Оңтүстік Қазақстан облысы. Түлкібас ауданы. Т. Рысқұлов ауылы
А. Пушкин атындағы жалпы орта мектебі,
Оразбаева Гүлдана Бейсенбаевна
Сабақтың тақырыбы: Бала Тұрардың бейнесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала» шығармасындағы бала
Тұрардың бейнесіне талдау жасай отырып,автор мұратын
ұғындыру;
Дамытушылық: Мәтіннен Тұрардың іс – әрекеттеріне баға беру арқылы
өзіндік көзқарасын жетілдіру, проблемалық сұрақтар арқылы
жинақтау дағдысын дамыту;
Тәрбиелік: Шығарма арқауы тарихи шындық екенін түсіндіре отырып ,
Тұрар бойындағы қасиеттер арқылы бауырмалдыққа,
шыдамдылыққа , қайсарлыққа , отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жинақтау ,пысықтау сабағы.
Сабақтың типі : Білікпен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері :
Сын тұрғысынан ойлау, ой белсенділігін арттыру
«Ыстық микрофон» (Сұрақ – жауап арқылы)
Сәйкестендіру тесті
«Рөлдік ойындар» әдісі
Топтық және жеке жұмыс
Э.Де Бононың ойлау қалпақтары
«Өз пікіріңді дәлелде»
«Сатылай кешенді талдау»
Әңгімені композициялық құрылысына талдау
«Топтастыру» стратегиясы
«Екі жұлдыз , бір тілек» әдісі
Көрнекілігі : Ш.Мұртаза және Т. Рысқұлов портреттері, бүктемелер, реферат – баяндамалар, плакаттар, кітап көрмесі, слайд, интерактивті тақта, Т. Рысқұлов туралы деректі фильмнен үзінді кадрлар, топтық жұмыс үшін постер мен тапсырма жазылған парақшалар, стикерлер мен смайликтер.
Сабақтың барысы :
І . Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасып, түгелдеп, зейіндерін сабаққа аудару, топқа бөлу.
ІІ . Үй тапсырмасы :
«Ыстық микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы тексеру.
Тірек – сызбалар арқылы Т. Рысқұлов өмірінің өсу жолдарын көрсету (слайд)
ІІІ . Жаңа сабақ
Біздің бүгінгі сабағымыз – өткен сабақтарымыздың жалғасы.
Ой қозғау:
Оқушылар , Шерхан Мұртаза туралы не білдік?
«Топтастыру » стратегиясы бойынша Шерхан Мұртаза туралы білімімізді жинақтаймыз.
Жазушылығымен
Турашылдығымен Қайсарлығымен
Несімен атақты?
Қоғам қайраткері
Не істеді ?
Шерхан Мұртаза
Кім ?
болғандығымен ел аудармашы жазушы
қамын жеді
драмалық публицистік Драматург Қоғам
шығармалар жанрда еңбек қайраткері
жазды етті
Шерхан Мұртазаның ,,Қызыл Жебе” роман – эпопеясы 5 кітаптан тұрады.
,, Рысқұл ”
,,Тұрар”
,,Жұлдызды көпір”
,,Қыл көпір”
,,Тамұқ”
Шығармада қазақ халқының ұлы перзенті Т. Рысқұловтың басынан кешкен теңдессіз аянышты халі әрқашан халық традегиясымен бірге қарастырылады. Қырық жылға жуық уақыт ішінде қазақ халқының басынан кешкен зобалаңдары, аштық қырғыны , саяси қуғын – сүргін зардаптары роман – эпопеяға негіз болды.
Идеясы : Шерхан Мұртаза Тұрар бейнесі арқылы қарама – қайшылыққа тұнған қазақ халқының тарихындағы ең ауыр кезеңін баян етті және оны шынайы суреттей білді.
Автор өзінің естелігінде былай дейді : ,,Тұңғыш рет Т. Рысқұловтың кім екенін 1960 жылы ,,Социолистік Қазақстан ” газетінде жарияланған қарт журналист , байырғы большевик , партия қызметкері Рахымәлі Байжасаровтың көлемді мақаласынан білдім”.
Содан бері жазушының ,,Қызыл Жебе” роман – эпопеясы үшін 40 жылдай еңбек етуі оңай шаруа емес. Шығарманың тартымдылық күші оның сындарлы ой – пікірінде . Оны біз романның ,,Оян,Тұрар! ” деп басталуынан көреміз.Тағы да бір айта кететін жай ,,Қызыл Жебе” романындағы Т. Рысқұловтың туған , жүрген жерін , әсем табиғатын аса бір шеберлікпен , керемет көркем оймен шынайы суреттеуі. Шығармада бір ауылдың бас көтерер азаматы Рысқұлдың тағдыры айтылады.
Жазушы Ш. Мұртаза бұл шығармасында кейіпкерлердің жан дүниесін ашатын оқиғалар түзіп, тартыс табиғатын талдауда алғырт танытқан. Кейіпкерлерді аса үлкен шеберлікпен даралай білген. Тұрардың портретіне назар аударып көрелік. Мысалы : Аласа төсектен салбыраған арық қолды тоқақ мұрын тәуіп шал әлі ұстап отыр.Арықтықтан баланың шынтағы шодырайып шығып тұр.Топ – толық қарулы бала енді қауқарсыз, сүлдесі сүйек болып қалған . Қара торы боп – боз көздің айналасы көгеріп , көлеңкесі түскен. Бұрын тәлпектеу мұрын енді ерекше сорайып ебедейсіз көрінеді. Жанарында ұшқын бар екен. Бұл бала – Тұрардың ауырып жатқан кезі.Қаншама ауру сүзектен сүзіп жатса да жанарындаға ұшқын кетпейді.
Мағынаны тану.
Оқушылардың ,,Тұтқын бала ” шығармасын қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында әңгіме мәтініне сатылай кешенді талдау.
«Білгенге маржан»
Авторы
Шығармадағы негізгі кейіпкерлер
Қосалқы кейіпкерлер
Портрет
Мінездеме
Тұрақты тіркес
Диалект сөздер
Мақал – мәтел немесе мақал – мәтел болып кеткен сөздер.
Талдау . Әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасау.
Әңгіменің басталуы
Әңгіменің дамуы
Әңгіменің байланысуы
Әңгіменің шиеленісуі
Әңгіменің шарықтау шегі
Әңгіменің шешімі
Талдау . Эдворд Де Бононың ойлау қалпақтары арқылы оқушылар
арасында пікірталас тудыру, ойлау қабілеттерін арттыру.
Ақ қалпақ: Тұрар ұстазының сенімін ақтайды.
Қызыл қалпақ : Тегін ауыстырып жаздырған кездегі Тұрардың сезімі
қандай болды?
Сары қалпақ: Тұрар үшін Қырғызбаев болудың қандай пайдасы
болды ?
Жасыл қалпақ: «Егер менің қолымда күштінің әлсізге жасаған
әділетсіздігін таптайтын сиқырлы таяқша пайда
болса ...» тақырыбында ой қозға.
Қара қалпақ : Приходьконың өтінішін жерге тастамағанда Тұрардың
болашағы жарқын болар еді.
Көк қалпақ : Бүгінгі сабақтан мен нені түйдім?
6 қақпақтың сөзін жинақтап , қорытындылау.
Шығармада мынадай жолдар бар : ,,Тұрар қаршадайынан әкесі Рысқұлды пайғамбарындай сыйлаған. Ол әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тәкәппарлығын, жарлымын деп жасымайтын жігерін көріп өсті. Тұрар үшін Рысқұл – ер біткеннің ішіндегі Одағай оқ жетпесі ”.
Шығармада Рысқұл өмірінің жалғасы автор сөзімен айтқанда : ,,Рысқұл бармаған әрісін болжайтын, ол шешпеген жұмбақты қиялмен барлап шешетін болашақ ұрпақ – Тұрар”.
Ендеше бір сәт осындай ұлылыққа толы халқымыздың біртуар азаматы Т.Рысқұловтың өмірінен бір қысқаша эпизодты көз алдымыздан өткізіп көрейікші:
Қолдану
,,Рөлдік ойындар” тәсілі арқылы 5 оқушы ,,Қызыл Жебе” шығармасынан ІІ кітабының IV бөлімінен Тұрарды мектепке баратын тізімге жазып кеткен тұсын сомдайды.Бұл әдістен кейін
Тұрар туралы деректі фильмнен (2 минут) үзінді көрсетіледі.
Шығармашылық тапсырма «Сәкестендіру тесті»
Рысқұл: -О не дегенің, байғұс – ау, алжиындегенсіңбе?
Тұрардықайтесің? - Ол бала емеспеекен?
Надзиратель: - Оян, Тұрар!
Бронников: - Сен ендімағанәрітілмаш, әрі писарь боласың.
Қырғызбай: - Әй, бандиттіңбаласы! Осы көргенкүніңдікөпсініп
жүрсіңбе, ей?!
Салиха: - Турарка, сен де шоқына сал, пайдасыболмаса,
зияныжоқ
Приходько: - Баланы қорлаушыболма, хайуан!
Наташа: - Сабақтанқайтаруақыттакешігушіболма!
Аркадий: - Біздеоқуғаберетін бала жоқ, қарағым.
Иван Владимирович: - Жайырақ, құдайүшін, жайырақ!
Атамырза: - Жай, әншейін, ананыңшынтағынақараңызшы,- деп
Тұрарғақолыншошайтты
Тұрар: - Сен тышқанныңбаласыемесжаралыарыстанның
баласысың. Сен – ҚызылЖебесің, бауырым!
Семашко: «Әттең, Аркашаныңорнында мен оқырмаедім,
кітаптан бас алмаседім»-
Өз пікіріңді дәлелде :
сезімтал
Тұрар
еңбекқор
ұғымтал,
білімге құштар
арманшыл
шыдамды
өжет
байқампаз
ақылды
IV .Сабақты бекіту
Жинақтау
Венн диограммасы арқылы салыстыру
Бала Тұрар
|
Ортақ қасиеттері
|
Дана Тұрар
|
|
|
|
Шығарма қаһармандарының түрлі жағдайдағы көңіл күйлері мен сезім – сырларын, адамдармен қарым – қатынасын, ішкі құпиясын таныту және сыныптағы сондай әсерге бөлену әрі оқуға жаттықтыру мақсатында Ш. Мұртазаға арналған Темірхан Медетбектің ,,Сен қылыш құсап кесіп сөйлейсің” өлеңін сынып оқушылары Мырзан Жанерке және Иса Абзал орындайды.
Сен қылыш құсап сөйлейсің
Қабағы
Жауар бұлттай түйіліп,
Қастары
Адырнадай иіліп,
Әр сөзін
Жебедей қадап сөйлесе,
Мүлгіген жұртты
Дауылдай сілкіп кеткен.
Әр сөзін
Еменнің тор көзіне
Шегедей қадап сөйлесе,
Естіген жұрт
Күндей күркіреп кеткен.
Шерхан Мұртаза!
Сен
Жел құсап
Есіп сөйлемейсің,
Сен
Қылыш құсап
Кесіп сөйлейсің.
Сен
Көктегі бұлттардай
Көшіп сөйлемейсің,
Сен
Сеңдер соқтығысып жатқан
Асау ағысқа
Омыраулап кіріп
Кешіп сөйлейсің.
Опасызды көріп,
Күйініп тұрасың.
Сондай кездерде
Жұдырықтай түйіліп,
Қаршығадай
Шүйіліп тұрасың.
Сен кейде
Жауға соғыласың, -
Жау да теңселеді,
Сен де теңселесің.
Сен кейде
Тауға соғыласың, -
Тау да теңселеді,
Сен де теңселесің.
Ессізді көргенде
Ашудан
Қабынып кетесің , -
Толқын ұрған жартастай
Тас – талқан боп
Жарылып кетесің.
Халқың сені
Арда туған
Арысым дейді.
Жонына қол тигізбейтін
Барысым дейді!
Шерхан Мұртаза!
V. Қорытынды:
- Міне , балалар Тұрар жүріп өткен жолдарға қарап отырып, оның бүкіл саналы ғұмырын ұлт мүддесі жолына арнаған ұлы жанашыры болғандығына көз жеткіздіңіздер. Оның сонау Голощекиннің солақай саясаты салдарынан қазақ даласын жайлаған сұрапыл ашаршылықпен жанкешті күресінің өзі неге тұрады?!
,,Егер сен шын адам болсаң , халқыңның тағдырына қабырғасы қайыспайтын жанды адам деуші болма” деген Әлішер Науаи. Олай болса , майталман жазушы, суреткер Ш.Мұртазаның ұлы тұлға , ұлы қайраткер, ұлы перзент Тұрар Рысқұловқа қойған көркем ескерткіші - ,,Қызыл Жебе” роман -эпопеясы заманалар көшіне мәңгі ілесе бермек.
Кері байланыс (2 мин) ,,Екі жұлдыз, бір тілек”арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады.
VІ . Үйге тапсырма
,, Жақсы бала жеткізеді мұратқа” шығарма жазу.
VІІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |