

Тыю сөздері (жәй, тәй, тек, тәйт)

Жануарға арнап айтылатын одағайлар


Бұл топқа төрт түлік мал, ит, мысық сияқтанған үй айуандарын жемге шақыру, айдау, үркіту т. б. мақсатымен қолданылған сөздер мен тіркестер жатады. Мысалы:

түйеге: көс, көс! сорап, сорап!'қош-қош!"

қой мен ешкіге: пфша (пішә), құрау-құрау! шәйт! шек! шеге, шеге!

жылқыға: моһ, моһ! тәк, тәк! құрау, құрау! құр, құр!

ит пен мысыққа: кә, кәһ! күшім, күшім! мышы-мышы! пырс!

Шақыру одағайлары

Таңдайды тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға қиын болатын одағайлар да бар. Бұларды, әдетте, шақыру одағайлары дейміз, бірақ олар тек шақыру ғана емес, жекіру, ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды білдіреді.



Көңіл-күй одағайлары

Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар:

а) жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.);

ә) жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай- бай! т. б.);

б) әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретіндер (Пай-пай, шіркін, Алатау! Пай-пай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді.

Императивтік одағайлар

Адам не айуанға бағышталып, шақыру, жекіру, бұйыру мақсатымен айтылған одағайлар. Бұлар бағышталып отырған объектілерге қарай ішінара екі топқа бөлінеді:

а) адамға бағышталып айтылған одағайлар. Бұған бұйыру, жекіру, тиым салу т. б. мақсатында жұмсалған (Жә! Тәйт! Сап-сап! Әуһ! Әлди-әлди! Әйда!) сөздері жатады.

Тұрмыс-салт одағайлары.

Бұл топқа өмірде жиі қолданылатын, адамдардың амандасу, қоштасу т. б. сыйластық белгісі ретінде жумсалатын Хош! Рахмет! Ассалаумағапайкүм! Хайыр! құп! Ләббай! Кеш жарық! т. б. одағайлар жатады.

Одағайлар мағына құбылмалылығына байланысты бір мағыналы (Алақай! Қап! Әттең! т. б.) және көп мағыналы (Ә! Пәлі! Пай-пай! т. б) болып екіге бөлінеді. Одағайлар — эмоционалдық-интонационалдық әуезділік, ырғақ құбылмалылығына өте бай категория. Одағайлар - негізінен, түрленбейтін, қосымашаларды кеп қабылдай бермейтін сөздер. О-лар арасында жеке-дара күйінде ғана айтылатындар да, қосар күйінде қолданылатындар да бар. Құрамы жағынан алып қарағанда түбір (Ә! О! Қап! Ой! т. б.) және туынды (Мәссаған! Апырым-ай! Бәрекелді! Әттеген! т. б.) түрлері кездеседі. Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем қызметін атқарады. Одағайлар сөйлем ішінде, әсіресе, диалогты сөйлемдерде етістіктермен тіркеседі де белгілі бір сөйлем мүшелерінің құрамына енеді. Одағайлар кейде етістіктермен тіркесіп фразеологиялық тіркестердің жасалуына себеп болады (Ай-шай демей, аһ үрды, шу дегеннен, әу деді т. б.).


Шылау (Көмекші сөздер)

(Служебные слова)

Шылау (служебные слова) – это категория слов, которые не обладают самостоятельным лексическим значением и синтаксической функцией в предложении. Они лишь уточняют грамматическое значение и дополняют смысловые оттенки отдельных слов.

В казахском языке шылау можно разделить на группы:



Септеулік шылаулар (Послелоги)–соответствуют русским предлогам, обычно стоят после знаменательных слов:

Септеулік шылаулар(Послелоги) Аудармасы (Рус.эквивалент служ.слов) Мысалдар(Примеры)

Үшін для, ради, за Оқыту үшін (для обучения), сен үшін (ради тебя)

Кейін, соң после Жұмыстан кейін (после работы), жиналыстан соң (после собрания)

Қарай к Кешке қарай (к вечеру)

Бері со, с Мектептен бері (со школы), ертеден бері (с утра)

Шейін, дейін до Түске шейін (до обеда), келесіге дейін (до следующего)

Туралы, жайында о, об Еңбек туралы (о труде), білім туралы (об образовании)

Бойынша, арқылы по, через Заң бойынша (по закону), сот арқылы (через суд)

Басқа кроме Мұнан басқа (кроме этого)


Жалғаулық шылаулар (Союзы)– служат для соединения однородных членов предложения и предложений. Существует несколько видов союзов:

Жалғаулық шылаулар(Союзы) Аудармасы (Рус.эквивалент служ.слов) Мысалдар(Примеры)

Ыңғайластық (Соединительные)мен/бен/пен, да/де, та/те, және

и, да Қыс түсті де, күн суыта бастады. (Наступила зима, да похолодало)

Қарсылықты (Противительные)алайда, дегенмен, әйтсе де, сөйтсе де а, но , да, хотя Мен қонаққа барар едім, бірақ уақытым жоқ. (Я бы пошел в гости, но нет времени)

Талғаулықты (разделительные)әлде, кейде, бірде, я, яки, болмаса, біресе либо, или же, иногда, или Әлдекеледі, әлде келмейді (Либо придет, либо нет)

Себепті (Причинные) себебі, өйткені потому что, так как Мен жұмысқа бармадым, өйткені балам ауырып қалды (Я не пошел на работу, потому что ребенок заболел)

Салдарлық (Следственные)сол себепті, сол үшін поэтому Бүгін жаңбыр жауады, сондықтан қолшатырымды алдым (Сегодня будет дождь, поэтому взял зонт)

Шарттық (Условные)егер, онда если, тогда Егерқұрбым келсе, онда біз киноға барамыз (Если придет подруга, тогда мы пойдем в кино)

Демеулік шылаулар (Частицы)–придают различные эмоционально-экспрессивные оттенки и дополнительные смысловые значения отдельным словам и предложениям. Частицы делятся на 4 вида :

Күшейткіш-шектік (Усилительно-ограничительные)ғана/қана, әсіресе, тек, қой/ғой, ақ/ау только, лишь, особенно, же Ол өзіне ғана сенімді (Он уверен только в себе).

Сұраулық (Вопросительные)ма,ме, ба, бе, па ,пе, ше ли, а Ол қазақ тілін біле ме екен? (Знает ли он казахский язык?)

Күдіктік (Сомнительные)

мыс/міс якобы, как будто, бы Сабақты оқыпты-мыс (Он якобы учил уроки)



Болымсыздық (Отрицательные)түгіл, тұрмақ, жоқ, емес не только, но, нет, не Сен түгіл, маған да орын жоқ (Не только тебе, но и мне нет места)

Сабақтың тақырыбы: Баспасөз-өмір айнасы

Сабақтың мақсаттары: а)білімділік – тақырып бойынша толық

мағлұматалу; тақырыпты меңгеру

ә) дамытушылық: ұжымда жұмысжасай білу;

қорытындыжасайбілу:сөйлеу тілдерін жетілдіру

б) тәрбиелік : елтану,мәдениет танымдылық құзыреттілігін дамыту.

Әдістемелік жабдықтау :мерзімдік басылымдар көрмесі

оқу-әдістемелік тірек кестелері

мәтіндер,қызықты грамматика

Сабақтың түрі :жаңа сабақ

Сабақтың типі :дамыта оқыту

Сабақтың барысы :

I.Ұйымдастыру кезеңі : 1)Амандасу. Түгендеу.

Сабақтың мақсатын қою

II.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру, бағалау:

-оқушылардың жауабы және үлестірмелі кәртішкелермен жұмыс

-білімдерін бағалау.

-үй тапсырмасын қорытындылау.

III.Ой қозғау.Сұрақ-жауап

Бүгінгі сабығымыздың тақырыбы “Баспасөз-өмір айнасы”

IVМағынаны ажырату.

Тақтадағы мына жаңа сөздерге назар аударыңдар.

- сөздікпен жұмыс.

ақпарат көздері–источник информации

мерзімдік басылым–периодическое издание

бұқаралық ақпарат көздері– средства массовой инфоррмации (СМИ)

мақала–статья

айдар–рубрика

мәлімет–сообщения, сведение

баспахана–издательство

тілшісі–корреспондент

жергілікті–местный

пресса–баспасөз

- аңа сабақты бекіту:

Берілген сөздердің орысша баламасын тауып көрсетіңдер

баспасөз–местный

оқиға–интересный

мәлімет–подросток

жергілікті–периодика

жасөспірім–массовый

сүйікті–событие

қызықты–сведение

Мәтінмен жұмыс:

1.Мұғалімнің оқуы

2.Оқушылардың оқып, аударуы

3.Сұрақ-жауап жұмысы:

Мәтінді абзац бойынша оқып,сұрақ құраңдар

1-абзац. 1.Мерзімдік басылымдар қалай аталады?

2.Оларға не жатады?

2-абзац. 1. Газет-журналдардан не білеміз?

2. Газет-журналда не туралы басылады?

3-абзац. 1. Газет-журналдардың саны қанша?

2. Газет-журналдардың қандай түрі шығады?

4-абзац. Ұнатып оқитын газет-журналдарың бар ма?

4. Пікірлесу: Сұрақтарға жауап беріңдер
V Ұжымдық жұмыс:Деңгейлік тақырып

1.Отбасың қандай мерзімділік басылымға жазылады?

2.Өзің тұратын өңірде қандай жергілікті басылым шығады? Оқып тұрасың ба?

3.Сенің сүйікті газет-журналдарың қандай?

4.Қандай айдарды ұнатып оқисың?

5.Газет-журнал беттеріне мақала,әңгіме ертегі,өлең,сөзжұмбақ жіберіп көрдің бе?

6.Газет-журналда істейтін адамды кім деп атайды?

7.Қазақстанда ең танымал қандай газет деп ойлайсың?

Төменде берілген сөздердің қазақша баламасын тауып, сөйлем құрасытрыңдар:

Пресса–пресс-релиз,журналист,пресс-конференция

Тапсырма

Мәтінді пайдалана отырып, дұрыс-бұрысын анықтаңдар.

1.Мерзімдік басылымдарға газет-журналдар,

Жарнама жатады.

2.Газеттен көп мағлұмат, ақпарат аламыз.

3.Газеттерде ауа райы жайында мәлімет берілмейді.

4.Газеттердің орталық, жергілікті, мемлекеттік,

жекеменшік,т.б. түрлері бар.

5.Бұл күнде елімізде 1500-ден астам газет журнал

шығады.

6. Газет-журнал оқу міндетті емес. дұрыс бұрыс

Тақтадағы құрмалас сөйлемдерге назар аударыңдар.

Жоғалған жалғауды іздеп табыңдар.

1.Мен газет беттерінен мақал-мәтелдер іздеп едім,… ештеңе таба алмадым.

2.Бұрын адамдар хат-хабарды бірнеше айлап жеткізген,… қазір интернет арқылы

санаулы уақыт ішінде байланыса аласыз.

3.Мен келесі ойда міндетті түрде газетке жазыламын немесе ұнатып оқитын бір

журналға жазыламын.

4.Мына кестені толтырыңдар.

Жергілікті басылым Облыстық басылым Республикалық басылым

VI.Ой толғанысы.

Төмендегі қағиданы оқып,өз пікірлеріңді айтыңдар.

Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар.Біріншісі:газет-халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші:газет-жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші: газет-халыққа білім таратушы: төртінші:газет-халықтың жақтаушысы.

VIIҮйге тапсырма: 1.”Баспасөз–өмір айнасы”мазмұндау

2.Жарнама әзірлеп келіңдер.

Сабақтың тақырыбы: Балалар газет-журналдары
Сабақтың мақсаттары: а)білімділік: тақырып бойынша толық

мағлұматалу; тақырыпты меңгеру

ә) дамытушылық: ұжымда жұмысжасай білу;

қорытындыжасайбілу:сөйлеу тілдерін жетілдіру

б) тәрбиелік : елтану,мәдениет танымдылық құзыреттілігін дамыту.

Әдістемелік жабдықтау :мерзімдік басылымдар көрмесі

оқу-әдістемелік тірек кестелері

мәтіндер,қызықты грамматика

Сабақтың түрі :жаңа сабақ

Сабақтың типі :дамыта оқыту

Сабақтың барысы :

I.Ұйымдастыру кезеңі : 1)Амандасу. Түгендеу.

Сабақтың мақсатын қою

II.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру, бағалау:

-оқушылардың жауабы және үлестірмелі кәртішкелермен жұмыс

-білімдерін бағалау.

-үй тапсырмасын қорытындылау.

III.Ой қозғау.Сұрақ-жауап

IV.Мағынаны ажырату.ББҮ- стратегиясы.

Білемін Білгім келеді Үйрендім

1.Тақтадағы мына жаңа сөздерге назар аударыңдар.

- сөздікпен жұмыс.

2.Мәтінмен жұмыс

Балалар газет-журналдары


Біздің қазақ балалар әдебиетінде, оқулықтарды қоспағанда, соңғы жылдарға дейін балалардың көркем әдебиеті ғана дамып келді. Ыбырай Алтынсариннен бастау алатын бұл жазба әдебиетке Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин сынды әдебиет алыптары.Елдің ең басты болашағын ойлау деген сондай-ақ болар. Балаларға арнап әдейі көркем дүние жазбағанымен, үлкен дүниелерінен үзінді болса да, бірді-екілі шығармалар ақын-жазушылардың қай-қайсысынан да табылады. Ал балалардың көркем әдебиеті Сапарғали Бегалин мен Өтебай Тұрманжанов, Сейітжан Омаров сынды ақсақалдарымыздан басталады. Ізін басып, бұл салада қатарласа еңбек еткен Мұзафар Әлімбаев, Бердібек Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаев, Әнуарбек Дүйсенбиев, Мүбарак Жаманбалиновсияқты тағы басқа ақын-жазушылар қазақ балалар әдебиетін жаңа биікке көтерді.

Балалар өздеріне арналған газет-журналдарды, кітаптарды ерекше бағалайды. Онда жазылған шығармалардың шындығына сенеді. Газет-журналдар да, кітаптар да ешқашан қателеспейді, жазуларында ешқандай қате болмайды деп ойлайды. Сондықтан балалардың газет-журналдарға, кітаптарға деген сенімдеріне қылаудай кір түсірмеу – парыз.


V. Грамматика.қайталау (Фонетика.Үндестік заңы)

1.Фонетикаық талдау жасаңыз.

I- арнап


II- елдің

III- басты

2.Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз.

3.Ықпал түрін ажыратыңыз.


VI.Ой толғанысы.Газет-журналдардың балалар үшін пйдасы неде?

Ойларымен бөлісу

VII.шығу парағы:

1.Н е істедік?

2.Нені үйрендік?

3.Сұрақтарың бар ма?

VIII.Бағалау.

IX.Үйге тапсырма: 1.Мәтінді мазмұндау

2.Сөздерді жаттау

3. Фонетика. қайталау



Сабақтың тақырыбы: Ақан Сері. 10 сынып

Сабақ мақсаты:

1. Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, деңгейлік тапсырма арқылы оқушыларға жан-жақты білім беру.

2. Сөйлеу, материалды қабылдау қабілеттерін дамыту.

3. Өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



Көрнекілік: портрет, ребус, магнитофон, кассета, кластер.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме? Бүгін сабақтың мақсатымыз мына жоспарды орындау.



Жоспар:

1. Тірек сөздерді табу.

2. Кластерді толтыру.

3. Кластер арқылы сөз тіркестрін, хабарлы, сұраулы сөйлем құрастыру.

4. Жаңа сөздермен жұмыс.

5. Мәтінді оқу,еркін аудару

6. Ребусты шешу.

7. Ребустың тапрсымасын орындау.

8.Үй тапсырмасын жазып алу.

9. Бағалау

10. Сабақты бекіту.

ІІ.Жаңа сабақ:

-Балалар, бүгін сабақта бір өнерлі, дарынды адаммен танысамыз. Онымен танысу үшін бізге негізгі тірек сөздер керек, сол сөздерді табу үшін мына сұрақтарға жауап беру керек.

-Ән айтатын адамды қалай атайды? (әнші)

-Өлең жазып шығаратын адамды қалай атайды? (ақын)

-Музыка жазатын адам? (композитор)

-Осымен, біздің негізгі тірек сөздеріміз табылды: ақын, әнші, композитор. Біздің дарынды адамымыз әрі ақын, әнші, әрі композитор болған. Осы сөздер арқылы кластер толтырайық.



І топ: Ол қандай адам болды деп ойлайсыңдар?

(дарынды, атақты, тәрбиелі, қызық, әйгілі т.б)



ІІ топ: -Ол ақын, әнші, композитор болса, не істеген деп ойлайсыңдар?

(өлең жазды,ән айтты, ән шырқады, музыка жазды т.б.)



ІІІ топ: -Қанша өлең, ән, музыка шығарды деп ойлайсыңдар?

(мол, көптеген, сансыз, шексіз, бірсыпыра т.б.)



Мына кластерді толытырыңдар.
Ақан Сері

ақын әнші композитор

әйгілі дарынды ұлы

ән атты өлең жазды музыка шығарды

көп мол сансыз шексіз бірсыпыра

-Кластер арқылы сөз тіркесін, хабарлы, сұраулы сөйлем құрастырыңдар.



ІІІ деңгей: Ітоп. Сөз тіркесін құрастырыңдар

ІІ деңгей: ІІ топ. Хабарлы сөйлем құрастырыңдар

І деңгей: ІІІ топ. Сұраулы сөйлем құрастырыңдар.

-Осындай сырлы әні мен өткір сөзін сүйген халық оны «Сері» деп атаған.Ол кім деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс, бүгін Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығымен танысамыз.

-Мәтінді түсіну үшін жаңа сөздермен танысайық.



Жаңа сөздер:

жүйрік-быстроходный

сүйген қызы-любимая девушка

үйлене алмады-не мог женится

соққы-удар

басқаға ұзатты-выдали за другого

құмар болды-любил

-Осы сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

-Мәтін оқып,еркін аударыңдар.

Ақан Сері (Ақжігіт Қорамсаұлы)

( 1843-1913)

Дарынды әнші, композитор, әрі ақын Ақан Сері Көкшетау облысының Володаров ауданында Үлкен Қоскөлдің маңында дүниеге келген. Ол ауылда, содан кейін Қызылжарда оқыған. Ақан 17-18 жасында өлең жаза бастады. Оның өлеңдері мен әндері жастық, сұлулық, махаббат, жүйрік ат, табиғат туралы жазылған. Композитордың ән-өлеңдері сүйген қызы Ақтоқтыға арналған. Олар: «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар» т.б. Бірақ Ақан сүйікті Ақтоқтысына үйлене алмады. Қыздың әкесі оны басқаға ұзатты. Бұл-Ақанға үлкен соққы болды.

Ақан Сері жасынан жүйрік атқа құмар болған. Композитордың жан серігі-жүйрік аты Құлагер. Ол бәйгеге түскен. Бір бәгеде Құлагер мерт болды. Бұл оқиға композитор өмірінде екінші трагедия еді. Сонда Ақан «Құлагер» өлеңін шығарды. Ақан маңайына жас әнші-ақындарды жинаған. Өз мектебін ашқан .Серітері:әйгілі Балуан Шолақ, Жаяу Мұса , Естай ақын, Иман Жүсіп, Құлтума т.б.

-Мәтінге сұрақтар:

-Ақан сері кім?

-Ақан не істеген?

-Өлең мен әндері не туралы?

-Сүйген қызы кім?

-Жан досы қандай жануар еді?

-Ән шырқағанда қандай аспапта ойнады?

-Домбыра қай халықтың аспабы?

ІІІ Бекіту:

ІІІ деңгей: І топ: Құлақтың тапсырмасы:

Сөйлем түрін анықтап, дефис қойылу себебін түсіндіріңдер.

ІІ деңгей: ІІ топ.Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңдер.

І деңгей: ІІІ топ. Тырнақша мен қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңдер.

Ақан 17-18 жасында өлең жаза бастады. Оның өлеңдері мен әндері жастық, сұлулық, махаббат, жүйрік ат, табиғат туралы жазылған. Композитордың ән-өлеңдері сүйген қызы Ақтоқтыға арналған. Олар: «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар» т.б.



ІІІ деңгей: І топ. Мойынның тапсырмасы:

Сұрақ-жауап құрастырыңдар.

ІІ деңгей: ІІ топ. Диалог құрастырыңдар.

І деңгей: ІІІ топ. Ақан Сері мен жан досын,сүйген қызын сипаттаңдар.

ІІІ деңгей: І топ. Ішектің тапсырмасы:

«Дұрыс, бұрыс»

1. Ақан Сері Ақтоқтыға үйленді, олардың балалары болды.

2. «Ақ көйлек», «Аужар» өлеңдерін жүйрік атына арнады.

3. Ол ауыл молдасында оқыды.

4. Ақан Сері жасынан атқа құмар еді.

5. «Құлагер» өлеңін сүйген қызына арнады.

6. Ақан Сері өз мектебін ашқан.

ІІ деңгей: ІІ топ. Аудармасын сәйкес келтіріңдер.

1. Акан открыл школу.

2. С детства учился у муллы.

3. Он любил лошадей.

4. «Құлагер» посвятил своей девушке.

5. Они поженились,у них были дети.



6. «Ақ көйлек», «Аужар» песни посвятил своей лошади.

І деңгей: ІІІ топ. Дұрыс па әлде бұрыс па соны дәлелдеңдер.

Ү/т.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет