Сабақтың тақырыбы: б дыбысы мен әрпі


Тақырыбы: «Бб» дыбысы мен әрпі



бет2/3
Дата21.07.2020
өлшемі54,68 Kb.
#63610
түріСабақ
1   2   3
Тақырыбы: «Бб» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1)Бб дыбысы мен әрпін меңгерту Б дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс 

дыбыстату. 

2) Б дыбысына қатысты сөздерді оқытып, дыбыстық, буындық талдау жасату. 

Көркем жазуға дағдыландыру. 

3) Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу. 

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер, оқулық, карточкалар. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелеу, ойындар. 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру. 

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? 

- Балалар, қазір бізде қай сабақ басталды? 

- Әліппе сабағында не үйренеміз? 

- Қазір жылдың қай мезгілі? 

- Бүгінгі ауа-райы қандай? 

- Бүгін нешесі? 

- Аптаның нешінші күні? 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 

- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? 

- М дыбысы. 

- М – қандай дыбыс? 

- М – дауыссыз дыбыс. 

Ойын: «Алма теру» ойыны. 

Жоғалған әріп: Та...ақ, ...ақта, Арм...н, мат..., ...ал, қарм...қ, қала..., қайма..., ой...ақ. 

Шашылған әріптерден сөз құрастыру 

1) м,а,т,қ,а (мақта) 

2) м,л,а (мал) 

3) м,л,о (мол) 

- Оқулықтан «Тамақ» мәтінін кезек-кезек оқыту. 

ІІІ. Жаңа сабақ. 

Қызығушылығын ояту 

Сөздің сыры – көп жұмбақ, 

Шешуін кім табады? 

Кімдер шешсе тез ойлап, 

Сол жеңімпаз болады. 


Жұмбақ шешу. 

Бір көзім: кідір! дейді 

Бір көзім: жүгір! дейді 

Бір көзім: абайла! дейді 

қарап ал, маңайға! Дейді

(бағдаршам) 

2. Жазу жазып жалықпаған, 

Жаза-жаза арықтаған.

(бор) 

3. Қанаты жоқ ұшпайды

су астында қыстайды (балық) 

Осы жұмбақтарды шешулеріне назар аударайықшы? Бағдаршам, бор, балық. 

Бізге таныс емес дыбыс естіліп тұр ма? Ол қандай дыбыс? (Б,б) 

- Ендеше бүгін біз "Б” дыбысымен танысамыз. 

- Қане барлығымыз бірге Б-Б-Б 

- "Б” қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? ол қандай түспен боялып тұр? 

- "Б” дыбысы неге дауыссыз? Себебі ол ауыз қуысынан кедергіге ұшырап барып шығады. 

- Б әрпінің баспа, жазба бас және кіші әріптерін тақтада жазып көрсету. 

- Ауада жазу. 

Б дыбысы тек сөздің басы мен ортасында кездеседі. Суреттерді көрсете отырып

мысалдар айту: бақа, бор, дорба, барабан, бақбақ, балық, қарбыз, борсық, бауырсақ,

бұлт. Осы сөздерді мына тақтада тұрған 2 сандықшаларға салуымыз керек. 

Сергіту сәті 

Ұзын құлақ, сұр қоян 

Естіп қалып сыбдырды 

Ойлы-қырлы жерлермен 

Ытқып-ытқып жүгірді 

Қарап еді артына 

Қиығын сап көзінің 

Келе жатқан томпандап 

Көжегі екен өзінің 

ІV. Оқулықпен жұмыс. 

- Әліппе оқулығынан 61 бетті оқыту. 

Ба ла бо та Бо та 
Ба ба бор Бо лат 
Ба та бал 

- Сөйлем оқыту: -Болат, ба-ла-пан-дар-ға қара. 

V.Дәптермен жұмыс. 
- Тақтада буындардан сөз құрастыру. 

Ба-ла / ба-ла-қан / ба-ла-пан / бо-та/ ба-лық/ бө-рік/ 


"Кім жылдам?” ойыны 

Үлестірме қағаздар: Сөздердегі Б әрпінің астын қаламмен сызып шығуы керек және сол туралы не білетінін айту. 


Мына сөздерге дыбыстық талдау жасату: балапан, бала, барабан, балық. 


VІ. Сабақты қорытындылау. 

"Неге айналады?” ойыны арқылы сабақты қорыту. 

- Жұмыртқа неге айналады? Балапанға 

- Дән неге айналады? Бидай, арпаға 

- Гүлдер неге айналады? Жеміске 

- Көжек неге айналады? Қоянға 

- Уылдырық неге айналады? Балыққа 

- Бүгін қандай әріппен таныстық? 

- Ол қандай дыбыс? 

- Дауыссыз дыбыс қандай түспен боялады? 

- Б әрпі неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар? 

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай тапсырма қиын болды? 

VІІ. Үйге тапсырма. 
- Б дыбысын оқып келу, дәптермен жұмыс. 
VІІІ. Мадақтау. 
Жұлдызшалар тарату.


Мұғалімнің

аты -жөні



Пән аты

Кабинеті

Қайырбаева Ғ

Сауат ашу

№209



Каталог: uploads -> doc -> 04a0
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04a0 -> Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту
04a0 -> Сабақтың тақырыбы «Ас атасы-нан»
04a0 -> Қр шға орталық Қазақстан бөлімі Тақырыбы: Шежіреге толы Тұмсық өңірі Орындаған: Игілік Ажар 2 «А» сынып оқушысы, «Бұрма жалпы орта білім беру мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет