Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы Бөлім: 1



бет1/2
Дата24.09.2024
өлшемі295,31 Kb.
#205004
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Төлебай Г.Е ҚМЖ


Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы



Бөлім:

3.1

Педагогтің аты-жөні:

Төлебай Гүлдана Ерсұлтанқызы

Күні:

23.09.2024

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.3.1.1 – Қазақстан жер бедерінің геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымын анықтайды

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның тектоникалық құрылымын анықтай алады

Бағалау Критерийлері

Қазақстанның тектоникалық құрылымын анықтап түсіріп береді
Басты орографиялық нысандарды картадан көрсетеді





Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
3 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ұлттық құндылық негізінде «Өнеге» әдісі арқылы балаларға жақсы атмосфера қалыптастыру


Мақсаты: көңіл-күйді анықтау, көтеру, сенімділік деңгейін дамыту.

Нұсқаулық: Сабақ басында оқушыларға нақыл сөз жазылған парақ арқылы жақсы көңіл күй қалыптастыру. Оларға сабақтың аяғына дейін көңіл-күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады.


Ұлттық құндылық негізінде «Өнеге» әдісі

  • Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбайұлы

  • Білген адам білімді өмір бойы іздейді Ахмед Иүгінеки

  • Белгісі болса — жолдан жаңылмас,
    Білімі болса — сөзден жаңылмас. Махмұд Қашқари

  • Көп білем десең,

Аздан бастап үйрен. Джон Локк

  • Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек. Иоганн Вольфганг Гете

Адам білмегендіктен адаспайды,

  • Білгішсінем деп адасады. Жан Жак Руссо




Топтарға бөлу
(1мин)

«Өнеге» әдісі
Мақсаты: Оқушыларға мативация беру арқылы, оқушылардың көңілін сабаққа аудару.



Нұсқаулық: Оқушылар мотвациялық сөздерді оқи отырып, топтарға бөлінеді.









Миға шабуыл
3 мин



«Миға шабул әдісі арқылы жаңа сабақты ашу.


Мұғалім оқушыларға видео материал арқылы жаңа сабақпен таныстырады.Оқушылар Қазақстанның геологиялық тарихымен танысып, тектоникалық құрылымын біледі. .

Нұсқаулық: Виедо материалмен танысады. Жаңа тақырыпты талқылайды.










Сабақтың ортасы
Функционалды сауаттылығын арттыру барысында орындалатын тапсырмалар
25 мин.

Мән-мәтінмен жұмыс



Нұсқаулық: Оқушылар қосымша 1 мән-мәтіндегі мәліметтерді пайдалана отырып тапсырмаларды орындайды.


Мән-мәтін
Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін әлденеше рет су басып, кейіннен теңіз табаны кұрлыққа айналған. Осының нәтижесінде, теңіз бен кұрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген.
Палеозойға дейін, яғни архей және протерозой эраларында, республика аумағын тұтастай дерлік теңіз суы басып жатқан геосинклинальды аймақ болды. Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған белігі (учаскесі) Шығыс Еуропа (Орыс) платформасының шағын аймағы қалыптасты. Палеозойдың басынан бастап платформаның бұл аймағы біртіндеп төмен түсіп, оның бетін теңіз суы басты. Теңіз түбіне жиналған шөгінді жыныстар платформаның қазіргі шөгінді жамылғысын құрайды.
Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанды басып жатқан. Осы эраның аяғында көптеген шығанақтар пайда болып, теңіз Сарыарқаға дейінгі аралықты қамтыған.
Кайнозой эрасының басында (палеоген) мезозойдың аяғындағы геологиялық жағдай сол калпында сақталған. Бірақ неоген дөуірінде теңіз суының тартылып таяздауының нәтижесінде Қазақстан жері бірте-бірте біртұтас құрлыққа айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет