Ортасы
|
Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық сулар, өзендер, көлдер, мұздықтар, су қоймаларын, басқа да жер үсті су көздерін, жер асты суларына енетін бірыңғай су қорын құрайды, олардың жалпы қоры 450 млн км3 дейін бағалайды. Қазақстан өзендерін қоректендіретін негізгі көздер мұздықтар болып табылады, олардың ауданы 2 мың км2, ал көлемі – 98 км3 артық немесе Балқаш көліндегі судың көлеміне тең. Қазақстанда шамамен 85 мың өзен және уақытша иірімдер кездеседі, олардың 8 мың өзен ұзын арнасымен, олардың ұзындығы 10 км-ден артық. Маңызды өзендерге Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Ойыл, Тобыл, Есіл, Сағыз, Жем, Үлкен және кіші Өзен, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілеті, Сарысу, Арыс, Талас, Шу, Қаратал, Іле, Ақсу, Лепсі және т.б. өзендерді жатқызуға болады. Қазақстан өзендерінің орташа алғандағы көп жылғы ағыстары шамамен 101 млн км3 құрайды, олардың ішінде тек 56,5 млн км3 ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған көлемі – 44,5 млн км3шекаралас мемлекеттерден келіп түседі.Республикада 48 мың көлдің ауданы 1 га астам жерді алып жатыр. Бұдан басқа республикада шамамен 4 мың тоған мен 204 су қоймасы бар.Жер үсті су ресурстары республика бойынша біркелкі таралмаған. Шығыс Қазақстанда – 200-290 мың м3/км2 барынша қамтылған, ең аз қамтылған – Батыс Қазақстан, соның ішінде әсіресе Маңғыстау облысы – 0,36 мыңға дейін м3/км2.Қазақстанның жер асты суларының қоры 61 км3деп бағаланады, соның ішінде тұщысы – шамамен 58 км3. Қазақстанның барлық өзендері ішкі және трансшекаралық деп бөлінеді. Республикамызда барынша созылып жатқан ішкі жер үсті өзендері – Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Ембі, Ырғыз, Сағыз, Үлкен Өзен (1000 км-ге дейін) болып табылады. Қазақстан Республикасының негізгі ірі трансшекаралық су объектілері Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу мен Талас болып табылады.Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану тек экономикалық және экологиялық маңызымен қатар, саяси және халықаралық маңызы да бар. Су ресурстарының экологиялық жүйесі жеткілікті байланысқан, біртіндеп құлдырау үстінде және су ресурстарының биожүйесін сақтау мен қолдау бойынша келісілген бірлескен әрекет ету үшін барлық трансшекаралық мемлекеттердің күшін біріктіруді қажет етеді.
|