- І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу
- ә) оқушылардың зейінін сабаққа аудару
- II. Үй тапсырмасын тексеру.
- ІІІ. Жаңа сабақ.
- ІV. Сабақты бекіту (Деңгейлік тапсырмалар)
- V. Қорытынды. (Венн диаграммасы.)
- Үйге тапсырма беру.
- VІІ. Оқушыларды бағалау.
Баяндауыш. - 1.Б
- 2.А
- 3.Я
- 4.Н
- 5.Д
- 6.А
- 7.У
- 8.Ы
- 9.Ш
Баяндауыш - Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай- күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш деп аталады.
- Сұрақтары: Не істеді? Қайтеді? Қайтті?
- Не істемек т.б.
Баяндауыштардың жасалуы. - Баяндауыштардың жасалуы.
- Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Көбіне баяндауыш болатын сөз табы – етістіктер. Мысалы: Амантайдың жүрегі аттай тулады.(С.Мұқанов.)
- Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім,сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді.
- Зат есімдерден болған баяндауыштар: Түнергенде түнмін, күлгенде күнмін. Сөзім- шекер, тілім-бал, лебізімнен алған нәр. (Ғ.Мұстафин.)
- Сын есімдерден болған баяндауыштар:
- Ауа-райы жақсы. Қар қалың.
- Сан есімдерден болған баяндауыштар: Мен он бестемін. Білгенің –бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.(Мақал.)
- Есімдіктерден болған баяндауыштар:Басқаға үлгі болатын бізбіз. Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі- осы.(М.Әуезов.)
| | - Нұрлан мектепте оқиды.
- Ол бөлмені тазалады.
- Біз Қазақстанда тұрамыз.
- Ертең жаңбыр жауады.
| - Машина баяу жүріп келе жатыр.
- Ол сурет өнерін жақсы көретін адам еді.
- Келе жатқан үшеу екен.
- Ол келуге тиіс екен.
|
Достарыңызбен бөлісу: |