Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл. . Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылармен амандасып бүгінгі сабаққа назарларын аудару.
«Есіл ағады» өзенінің әуені қойылады. Тыңдап болған соң бұл әуенмен бүгінгі сабақтың қандай байланысы бар екені сұралады.
Оқушылардан бұл әуенді тыңдай отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сұрақ-жауап 1. Олай болса, бүгін біз сабақта қандай мақсаттарды
қарастыра аламыз?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын нақтылайды.
Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\ Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
№1 тапсырма.
Оқушыларға тақырыпқа қатысты терминдер таратылады. Ғаламтордан терминнің анықтамасын тауып, мысал келтіреді және оны сыныптағы оқушыларға түсіндіреді
Оқушылар қиналған жағдайда мұғалім көмектеседі. Кейін тақтадан толық жауаптары көрсетіледі
Терминдер:Демаркация, делимитация, кеден, геосаясат, ыстық нүкте. Дескриптор:
Терминнің мағынасын түсіндіреді
Терминге мысал келтіреді
Өзара бағалау. Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды
№2 тапсырма.
Оқушылар 3 топқа бөлініп, Қазақстан Республикасының географиялық жағдайын 3 факторға байланысты тиімді және тиімсіз жақтарына 2 аргумент арқылы баға береді (әлеуметтік, саяси, экономикалық).
ҚР географиялық жағдайына SWOT талдау жасайды және SWOT шешімдер ұсынады.
Әр топ осы мәліметтерді пайдаланып, ҚР әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына нашар/орташа/жақсы/өте жақсы деп баға береді және оған кемінде 3 дәлел келтіреді