Сабақтың тақырыбы: Бақытты балалық шақ



Дата13.12.2021
өлшемі17,58 Kb.
#125244
түріСабақ
Байланысты:
kepe, омыртқасыздар зоологиясы силлабус 4.01.2023 (1), КвантМех 08 апта - Дәріс сабағының тапсырмалары, КвантМех 12 апта - Дәріс конспектісі



Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Бақытты балалық шақ
Мақсаты: 1. Бақытты балаық шақ ұғымының мәнін терең ашып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
2. Сөздік қорын байыта отырып, ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру
3. Ақпаратты өздігінен игеру және талдау, интерпретациялау білігін жетілдіру.


  1. Оқушының шығармашылық қиялы мен ой – өрісін, ұғымдар арасындағы байланысты айқындай білу машығын, жалпыдан жалқыны бөліп ала білу және соған сәйкес ой тұжырымдау қабілетін дамыту.



Әдіс – тәсілдер: Ізденушілік, зерттеушілік, көрнекілік, сөздік, СТО стратегиялары.

Көрнекі құралдар: Сызба нұсқалар, «Бақытты бала» моделін суреттеген тірек-сызба, кеспе қағаздар.

Оқыту формасы: Ұжымдық, топтық жұмыстар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.

Психологиялық тренинг.

Оқушылар өздеріне ұнаған түсті шарларды таңдап алады:

Қызыл – көтеріңкі көңіл-күй;

Көк – тыныштықты, қанағаттанушылықты, сенімділікті, шыншылдықты;

Сары – көңілділікті, ұстамдылықты және жеңілдікті білдіреді;
Шардан әдемі гүл жасап іліп қою.

ІІ. Сабақ тақырыбын хабарлау
1. - Оқушылар барлығымыз бірге Ә.Дүйсенбиевтің әнді шырқайық. «Біз өмірдің гүліміз» атты әнді шырқайық.

- осы әнде айтылғандай біз «Бақытты баламыз »дегенді қалай түсінеміз,топ болып суретін салып, түсіндіреміз.

2. «Бес жолды өлең жазу »
Бірнеше тақырыптар жазылған карточкалар болады, әр топ өзіне тақырып алады.

Тақырыптар: «Гүл », « Дос», «Тыныштық », «Жолдас ».


3.Топтық жұмыс. «Мен қандаймын ? » атты лото арқылы ұйымдастырылады.
- Балалар, адамзатты сүю үшін менің бойымда қандай қасиеттер болу керек?
Деген сұрақ төңірегінде ойланып көрейік. Әр топқа лото таратылады, онда адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттер бейнеленген. Сенің бойында «бар » деп есептеген қасиеттерді берілген суреттермен сәйкестендіріңдер.Жағымсыз қасиеттерді қара жәшікке салу.

* Қамқорлық * Өсек* Адамшылық * Адамгершілік

* Залымдық * Бауырмалдық * Сабырлылық

* Еңбекқорлық * Өтірік * Еркіншектік

* Рақым * Талап * Мақтаншақ

* Мейірімділік * Батылдық *Еріншек

* Бекер мал шашпақ * Қанағатшылдық * Ізденімпаздық

* Ізгілік * Қатыгездік

4. «Эмблема жасау ».

Музыка қосылады. Психологиялық тренинг.

Топтарға тапсырма: Бүгінгі сабақта айтылған ой – тұжырымдарды қорыта келіп, эмблема ойлап табыңдар.

III. Сабақты қорытындылау.

Мұғалім тақтаға өзі дайындағап әкелген «Бақытты балалық шақ » моделін іледі де, 3- топтық дайындалған моделімен салыстырылады. Соңында мұғалім тұлға бейнесінің жоғарғы жағына күн сәулесін жапсырады да, оның мағынасын түсіндіріп өтеді:

1. Ұжымдық жұмыс. Мұғалім екі сұрақ қояды, егер «иә » деп жауап берсе, орнынан тұру; ал «жоқ » – десе, өз орнында отыра беру.
- Бала бақытты болу үшін ата-анамыз ауқатты,бай болуы керек.
- Бала бақытты болу үшін ата-анасымен бірге болуы керек.
Балалар орындарынан тұрады. Қосылып би билейді.

Қолданылған әдебиеттер:

     

2.     «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» екінші (орта) деңгей 2012ж.



3.     «Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003жыл.

4.     «Мектеп директоры» журналы, 2009 ж.

5.     «Мектеп директорының орынбасары», 2010 ж.

6.     «12-жылдық білім беру», 2009 ж.



7     «Бастауыш сыныпта оқыту. Барлық пәндер бойынша» журналы 2011ж.

9.     «Бастауыш мектеп» журналы 2010ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет