Наурыз-үлкен мереке, үлкен той. Ал шашусыз той бола ма? Келе жатқан Нарыз мерекесі құтты болсын! /шашу шашылады/
2.Топқа бөлінеді.
Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады
«Сәлемдесу» (сахналық көрініс)
«Наурыз әні» бейнетаспадан естіліп тұрады. (оқушылардың жауаптары)
Тақтада ілініп тұрған карточкаларды тандайды, дауыстап оқиды / қыз қуу, құрбан айт, арқан тарту, наурыз, шілдехана, теңге алу/ Топқа қалай бөлінеміз?
/ оқушылардың жауабы: мерекелер мен ұлттық ойындар/
Үй жұмысын тексеру:
а) «Үшінші артық»
ә) Балама тест
«Үшінші артық»
Кереге, туырлық, үзік
Жылқы, сиыр, қой
Шешек, қарасан, жұт
Қыран құс, түлкі, құмай тазы
Батыс Қазақстан, Оңтүстік, Жетісу.
Балама тест
1.Түндік уық үсті, яғни үйдің төбесін жабатын киіз бе? /жоқ/
2.Шошалада азық-түлік сақталды ма? /иә/
3.Қыстау ақ тастан салынды ма? /жоқ/
4.Патша үкіметі қазақтарға өрт қою шараларына тыйым саланда ма? /иә/
5.Сауын деген байлардың сиырын кедейлер уақытша алып пайдалану, есесіне төлдерін асырап беру дегенді білдіре ме? Иә/
6. Киіз үйдің салмағы 300-400 келі ме? Иә/
/ Слайд киіз үйге ұқсас арал мен тау/
Оқушылар ойланып, еске түсіріп, жауап береді. Қателері болса, бір-бірін түзетеді.
Мағынаны тану:
Топтарға тапсырма беріледі
Мерекелерге байланысты 1,5 минуттық бейнетаспа
1-топ: Мерекелер
2-топ: Ұлттық ойындар
Тақырыпшалармен танысып жеке жұмыс аяқталған соң, жұппен, топпен жұмыс жасалады. Оқушылар білгендерін бір-бірлеріне айтып, ортаға салады. Тақырып түсінікті болғаннан кейін, оны қысқа да нұсқа сурет, кесте әлі тағы да басқа түрде флипчартқа түсіреді. Жоба дайындайды. Оны қорғайды
Әр топ өздері алдын –ала дайындаған ойындарының шартын түсіндіріп,оқушыларды ойнатады.