Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата04.11.2019
өлшемі30,17 Kb.
#51094
Байланысты:
Қазақ тілі 11-сынып дәстүрлі сабақ жоспары
Қазақ әдебиеті 11-сынып сабақ жоспары, аааа
Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі туралы мағлұмат беру, тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендік сөздерінің мәнін ұғындыру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, болашаққа сыни көзбен қарай білуге, проблеманы шеше алуға, сөз өнеріне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: шәкірттердің тіл мәдениетін, ой-өрісін жетілдіріп, білімін көтеру, өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, венн диаграммасы, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Топқа бөлу.

Тақтаға оқушыларға арналған тілек жазылған жүрекшелер ілінеді. Түсіне сәйкес 2 топқа бөлінеді.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік

  2. Қазіргі кездегі шешендердің қанатты сөздерін жазып келу

Мұзафар Әлімбаевтың сөзі.

Қадір Мырза Әлінің қанатты сөзі.

Мұхтар Шахановтың сөзі.

Әбіш Кекілбаевтың қанатты сөзі.

Зейнолла Қабдоловтың қанатты сөзі.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың қанатты сөзі

Үй тапсырмасынан кейін жаңа сабаққа көшемін.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қазақ шешендік өнерінің қай уақыттан басталатынын дәл басып айту қиын. Зерттеушілердің пікірінше, шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:

(слайдтан кесте көрсетіледі)

Ғасыр

Би-шешендер 

XII-XIII ғ

Майқы би, Аяз би 

XIV-XV ғ

Асан қайғы, Жиренше шешен 

XV-XVIII ғ

Шалкиіз, Бұқар жырау 

XVIII ғ

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Шортанбай Қанайұлы, Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы т.б. 

XVIII-XIX ғ

Хан-сұлтандарға қарсы шыққандар: Байдалы би, Тіленші би, Тарақты тұяқ, Шалқар шешен. 
Бек-болыстарға қарсы: Сырым Датұлы, Досбол шешен 

Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі 11-13ғасыр аралығын қамтиды. Олар Майқы би мен Аяз биден бастау алады.

Майқы Мәнұлы - 12-13 ғасырда өмір сүрген. Шыңғыс ханның замандасы әрі кеңесшісі.Ел оны ең беделді адам, әулие деп атаған. Себебі ол ел тағдыры мен оқиғаларды болжай білген.

Аяз би Жаманұлы (шамамен 711-800ж.ж)

Аяз би Жаманұлы-қазақ халқының ежелден аты аңызға айналып кеткен ақылгөй,абыз, шешен биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегісі мен «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып келген.

Жаңа сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін, жаттығу, талдау жұмыстары орындалады.

IV. Оқулықпен жұмыс

1-топ. 7-жаттығу:

1) Майқы бидің сөзіне талдау жасаңыз.

2) Мәтіндегі шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

Алтау алау болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Би екеу болса, дау төртеу болады.

Дауыл болмай, жауын болмас,

Даулы болған, қауым болмас.

Аспан ашық болса,

Күн шуақты болады.

Хан әділ болса

Халық ынтымақты болады.

2-топ. 8-жаттығу.

Тапсырма:

1) Жалқы есімдерді табыңыздар.

2) Бұл мәтіннің қай түріне жатады.

3) Синонимдерді табыңыздар.

9-жаттығу. 5-сыныпта өткен «Аяз би» ертегісін еске түсіріп айту.

Шығармашылық тапсырма.

«Ата-бабамыздан қалған шешендік өнердің бүгінгі жайы» тақырыбында ой-толғау жазу.



. Бекіту.



Кері байланыс

«Плюс, минус, қызықты» әдісі

Плюс – оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады.

Минус – «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады.

Қызықты – сабақта не қызықты болғанын жазады.

. Үйге тапсырма

Майқы би, Аяз би шешендік сөздерін жаттау.

. Бағалау



Топтағы белсенді оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет