Топтық жұмыс: «Айналмалы бекет» стратегиясы. (Оқушылар үлестірмелі материалдардағы мәтінмен танысады. Құбылыстардың себеп-салдарлық байланысын анықтап, келесі топтар сақтану жолдарын ұсынады)
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
1-топ: Қолайсыз атмосфералық құбылыстар, Қар жауу
2-топ: Нөсер жауын, Нөсер жауында өзіңді қалай ұстау керек
3-топ: Құрғақшылық, көктайғақ
4-топ: Үсік, Тұман, Қарлы борандар
5-топ: Шаңды дауыл, Аңызақ желдер, Құйын,
6-топ: Құйын кезінде не істеу керек, Тропиктік циклондарТоптар арасындағы өзара бағалау: «Ауызша комментарий беру»
Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
1. Климаттың адам баласының шаруашылық әрекетке қандай әсері бар?
2. Қазақстандағы қандай қауіпті, қолайсыз атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?
3. Қазақстан аумағында үсіктің қалыптасу себебі және оның зияны?
Түсіндіру.
Жеке жұмыс: Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
1.Құрғақшылық, үсік, бұршақ, көктайғақ ұғымдарын төмендегі суреттермен сәйкестендіріңіз.
2. Өз жеріңізде жиі байқалатын қолайсыз атмосфералық құбылысты атаңыз
3. Қалай пайда болатынын түсіндіріңіз
4. Сақтану жолдарын ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
− ұғымдар мен суреттерді сәйкестендіреді;
− өз жерінде болатын қолайсыз атмосфералық құбылыстарды анықтайды;
− қолайсыз атмосфералық құбылыстардың пайда болу себебін көрсетеді;
− қолайсыз атмосфералық құбылыстардан сақтану жолдарын ұсынады.
Бағалау: Оқушылар дескрипторларға сүйене отырып, бірін-бірі смайлик арқылы бағалайды.
|
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады
|