Сабақтың тақырыбы: «Байтақ елім-Қазақстан»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейте түсу.
Тәрбие сағатының әдісі: іздену, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекіліктері: компьютерлік слайдтар, рәміздер, елбасының суреттері,т.б.
Сабақтың барысы:
Қазақстан Әнұраны орындалады
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, қонақтар біздің мектебімізге келген қадамдарыңыз сәтті болсын! Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республика атанғанымызға 21 жыл уақыт болыпты. Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдініздер!
Данасымен батыры көп қазақпын,
Көрге талай қияметін азаптың.
Аршындаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсің, тәуелсіздік азат күн-
дей келе ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Мұғалім сөзі: - Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды. әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті. Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді. Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХҮ ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. ХҮІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Төзімді серік етіп, «үнсіздерut күн болған» лениндік саясат салмағын, Сталиндік ақтаңдақ азабын, Брежневтік тоқырау тоспасын, Горбачевтік қайта құру баспасын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғышарты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдау болды. Өзінің толық субъектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді. Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз екенін өздеріңізде жақсы білесіздер.
«Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағы көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Жүргізушілер: Ислам, Ақжелең
Ислам: Бастаймыз ба?
Аружан: Нені?
Ислам: Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызды бастайық!
Аружан: Бастасақ бастайық.
Ислам: Алдымен амандасуды ұмытып кетпейік.
Аружан: - Жоқ, біз еш уақытта амандасуды ұмытпаймыз.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ұстаздар!
5 «А»сынып оқушыларының Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Байрақ елім - Қазақстан» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Достарыңызбен бөлісу: |