Сабақтың тақырыбы: «Қазақ хандығына 550 жыл»



Дата05.11.2016
өлшемі47,69 Kb.
#1047
түріСабақ
15 орта мектеп


Ашық тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы: «Қазақ хандығына 550 жыл»

7 «Г» сыныбы

Дайындаған:Қобланова А.Н.

2015 жыл

«Қазақ хандығына 550 жыл»


1 –Арайлым: : Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
2 –Гұлнар: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
Оқушы:Нұрдаулет
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
1 - жүргізуші:Арайлым
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы: Нұржан - Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек:(Нұрсұлтан)- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей:(Мерей) - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек:(Нұрсұлтан- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей:(Мерей) Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек(:Нұрсұлтан) Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:Мерей
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын. Әумин.
1-жүргізуші: Арайлым: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
2 жүргізуші:Гүлнар- Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Оқушы;Нұрлыбаева Жанар; Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға

апаратын жолды таңдап алды.»


Оқушы:Ақмұратова Ақтілек;
М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.»
870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.
1 - жүргізуші:Арайлым
1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды.
2 - жүргізуші:Гүлнар
Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Оқушы:Ақмұратова Ақтілек
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Оқушы:Нұрлыбаева Жанар
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тыңдаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әр тасы,
Ғажайып ертеңі,
Қазақтың даласы

1-Арайлым;

Қазақ хандығы-қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы шамамен 1456-1847ж.ж .Астаналары әртүрлі кезеңдерде Сарайшық,Сығанақ,Түркістан,Созақ тағы басқа қалалары болды.Қазақ хандығы XIV-XV ғасырларда Алтын Орда,Ноғай ордасы бөлініп шығып,өз мемлекеттерін құрды.

Беркалиева Р,Аманова А,Аманова Назерке,Әсемай -Керей мен Жәнібек хандардың өмірі мен атқарған қызметі

Мерекеева Арайлым,Меруерт –Қасым ханның қызметі



Мерей, -Есім хан

АқмұратоваАқтілек,Исабаева Ұлболсын-Тәуке хан

Алдабергенова Назгүл,Нұржанат- Әбілқайыр хан өмірбаяны.

Оразбаева А,Исабаева Ж-Абылай хан

Қожаназарова Гүлнар,Авдивариев Нұрсұлтан-Жәңгір хан



Назарбаев Нұржан, Абдир Нұрдаулет- Кенесары хан

Кенесары Қасымұлы мемлекет қайраткері,әскереи қолбасшы,қазак халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт азаттық қозғалысының көсемі,Қазақ қандығынын соңғы ханы.Кенесары Шыңғыс ханның 27 ұрпағы.Абылай ханның немересі. Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған.Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Серенінің

қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары,туған ,Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз,ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шынықан,қиындыққа төзімді болып тәрбиеленді.Жеке басының ерлік қасиеттері,бірбеттігі,алға қойған

мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш жігері мықты болған.

Кенесарының әкесі Қасым мен үлкен ағасы Сержан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап турды,қазақ ауылдарын орталық бұғаудан босатты.

Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасым ұлы да мемлекек тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды.Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп,тәуелсіздік қол жеткізу үшін бірлікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсіндірді.


Қорытынды:

Ата- бабаларымыздың аңсаған арманына да жеттік. Еліміз тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңесіп, көк туымызды желбіреттік. Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан жоқпыз. Олардың аруағына сиына отырып, істерін алға жалғастырып келеміз. Халқымыздың осындай біртуар ұлдарының бірі, тұңғыш президентіміз — Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев. Президентіміз басқа ұлттармен достық қарым-қатынасын нығайтып, дүние жүзі қазақтарының басын қосып, құрылтай өткізді. Бұл аталар дәстүріне адалдықты, сыйластықты білдіреді.Сонымен бүгінгі «Қазақ хандығына 550 жылдығына»арналған кешімізді аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет