1-тапсырма.Әр топ өз жұмыстарын «Кезбе тілші» әдісі бойынша таныстырып шығады.Оқушылар орындарынан тұрып басқа топтардың жұмыстарымен танысу үшін тілші ретінде микрофон алып, мәтін бойынша сұрақтар қою арқылы сол топтың жұмысын терең біліп шығады.
Экономикалық әлеует қандай компонентерден құралады?
Қазақстанның экономикалық әлеуетінің күшті және әлсіз тұстары? Елдің даму деңгейінің көрсеткішін ата?
Оқушылар топпен өз ойларын бөліседі. Сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор
Экономикалық әлеует қандай компоненттерден құралатынын біледі.
Қазақстанның экономикалық әлеуетінің күшті және әлсіз тұстарын сипаттап бере алады.
2-тапсырма. Жұптық жұмыс «Салыстыру» әдіс бойынша оқушылар 177 сурет бойынша Қазақстанның АДИ графикке қарап еліміздің әлемдегі орнын салыстырады, ең жоғары және төмен болуын өмірмен байланыстырады