Каукарова Заря Маратқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Талғайран негізгі мектебі
Атырау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесінен
үзінді.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын түсіндіру, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу;
ә) Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, өз ойын ашық айтуға, өздігінен ізденуге, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру. Жаңа ақпараттық технологияны қолдану мүмкіндігін жетілдіру;
б) Тәрбиелік: Шығармадан талдауға алынған мысалдар арқылы оқушының бойына танымдық, адамгершілік,үлкенді құрметтеу,мейірімділік қасиеттерді сіңіру және интелектуалдық әрекеттерін жан-жақты дамыту.
Сабақтың түрі: зерттеу, суреттеу сабағы
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, зерттеу, қайталау,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаевтың шығармалары, интербелсенді тақта, (ЭО),кинофильм.
Пәнаралық байланыс: тарих, биология, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
Ой қозғау
-Бақытты балалық шақ туралы бір сәт ойланып көрейікші.Кім не айтар екен?
-Балаларға арналған, өздерің сүйіп көретін қандай кинофильмдерді атай аласыңдар? («Менің атым- Қожа», «Алпамыс мектепке барады». Т.б.
ІІ.Жаңа сабақ.
а) Ендеше, балалар сүйіп қарайтын «Менің атым-Қожа» кинофильмі – қазақтың көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың хикаяты бойынша түсірілген көркем туынды.
Автор туралы оқушыларға электрондық оқулықтан мол мәлімет берілді.
ІІІ.Мәтінмен жұмыс Бөлімдерге ат қою.
1. Өзін таныстыру немесе қазақтың ат қоюы .
2.Қожаның лагерьге жолдама алған Жантасқа кездесуі.
3.Мұғалім Майқановамен алғашқы таныстық.
4. Алғашқы сабақ күні және күтпеген кездесу.
5.Орыс әдебиеті сабағы.
6.Пәленің басы -бақа.
7.Педагогикалық кеңестегі талқы
8. «Түбі адам болатын бала».
10.Құпия кеңес немесе өз-өзіне есеп беру
УІ. «Өз ойыңды дәлелде»
а).Оқушыларға кейіпкерлерді атау (белсенді және тасадағы ).
ә).Жағымды ,жағымсыз кейіпкерлерге топтау (сұрақтар).
1.Неге, Қаратайды ұнамсыз кейіпкерлерге жатқыздыңыз? Ол Миллат апайға көмектесіп жүр емес пе?
2. Неге апасын жағымды кейіпкерге жатқыздыңыз? Ол баласын зекіп ұрсып, тіпті баласын қорғайды ғой.
3. Сіз Сұлтанды неге ұнамсыз кейіпкерге жатқыздыңыз? Ол Қожаның жазғы демалысын көңілді өткізуге көмектесті емес пе?
У.Қожаның осындай сотқар болуына себеп болған нәрселер:
а)Ата –ананың жұмысбастылығы
ә)Қараусыз, бақылаусыз қалуы
б)Қоғамдық орта немесе достар ортасы
2. Қожаның әдепті жолға түсуіне себептер?
а)Майқановтың пікірі
ә)Ойлылығы, естілігі
б)Анасын сыйлауы , анаға деген сүйіспеншілігі
УІ.Бейнетаспадан фильмнен үзінді көрсету.
а) Топпен жұмыс (өз пікірлерін қорғау)
І топ "Қожа- арманшыл,жақсы бала»
а)
ә)
б)
в)
ІІ топ «Қожа- сотқар,тентек бала»
а)
ә)
б)
в)
УІІ. Семантикалық карта
Үзінді
|
Қожа
|
Сәйбек қарт
|
Майқанова
|
Оспанов
|
Төбемнен шатыр етіп, жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп, суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”
|
|
|
|
|
-. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін.
|
|
|
|
|
”Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бетіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңкеге ұқсар деймін... ”.
|
|
|
|
|
- Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.
|
|
|
|
|
).”Көк көз келіншек мені жіберді. Мен сыр бермеймін деген оймен әуелі қант сататын жаққа өтіп кеттім. Қанттың маған түкке керегі жоқ...”.
|
|
|
|
|
Келесі сабаққа қайсың бақа ұстап әкелесіңдер?
|
|
|
|
|
Топтастыру
Қожа
Жантас
УІІІ.
”Түбінде адам болатын бала”, Құпия кеңес тақырыбын талдау, өз ойларын дәлелдеу, бірін-бірі толықтыру.
а). Қожа әрекетін талдау, мінездеме беру.
1. Қожаның іс-әрекетіне ұқсас сынаптастарың бар ма ? 2.Өздеріңе сабақ беретін мұғалімдердің мінез-құлық қасиеттері әңгімедегі кейіпкерлер іс-әрекетіне ұқсай ма?
ІХ. Сабақты бекіту
«Бес жол өлең»
Қожа
Қиялшыл,арманшыл
Намыстанды, бүлдірді, өкінді
Қожа- түбінде адам болатын бала
Ақылды тентек
Х. Үйге тапсырма: «Есте қалған қызықты сәттерім» - өздеріңнің бастарыңнан өткен қызықты оқиға туралы қысқаша әңгіме жазу.
ХІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |