Басталуы
7 минут
|
Сәлемдесу.
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу.
Топқа бөлу: Жұлдызшалар арқылы топқа бөлінеді. Оларда «Батыр» және «Жеңіс» сөздеріне қатысты ұғымдар берілген.
«Батыр» тобы:
Бауыржан Момышұлы
Әлия Молдағұлова
Мәншүк Мәметова
Хиуаз Доспанова
«Жеңіс» тобы:
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Алдыңғы тақырыпты еске түсіру мақсатында мәтін бойынша даярлаған сұрақтары негізінде «Қар кесектері» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізу (6-тапсырма).
|
1-топ
«Батыр» тобына,
2-топ
«Жеңіс» тобына жинақталады.
Екі топ дайындап келген сұрақтарын «Қар кесектері» әдісі арқылы келесі топқа қойып, олар жауап береді.
|
Ортасы
25 минут
|
Тыңдалым
Қазақтың батыр қыздарынан кімдерді білесіңдер?
2-тапсырма
Мәтінді тыңда.
Бейнероликке назар аударыңдар.
Негізгі ойды анықтап, дәптерге жазыңдар.
«Қазақтың батыр қыздары»
Әлия Молдағұлова Мәншүк Мәметова Хиуаз Доспанова
Тілдік бағдар
Фразеологиялық тұтастық – құрамындағы сөздер әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға келмейтін тұрақты тіркестер. Мысалы: мұрнына су жетпеді.
Жазылым
Берілген тұрақты тіркестердің құрамындағы тиісті сөздерді тауып, мағынасын ажыратыңдар.
«Батыр» тобына
Екі (көзі) шарасынан шығу – қорқу
Зығырданы қайнау – ашулану
Көз жазып қалу – адасу
Құлаққа (ұрған) танадай – тып-тыныш
«Жеңіс» тобына
Жер болу – ұялу
Жұмыртқадан (жүн) қырыққан – қу, сараң
Иненің жасуындай – азғантай
(Қой) аузынан шөп алмас – момын
8-тапсырма
Қазақтың үшінші батыр қызы Хиуаз Доспанова туралы әңгімелеңдер.
Бейнероликке назар салыңдар.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Оқушыларға парақшаларды таратып, түсіндіру.
Тапсырма: Төмендегі соғыс, жеңіс тақырыбындағы тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді қолданып, өз ойыңызды білдіріңіз.
Найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғау, рухы көтерілу, жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, бейбітшілік аспаны, қан майдан, жау жүрек.
|
Дисктен мәтінді тыңдап, видеоны көріп, негізгі ойды анықтайды.
Ережені бірлесе талдайды.
Тұрақты тіркестердің құрамындағы тиісті сөздерді тауып, мағынасын ажыратады.
Х.Доспанова туралы мәліметтермен танысады.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды.
|