Сабақтың ортасы
5 минут
15 минут
5 минут
|
3-тапсырма
Тыңдалым мәтінімен жұмыс. Тыңдалым мәтінін мұғалім оқушыларға оқып беруіне болады. Оқушылар 2 рет мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Қазақтың «көмекей əулиесі» — Бұқар жырау Қалқаманұлы
Халқымыздың асқан кемеңгер ойшылы, қоғам қайраткері, ақпа-төкпе жыр нөсері Бұқар жырау Қалқаманұлы қазақты билеген тоғыз ханға кеңесші болған. Кемеңгер би билік айтарда өлеңмен сөйлеген. Атақты шежіреші М.Көпейұлы «Өз заманында Бұқар «Көмекей əулие» деген атқа ие болған деседі. Жырау қара сөз білмеген, сөйлесе тек көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен» деп сипаттаған.
Бұқар жырау Тəуке хан тұсындағы ықпалды билердің бірі болған. Сөз өнерінің ерен жүйрігі атанған Бұқар Тәуке ханның ел басқару ісіне белсене араласады. Ол туралы Үмбетей жырау былай дейді:
Бұлбұл құстай сайрадың,
Тоты көрсең жайнадың.
Көріктей басқан күпілдеп,
Көмекейің бүлкілдеп,
Сөйлер сөзден таймадың.
Тəукенің болып жаршысы,
Халқыңның болып заршысы,
Белді бекем байладың.
Тəуке ханның тұсында Бұқар Қалқаманұлы белді жырау жəне беделді би ретінде өзінен жасы үлкен Қаз дауысты Қазыбек, Төле жəне Əйтеке билермен бірге қазақтың тұңғыш құқықтық құжаты «Жеті жарғыны» жасауға қатысады.
Р.С.Каренов
|
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
- Мәтінді екінші рет тыңдағанда Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай? деген сұрақтарға жауап іздейді.
Тыңдалған мәтін бойынша негізгі ойды анықтау үшін журналистердің репортаж дайындау үшін қоятын сұрақтарын қолданады. Осы сұрақтарға тапқан жауаптар оқушыларға Бұқар жырау туралы мәліметті ретпен және жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай? деген сұрақтар оқушыға негізгі мәліметті әртүрлі қырынан зерттеуге және қарастыруға мүмкіндік беретінін оқушы ұғынуы тиіс. Жауаптар жазылып болғаннан кейін оқушылар ойларын жинақтап, басқалармен бөліседі.
Ықтимал жауаптар:
- Кім? – Бұқар жырау туралы айтылған.
- Қашан? – Тәуке ханның тұсында беделді би болған.
Мұғалім оқушыларға орындаған жұмыстарымен оқып, бөлісулерін сұрайды. Сынып алдында оқушылар орындаған тапсырмаларын оқиды. Оқушылардың жұмыстарын мұғалім тыңдап, кері байланыс береді, дескрипторлар бойынша өз-өздерін бағалатады.
ДЕСКРИПТОРЛАР
|
https://articlekz.com/kk/article/16439
Қазақтың «көмекей əулиесі» — Бұқар жырау Қалқаманұлы
|