Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым



бет19/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ
Ашық тәрбие сағаты, Ата-ана 9 Б
Күні: 18.09.2019жыл
Сынып: 4-А,Б,В,Г,Д



Мектеп: №12 Т.Рүстемов атындағы мектеп гимназия
Мұғалімнің аты-жөні: Зарифа Таджиева
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:







Сабақтың тақырыбы

Ауыл сыртында . Менің ауылым.







Дағды

Айтылым және оқылым







Оқыту мақсаттыры

4.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру
4.​2.​3.​1* белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.​2.​6.​1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту







Тілдік міндеттер

қасында, айналасында, ішінде, сыртында, үстінде, өмір сүреді,







Алдыңғы білім

қайталау







Сабақтың барысы







С.кезең.і



Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Оқыту ресурстары




Кіріспе

Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту мақсатында сурет көрсетіледі. Суретте бағыттаушылармен көрсетілген жазулар бар: қасында, астында, ішінде, сыртында, үстінде. Суретті көрсету арқылы осы көмекші сөздердің мағынасын көрсету, сипаттау арқылы түсіндіреді.

2 мин

Жаңа сөздерге қатысты суреттер




Негізгі бөлім

«Есте сақта!» айдарындағы тапсырмада оқушыларға «Қайда?» сұрағы беріледі және көмекші сөздер беріледі. Оқушылар осы көмекші сөздерді қолданып, сөйлемдер құрастырулары керек. (Қасында, астында, айналасында, сыртында, ішінде, үстінде). Бұл тапсырма ауызша орындалады. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытады.

5 мин

Көмекші сөздер жазылған плакат






«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар жақшаның ішіндегі сөздерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береді.
1.Балалар қайда ойнап жүр?
2.Машина қайда тұр?
3.Қыз бен бала қайда тұр?
ә) Сөйлемге сұрақ қой
1.Өзеннің ішінде балықтар жүзіп жүр.
2.Әрсен ауылдың сыртында доп ойнап жүр.
3.Ауылдың айналасында өзендер мен көлдер көп.
Тапсырма ауызша, топта орындалады.

5 мин

Сұрақтар мен сөйлемдер








«Көрсет және айт» тапсырмасы оқушының өз ойын еркін жеткізуге, сөздік қорын молайтуға ,айтылым дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар сурет бойынша не көріп тұрғанын айтып береді. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.

3 мин







«Оқы және жауап бер» жаттығуы оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған.Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап береді, жауабын мәтіннен табады. Берілген уақыт аясында оқушылар оқылым материалын шолып, дауыстап оқып шығады. Мен оқушыларға оқулықтағы танымдық ақпаратты жеке оқуларын сұраймын. Оқушылар мәтінді (шолып, дауыстап) оқып болған соң, бүкіл сыныпқа тез, мәнерлеп оқуды көрсетеді. Мәтіннен оқығандарын қайта қарауға және алынған білімді қолдануға ықпал ететін тапсырма береді. «Төрт бұрыштағы суреттер» әдісімен әр топ мәтінді мазмұндайды және оны иллюстрациялайды. Тапсырманы орындап, өз постерлерін ортаға ұсынады. Сыныпта бұл тапсырманы орындау барысында талғамы бар, сурет салуға бейім тұлғалар анықталады. Бұл стратегия нағыз шығармашылық жұмысқа бағытталған, себебі оның мақсаты тек әңгімелеу емес, әңгіме барысын иллюстрациялау, яғни сурет салуы керек. Мәтіннің соңында берілген сұрақтарды топ ішінде талқылып, әр топтан бір жауап айтса болады.
Мен оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалаймын. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайы.

5 мин
Сынып

Төрт бұрыштағы суреттер
Иллюстра-циялауға арналған парақтар







«Кел, сөйлесейік» тапсырмасын орындауда оқушылар жұпта жұмыс істейді. Оқушылар сұрақтарды оқып, бірге талқылайды, пікір алысады.
1.Сенің ауылыңның (қалаңның) қасында көл немесе өзен бар ма?
2.Жазда өзеннің немесе көлдің қасында демаласыңдар ма?
3.Сенің ауылыңның (қалаңның) айналасында орман бар ма? Ол орманда қандай аңдар, құстар болады?
4.Сенің ауылыңның (қалаңның) айналасында көпір бар ма? Ол ескі ме, әлде жаңа ма?
5.Жазда аяқдопты қайда ойнайсыңдар? Ауылдың (қаланың) ішінде ме, әлде сыртында ма?

Жұптық жұмыс









Қор. бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға тірек сөздер беріледі. Оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып, бүгінгі тақырып туралы әркім жеке әңгімелейді. Мен бұл мақсатты жүзеге асыру үшін «Бір минут ішінде» әдісін қолданамын. Әр топқа кеспе қағаздарға тірек сөздер жазылып үлестіріледі.
Тірек сөздер: ауылдың сыртында, қаланың ішінде, өзеннің қасында, суға шомылу, көпірдің астында, балық аулау, ауылдың айналасында.
Рефлексия
Мен сабақ соңында оқушының өзін қалай бағалауын байқау мақсатында кеменің суретін таратып, білімдерін бағалайды. (Кеменің суреті)

  • Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя.

  • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя.

Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.


3 мин



Тірек сөздер жазылған қағаз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет