Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша. Сабақтың мақсаттары



Дата27.07.2017
өлшемі61,12 Kb.
#22018
түріСабақ



Тексерілді :

Оқу ісінің меңгерушісі:

Караболова К.М.

Күні: 20.11.2015

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы : 3

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.


Сабақтың мақсаттары:
1. Жалпы мақсат : Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша жайында оқушыларға өз бетінше білуге жағдай жасау. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіру, бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалынғанын анықтауды үйрену , таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру .

2. Оқыту нәтижелері : Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша жайында түсінеді.Өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауы, сөйлеу тілі дамиды.

3. Негізгі мақсат : Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

4. Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жазуға, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабағы.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Әдісі - тәсілдері: Түсіндіру, оқыту, сұрақ - жауап, талдау, практикалық, баяндау.
Көрнекі құралдар: Тақырыптық суреттер, сызбалар, кестелер, үлестірмелі дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, бағалау парақшалары.

Пәнаралық байланыс : математика
Сабақтың барысы:
Сыныпты 3 топқа конфет арқылы бөлу. 2 мин
1 – топ: «Ыбырай» ауылы
2 – топ: «Абай» ауылы
3 – топ: «Жамбыл» ауылы
І. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Қатар – қатар тізіліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп – түзу болып тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа – нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр
2 – қатар тез отыр
3 – қатар сен де отыр
Сабақ бастар кез болып тұр.


ІІ. Өткенді қайталау.
«Бәйге» ойыны. 2 мин
Әр топ сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы жұлдызшалармен ұпай жинайды.
1 – топ: «Ыбырай» ауылы.
10. Зат есім дегеніміз не?
20. Сөйлем дегеніміз не?
30. Сөйлемнің қандай түрлері болады?

2 – топ: «Абай» ауылы
10. Бастауыш қандай сөз табынан жасалады?
20 . Баяндауыш дегеніміз не?
30. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

3 – топ: «Жамбыл» ауылы
10. Сан есім дегеніміз не?
20. Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді?
30. Бастауыш дегеніміз не?
ІІІ . Жаңа сабақты бастамас бұрын Сөзжұмбақ шешу. 1 . Сандарды өсу ретімен орналастырамыз . Сабақты математикамен байланыстыра отырып , көбейту кестесіне құралған өрнектерді орындай отырып сабақтың негізгі тақырыбымен байланысты сөзді шешеміз . / 3 мин/


З 4 х 5
Ы 20: 4
А 6 х 4
Ы 24: 4
Ш 3 х 4
С 5 х 5
Қ 4 х 4

С-25
Ы-5


З-20
Ы-6
Қ-16
Ш-12
А-24
-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы : Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.
ІV . Дәптермен жұмыс . Көркем жазу минуты. 2 мин
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық.
Көркем етіп жазайық.
Әә Әә Әә
Әдепті бала – арлы бала,


V. Оқулықпен жұмыс. 6 мин
47 – жаттығу.
- Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауыштарын тауып , оларға сұрақ қою .

- Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауышын салыстыру .

- Бастауыш пен баяндауышқа бірдей сұрақ қойылған сөйлемдердің тыныс белгісіне , оқылуына назар аудар . Сонда не байқадың ?

Сызықша қойылған сөйлемдерді көшіріп жазу.

Сәуле - биші . Сәуле биледі .

Әділет – оқушы . Әділет оқыды .

Сазан – балық Балық шоршиды .

Алма – жеміс . Алма пісті .
VІ. Ережемен таныстыру. 2 мин
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Досжан – студент. Абай – халық ақыны.
Тақтамен жұмыс / 6 мин /
48 – жаттығу .

Сөйлемдерді көшіріп жазу .Зат есімнен болған баяндауыштардың астын сызу .



VІІ. Топтық жұмыс. / 5 мин /
49 - жаттығу. Мақалды жатқа жазу. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызу. Бастауыштан кейін сызықша қойып , себебін түсіндіру .

  1. - топ Отан қуат , отбасы шуақ .

  2. - топ Мектеп кеме , білім теңіз .

3 - топ Ас атасы нан .

VІІІ. Өзіндік жұмыс / 3 мин /

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жазу.Бастауыш пен баяндауышты тауып астын сызу .


Үлгі: Тіл – қарым-қатынас құралы.
1 – топ: «Ыбырай» ауылы. 1 / Мектеп /..... – білім беретін мекеме.
2 – топ: «Абай» ауылы. 2 / Геолог /..... – жер қойнауын зерттейтін адам .
3 – топ: «Жамбыл» ауылы. 3. / Керік / .... – жер бетіңдегі ең биік жануар.

50 жаттығу / 5 мин /

1 – топ: «Ыбырай» ауылы. Мәтінді толығымен оқиды .

2 – топ: «Абай» ауылы. Мәтін неше бөліктентұрғанын анықтап береді .

3 – топ: «Жамбыл» ауылы. Сызықша қойылған сөйлемдерді тақтаға жазады .


ІХ. Ойын. «Менің бағытым» / 2 мин /

51 – жаттығу. 73 бет. Әр топтан екі оқушыдан шығып тапсырманы орындайды . Әрбір дұрыс жауап 10 ұпайды құрайды
Құмай - арқардың қошқары .

Сарымақ - қой тектес жабайы жануар .

Арқар - жолбарыстың күшігі .

Құлжа – киіктің лағы .

Құралай - аюдың баласы .

Қонжық - арқардың қошқары .


Сирек кездесетін атауларды есіңде сақта .

Х. Сабақты бекіту. 1 нұсқада берілген 7 тапсырмадан құралған тест . Мұнда топтағы барлық бала ат салысып , белгілейді де , қарсылас топқа береді . Қарсылас топ тексеріп ,өз бағаларын қояды .
Тест / 5 мин /
1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін:
А) Анықтауыш

Ә) Бастауыш *


Б) Баяндауыш

2. Қандай жағдайда сызықша қойылады?
А) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса *
Ә) Бастауыш та, баяндауыш та етістіктен жасалса
Б) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен жасалса

3. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:
А) Сөз таптары дейміз

Ә) Сөйлем мүшелері дейміз *


Б) Сөз дейміз

4. Баяндауыштың сұрақтарын тап:
А) Кім? Не? кімдер? нелер?
Ә) Қандай? қай?
Б) Не істеді? Не қылды? Қайтты? *

5. Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөзді тап:
А) Етістік
Ә) Зат есім
Б) Баяндауыш *
6. Бастауыштың сұрақтарын тап:
А) Қандай? қай?
Ә) неше? нешінші?
Б) Кім? Не? кімдер? нелер? *

Топ аралық бағалау. Топтар дәптерлерін алмастырып баға қояды

Рефлексия. 1 мин

Мұғалім: -Бүгінгі сабақ ұнады ма? Олай болса, бүгінгі сабақта не ұнағанын, не ұнамағанын стикерге жазып тақтаға ілейік.



ХІ. Үйге тапсырма .
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
53 - жаттығу Ережені жаттау .

ХІІ. Бағалау. 1мин
Мұғалімнің айтқанын,
Сақтап ойға тоқимыз.
Бар ынтамен оқысақ
Кілең «5-ке» оқимыз, - деп әр топтың жинаған ұпай сандарын санап, бағалау, мадақтау.

Әрбір топ бақылаушысы оқушыларды өздігінен ұпай санына қарай бағалайды .



Қант зауыты орта мектебі


Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша

Ж.Б.Жабаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет