Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының зергерлік бұйымдары



бет4/10
Дата05.02.2022
өлшемі162,98 Kb.
#23753
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сұрақ-жауап.
-Алтын мен күмістен бұйымдар жасайтын адамды зергер деп атайтынын
Білдік.
Слайд №1
Зергер алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам. Зергер батырларға арнап алмас жүзді айбалта, қозы жауырын жебе, сауыт т.б. бұйымдар жасаған. Маңғыстаудың айтулы зергері Атанша Өтешов, Мұрын Жырау Сеңірбекұлы бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы күмісті пайдаланған. Өйткені олар күмістің жалтыраған түсін, тазалығын бағалаған.
Зергердің бұйымдар жасау үшін арнайы құралдары:
төс, балға, іскенше, дәнекелегіш, түрпі, егеу, қайшы, бұрғы, біз, тескіш, күмісті балқытуға арналған ұзындығы 25 см түтік көрік.
Слайд №2
Қазақта ертеректе қыз балағада әшекей бұйымдар таққан. Мына қыз баланың бас киіміне үкі және күмістен жасалған әшекей бұйымдар таққан. Сонымен қатар мойнына бой тұмар таққан.
Тұмар: әсемдік бұйымдар ішінде мойынға тағатын әшекейлер де өзінше қызықты. Олар эстетикалық қызметпен бірге тіл-көзден қорғаушы қызметін қатар атқарған. Тұмарға құран үзінділерін, теңіз, өзен бақалшақтарын, үкі қауырсынын, қой, түйе жүндерін ішіне салған.
Слайд № 3
Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылған қыздың сән-салтанатты жасауы болыпта саналады.
Сырға: әшекейлердің тіл-көзден сақтау қасиеті бар деген түсінік ертеден қалыптасқан. Солардың көнеден келе жатқандарының бірі сырға. Ол әйел затының бала кезінен бастап өмірден өткенше тағып жүретін әшекейі. Сырғалардың көптеген түрі бар. Мына қыз баланың тағып отырғаны
шекелік деп аталады. Бұл ауыр болған соң оны құлақтың сырғалығын жыртып кетпеуі үшін бас киімге немесе самайға іледі. Оны самайсырға деп те атайды.
Өңіржиек омырау әшекейінің бір түрі өңіржиек бала емізетін әйелдің міндетті әшекейі болған. Себебі ол әйел омырауын тіл-көзден сақтайды деп есептеген. Өңіржиек өзара бір-біріне шашбау секілді етіп үзбелеп бекітілген әшекей. Қолындағы білезік.
Білезік әдетте бір қолға кейде екі қолға да тағылады. Білезіктердің де бірнеше түрі бар. Сондай-ақ саусақтарға тағылған жүзіктердің білезікпен қоса жасалуы « бес білезік » деп аталады.
Сақина-жүзіктер:сақина, жүзіктердің сиқырлы күші бар заттар деп қарастыру Шығыста кеңінен таралған түсінік. Кез келген әйел ас тазалығы үшін күміс сақина тағып жүруге тиіс болды. Бұл ретте қазақтың:»Тамақ адал болуы үшін қолда жүзік болуы керек» деген.

-Балалар күнделікті өмірде күміс әшекейлерді не үшін пайдаланатынын білесіңдер ме?


- сәндік үшін тағады;
-айтулы жүзіктерді мереке-тойларға таққан;
-дүниеге келген нәрестені шомылдырғанда суға күміс теңге немесе сақина тастап түсіреді. «Баланың күні күмістей жарық болсын» деп жоралғы жасалған.
-құдағи жүзік Батыс Қазақстандық құдағи жүзіктер екі бастаудың екі шаңырақтың ілік жекжат болуын бейнелейді. Бұл жүзікті келінге деген жылы қабағы, қамқорлығы үшін қыздың шешесі ұлдың шешесіне салған. Қапсырма:-екі бөлік жасалып, бір-бірімен ілгек арқылы жалғасқан, түйме орнына қолданылатын ою-өрнекті сіркелі, асыл тасты күміс зергерлік әшекей.


Қорытындылау:
Бүгінгі сабағымызды қорыта келе қазақ халқының кез-келген өнерін алсақ та, терең мән-мазмұнға, белгілі бір мақсатқа өзіндік ерекшелігімен қасиетін байқап көруге болады.
«Қарсы қозы балықта, қалың қазына халықта» деген мақалмен
аяқтағым келеді.

  • Бүгінгі сабақта қандай зергерлік бүйымдармен таныстық

- СТО техналогиясы топтастыру стратегиясы бойынша топтастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет