5 кезең. Деңгейлік тапсырмалар. Оқушыларға тақтаға химиялық саты бойынша кедергілерден өту керек.
Калий оксидіне сәйкес келетін негізді жаз.
Фосфор оксидіне сәйкес келетін қышқыл.
Натрий гидроксийдінің с.м.м есепте
Алюминий оксидіндегі оттегінің массалық үлесін есепте.
16 г. Магний оксидіндегі оттегінің қанша массасы қажет.
Алғашқы үш тапсырманы оқушылар ауызша орындайды, төртінші және бесінші тапсырмаларды екі оқушы тақтаға орындайды.
6 кезең. «Химия және денсаулық» бұл кезеңде оқушыларға химия менде, сенде, барлық жарде, деп
«Қызық думан өміріміз ғаламат,
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ.
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап»
- дей отырып сұрақтар қойылады.
Тыныс алғанда түзілетін газ (көмірқышқыл газы)
Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар? (тұз қышқылы)
Тамаққа дәм беретін тұз (ас тұзы)
Асқазан қыжылын басатын тұз (ас содасы)
Медицинада “шаттандырғыш” деген атпен белгілі газ (азот оксиді)
Медицинада “ыстық укол” деген атпен белгілі тұз (кальций хлориді)
Адам ағзасының 60-65 пайызын құрайтын сұйық зат (су)
Ал оқушылар бүгін біз қаншама асулардан өттік, енді сабағымызды бекітетін де уақыт жетті. Оқушылардың алдына «Семантикалық карта» таратылады. бірер минуттан соң оқушылар парақшаларын алмастырып, тақтадағы дұрыс жауап бойынша бірін-бірі тексеріп бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |