3-топ
3.1. Тәрбие сөзінің мағынасы
Студенттер топ ішінде тәрбиенің бала дамуындағы рөлі туралы мәліметтерді ауызша талдап, өзге топтарға түсіндіру мақсатында бір немесе екі студентті сайлап, дайындайды. Қойылған сұрақтарға топ болып жауап беріп,мысалдармен нақтылайды.
Тәрбие сөзі араб тіліндегі халаха түбірінен шығады.Сөздік мағынасы: мінез,табиғат,
жаратылыс, харектер деген мағыналарға келеді.Терминдік мағынасы болса: Адамның жақсы мен жаманды ажыратуына себеп болған рухани таңдаулар-ды,мінездермен қатынастардың жиынтығын тәрбие деп атаймыз. (Published On ММҰОдағы On Wednesday, January 19th 2011. Under Жалпы, Жұма уағызы)
|
Тәрбие сөзінің шығу тегі туралы жаңа ақпараттар алады. Сөздік, терминдік мағынасымен танысады. Тәрбиенің педагогика ғылымындағы анықтамасымен салыстырады.
|
Тәрбие сөзінің араб мәдениеті мен педагогика ғылымындағы анықтамаларын салыстырып, ортақ белгілерін табады.
|
3-топ
3.2. «Тәрбие деген не?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
|
Тәрбие төрт нәрсеге байланысты(базалық):
Тәні(Қалай тамақтандыру керек? Жүруге қалай үйрету керек? т.б.)
Ақыл-ой, танымы(Қандай білім беру керек? Сөйлеуге, оқуға, санауға үйрету т.б.)
Ішкі жан дүниесі(Қалай дамыту керек?).
Тұлға ретінде қалыптасуы(Жақсы көруге, тыңдай білуге, қамқоршы бола білуге, аяушылық білдіруге, шыдамдылыққа үйрету керек? Қалай жазалау керек? Басқа балалармен қарым – қатынасты қандай негізде ұйымдастыру керек? т.б.) (МAKALA.KZ .Бала тәрбиесіндегі маңызды нәрселер.Ұлттық, танымдық, мәдени — ағарту сайты. 04 Қараша 2012 жыл).
|
Бала тәрбиесінде ата - аналар қай тәрбиеге көп мән беретіндігін анықтайды.
Балаға қандай ойыншықтар беру керек?
Балаға қандай ойыншықтар беру керек?
Қай жастан бастап балабақшаға беру керек?
Теледидардан қандай мультфильмдер көрсету керек?
Қай жастан бастап әріп үйрету керек?
Компьютермен жұмысқа нешінші сыныптан бастап рұқсат беру керек?
|
Ата - аналар бірінші тән тәрбиесіне көп мән беріп, қалғандарын естен шығарып алып жататындығын айтады. Әрбір ата-ана бала тәрбиесінде осы төртеуіне де жіті мән беруі керек деген қорытындыға келеді.
|
|