Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;
9.2.4.1 - автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу
Сабақтың мақсаты
Барлығы орындай алады:
Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды; автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады.
Көпшілігі орындай алады:
Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін салыстырып анықтайды. Автор стилін талдап, шығармашылық жұмыс барысында кейіпкерге хат жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін бүгінгі өмірмен байланыстыра талқылайды. Автор стиліне сай дәлелдемелер келтіре отырып, өз көзқарасымен шығармашылық жұмысты түрлендіре жазады (хат).
Бағалау критерийі
- көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды,
-автор стиліне сүйенеді
-шығармашылық жұмыс жазады
Ойлау дағдысы
түсіну, талдау, жинақтау
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады:
Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды; автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
атастыру,жазғытұрғы, ертоқым, нәшәндік, тілмаш, песір, болыс, автор стилі, кейіпкерлер жүйесі
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Сөз байласу, Қара құмды жайлау, Қамыстыкөл. оқыған жігіт, көңіл қосу, қалың ойға шомылу, хат жазысу, төсек тарту.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Майлин шығармаларының өмір шындығын суреттеудегі ерекшелегі қандай?
- Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен салыстырмалы түрде қандай деп ойлайсыз?
Құндылықтарға баулу
Білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілетін жетілдіре отырып, туған жеріміздің өткен тарихын құрметтеуге баулып,
Пәнаралық байланыс
тарих, география
Тақырып бойынша алдыңғы білім
«Бір айналым» әдісі арқылы «Шұғаның белгісі» шығармасы бойынша білімдерін жинақтайды, шолу жасайды.
Әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрып шығармада қалай көрініс тапқан?
Адам бақыты – жаны қалаған адаммен өмір сүру деген пікірді қалай түсінесіздер?
Қазақ қызының тағдыры, бойжеткен трагедиясы шығармада қалай көрінді?
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
7 минут
Ұйымдыстыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Сабаққа зейінін аударту
Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, «Өрмекшінің торы» ойынын ойнайды. Шығармадағы кейіпкерлер қандай деген сұрақ қойылғаннан кейін, шеңбердегі оқушының бірі тоқыма жіпті келесі оқушыға «Шұға-ақ құба, » деп айтып лақтырады. Жіпті қағып алған оқушы «Шұға-талдырмаш» деп бір-бірінің айтқанын қайталамайды. Осы ойын арқылы жаңа сабақты, жаңа мақсатты меңгертуге жол салынады.
«Кейіпкерлер есімдері» арқылы стикермен топқа бөлемін
1-топ: Шұға
2-топ: Әбдірахман
3-топ: Есімбек
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Әр тапсырма дескрипторлары уақытында беріліп отырады.
«Бір айналым» әдісі арқылы «Шұғаның белгісі» шығармасы бойынша білімдерін жинақтайды, шолу жасайды.
Әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрып шығармада қалай көрініс тапқан?
Адам бақыты – жаны қалаған адаммен өмір сүру деген пікірді қалай түсінесіздер?
Қазақ қызының тағдыры, бойжеткен трагедиясы шығармада қалай көрінді?
Сабақтың ортасы
30 минут
1-тапсырма: «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп,шығарма идеясын талқылайды:
Шығарманың идеясы не?
Майлин шығармаларының өмір шындығын суреттеудегі ерекшелегі қандай?
- Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен салыстырмалы түрде қандай деп ойлайсыз?
Дискрипторлар:
1.Сұрақтарға жауап береді
2.Шығарманың идеясын ашады
3. Өз пікірлерін ортаға салады
4.Дәлелдер келтіреді
Қ/Б. Ауызекі баға (ауызша кері байланыс): мұғалімнің кері байланысы арқылы оқушының тапсырманы қаншалықты дәрежеде орындағаны анықталады.
Қалыптастырылатын дағдылар:
Ойлау;
Ақпаратты басқару;
Өзін-өзі басқару;
Креативтілік;
«Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі оқушылар сұраққа нақты, дәл жауап беруге, өз пікірлерін, ортаға салып тақырыпты еркін жеткізіп, мәселені зерделеуге бағыттайды. Осы әдіс арқылы ақпаратты ашуға, жинақтауға, өзін-өзі басқаруға дағдыланады және оларды жауапкершілік сезімге ынталандырады. Сондай-ақ, сұрақ қою үдерісінде креативтік ойлар мен идеяларды туғызу қабілеті дамиды.
Диалог негізінде саралау мұғалім тарапынан қолдау барысында жүзеге асады. Мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат арқылы өткен тақырыпқа оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау, толық жауап беруге итермелеу, сұрақты басқа оқушыға бағыттау сияқты іс-әрекеттерге қатысты сындарлы кері байланыс беріп отырамын.
2-тапсырма: Концептуалдық кестені толтыр:
Кестені толтырып, кейіпкерлердің шығарманың идеясын ашудағы орнын белгілеңдер.
Дескриптор: - Автор берген порттеттік мінездемені жазады;
- Кейіпкерлер іс-әрекетін ажырата алады;
- Кейіпкерге өзіндік баға береді
- Маңыздылығын айқындайды. Қ/Б. «Плюс- минус- қызықты» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізу:
Нені жақсы деп айтуға болатынын айта аласыз ба?
не ұнамағандығы туралы айта аласыз ба?
Не қызықты болғандығы туралы айта аласыз ба?
Қалыптастырылатын дағдылар:
Бірлескен жұмыс, ынтымамақтастық;
Ақпаратты жинақтау, сұрыптау;
Белсенді тыңдау;
Ойлау, шешім қабылдау;
Креативтілік
«Концептуалдық кестені толтыр» кезеңінде бірлескен жұмыс жүзеге асады. Оқушылар проблемаларды шешудің тиімді құралдарын іздейді. Сын тұрғысынан ойлау жолдары арқылы ең жақсы түсініктемелерді табуға ұмтылады. Дәлелдерді талап етіп, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз беттерінше түсіндіруге тырысады. Шынайы қорытындылар жасап, тұжырымдарға қол жеткізеді.
Қарым-қатынас формалары бойынша саралау: Бұл саралау түрі ынтымақтастық оқыту арқылы іске асырылады. Шағын топта қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар. Яғни білімді өз бетінше игере алмаса да, бірақ құрбысының көмегімен (ЖАДА) қажетті білімге қол жеткізе алады. Ал қабілеті жоғары оқушы өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.
3-тапсырма: «Салыстырма кестесі» әдісі:
Кейіпкер
Мінездеме
Бойларында
сен ұнатқан
қасиеттер
Бұл қасиеттербүгінгі жастарда бар ма?
Жолаушы
Шұға
Әбдірахман
Дескриптор:
- Шұғаға тән мінездемені іріктеп жазады;
- Әбдірахманға тән мінездемені іріктеп жазады;
- Нақты мысалдар арқылы дәлелдейді;
- бүгінгі жастардың әрекетімен салыстыра көрсетеді Қ/Б. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.
Қалыптастырылатын дағдылар:
- Ойлау, шешім қабылдау;
- Тиісті ақпаратты жинақтау;
- Нақты және түсінікті сипаттама беру;
- Құндылықтарды мойындау
- Есте сақтау «Салыстырма кестесі » әдісі арқылы тапсырмадаға мәселені өзара салыстыра алуға дағдыландыруға болады. Оқушылар тиісті ақпаратты жинақтап, сипаттап беруге, нақты дәлелдемелермен өз беттерінші білім алуға деген ынтасы артады, есте сақтау қабілеті жақсарады.
Қима кесте
Постер қорғау
Сабақтың аяғы 10 минут
4-тапсырма «Сканерлеп оқу» әдісі арқылы берілген үзіндіден автор стилін талқылаңдар. Стиль туралы білімдеріңді ортағы салыңдар.
Біз екеу едік.
Менің астымда жортақылау тапал торы ат; жүргіштеу. Ер-тоқымым ескілеу, байлардың малға мінетін ер-тоқымы. Үстімде қонған үйімнен сұрап киген шидем күпі. Қолтығымдағы жыртығынан жел өтіп мазамды алыңқырап келеді. Жолдасым отыз-кырықтардың шамасындағы жер ортасы адам, сиректеу сақал,мұрты бар; кара бұжыр, күлімсіреп дөңгеленіп тұрған қара кезді, пішініне карағанда бір түрлі сөйлемпаз адам секілді.Астында қойшылар мінген қаракер бесті, үсті-үстіне ұрып отырмаса кейін қалып қала береді. Жүрген сайын жер өнбегендей, сол ұшы-қиыры жоқ елдің жайлауы бітпейтіндей көрінді. Бір белеске шықсаң алдыңда екінші белес. Мен шықтым. Манағыдай емес, атқа жортқан соң денем жылынып, ептеп мандайымнан тер де шығайын деді. Жолдасымның басында желпен. Елден шығарда бауын мықтап байлап алған. Шабан қаракер үсті-үстіне ұрғызған соң о да бусанайын деді білем, желпенін шешіп алып беліне байлады.
Дискриптор:
-Автор стилін талқылайды
-Стиль туралы айтады
Қ/Б. Ауызекі баға (ауызша кері байланыс): мұғалімнің кері байланысы арқылы оқушының тапсырманы қаншалықты дәрежеде орындағаны анықталады.
Бұл тапсырмады диалаогтық саралау жүрді, себебі, жұптық жұмыста қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы жұбына ақпарат бере алады.. Ал қабілеті орта оқушылар өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі болады.
Қима қағаз. Оқулық. АКТ.
«Кейіпкермен сырласу» әдісі арқылы өздеріңізге ұнаған кейіпкерге өз көқарастарыңызды білдіріп, бүгінгі өмірмен байланыстыра хаттың түрлерін пайдаланып, хат жазыңыздар.
Дискрипторлар:
1. Ойын нақты әрі қысқа жеткізеді
2. Өз көқарасын білдіреді
3. Бүгінгі өмірмен байланыстырады
ҚБ дескриптор нәтижесінде жүреді
Бұл тапсырма оқушылардың ой-өрістерін дамытып, алған білімдерін жинақтай отырып, шығармашылық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады.
(Нәтижеге немесе жауап бойынша саралау. Тапсырма біреу, алайда оқушылардан жеке нәтиже күтіледі).
Оқулық, даптер
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?