Сабақтың тақырыбы: Баскетболл және оның ережелері Жоспары: 1Кіріспе: Баскетбол және оның сипаты



бет6/8
Дата18.10.2023
өлшемі258,51 Kb.
#186567
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Баскетбол және оның ережелері

Ойын техникасы. Үйретуді дұрыс ауысудан сонымен қатар тосуды,беруді,лақтыруды,жүргізуді үйретуден бастау керек.
Ауысу. Ауысуды үйретуге әр тәсілдер бар. Бірінші тоқтап-тоқтап жүгіру,содан кейін секіру мен дұрыс үйретіледі. Әр әрекетке уақыт бөлінбеуі керек,бір тәсіл үйретіліп бола сала екіншісіне көңіл бөлу қажет.
Жүгіру. Жүгірудің табиғи дағдыларды қолдана отырып жүгіру техникасына алаңдап тоқтауды енгізеді жүгірудегі жаттығуларды,төмендегі тапсырмаларының орындалулары шешілмейтіндей кезек-кезек жасу керек:Дағдылы жүгіру,тіке және жылдам жүгіру,бағытты өзгертуге (айқастыра,доғал,бұрылыстар) жылдамдықты үдете жүгіру т.б. Жүгіру жылдамдығына,жүгіріс бастаудағы талпынысқа көп көңіл бөлінуі керек ондай жаттығулар жүйелі түрде жасалуы керек.Алғашқы ойыншылардың барлығы айналып жүгіруі керек.Сонда үйретуші ойыншылардың барлығын бақылап,қателігін түзеп отырады.Барлық жарыс жаттығуларында қолдың ырғақ бойынша қимылдауына көп көңіл бөлуі керек,себеі ол тек жылдам жүгіруге көмектеспейді,доппен жасалатын басқа әрекеттер үшінде маңызды. Мысалы:қолдың ырғақты қимылдауы допты тосу мен берілісте маңызды роль атқарады.
Техника -ол ойынның тәсілі,ойыншылардың қорғаны мен шабуылда нәтижені әрекеттерін қамтамассыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық керсетіп ұйымдастырады. Баскетболшы тәсілі үлкен екі бөлімнен тұрады: шабуыл жене қорғаны тәсілі. Тәсілдің қолданыстары қорғаныс және шабуыл әрекеттерін міндетті түрдегі бірлігі негізінде ғана үйретілу және жетілдіру керек. Ал бұл бірлікке қол жеткізу үшін қолданыстардың кенқорына ие болуы және оларды ойында қолдана білуї керек, ұтымды тәсілдің болуы баскетболшының дене қабілеттерін барынша толық және тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Баскетболшылардың тәсілдік дайындығын сатыға бөлуге болды және оған сәйкес міндеттер шешіледі. Бірінші сатыда негізгі қолданыстармен оларды орындау, негізгі амалдары сонымен қатар бұл қозғалыстардың негізгі бірліктері қолданылады. Қолданыстардың қозғалыста жасалуына және оларды өзгерте отырып орындауға он жаққа, сол жаққа, оң сол қолмен жасауға баса назар аударған жөн. Екінші сатыда, бұрын үйретілген қолданыстардың басқаша жаңа амалдармен біріктіре отырып қолдану тәсілдері жетілдіріледі. Үшінші сатыда бұрын үйретілген қолданыстар кешені жетілдіріледі, кеңейтілдіреді және қайталанады, сонымен бірге әр ойыншы мен жеке-жеке дайындық жургізіледі. Тәсілдік қолданыстардың әртурлі бірлігін үйретуде оларды орындаудың реттіліктік болуын қадағалаған жөн, бұл үшін әдетте негізгі тәсілдің қолданыстары бірлігі жататын кешенді жаттығулар қолданылады. Допты қағып алу - доппен ойнау кең тараған қолданылған түрі. Допты екі қолдап қағып алу үшін бір орында тұрып допқа қарай қолды түзу еркін созу керек. Мұнда бес бармақтар бір-біріне бағытталып 3-5 сантиметрге дейін жақындатылады. Доп саусақтарға тиген кезде қолды сәл бүгіп допты кеудеге қарай жақындатады. Әперу және басқа қолданыстармен бірлікте ғана қағып алуды жетілдіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет