Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ІІ деңгей сертификатталушы
Досжанова Айнұр Медетбекқызының сабақ жоспарлары
Күні:
|
25.04.2014ж.
|
Сыныбы:
|
3 «А» сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бесік жыры
|
Сабақтың мақсаты:
|
Бесік жырының маңызын ұғындыру. Қазақтың салт – дәстүрлері, бесікке байланысты ырымдар, бесіктің түрлері және бесік құрылысы, жабдықтары туралы мағлұмат беру.
|
Күтілетін нәтиже:
|
- Оқушыны іздену,ойлау, өздігінен тұжырым жасауға бағыттау,
-Берілген тапсырманы тез тиянақты орындау,
-Шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.
|
Оқытуда қолданылатын модулдер:
|
Жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту, диалогты оқыту, сыни ойлауға үйрету, АКТ қолдану
|
Сабақ түрі:
|
Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту
|
Сабақтың әдісі:
|
Топтағы диалогтік оқыту әдісі
|
Көрнекілігі:
|
Оқулық, интерактивті тақта, постер, маркер т.б
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сабақ барысы:
|
І Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты топқа бөлу
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық.
|
|
Үй тапсырмасын сұрау:
|
Тест сұрақтарына жауап береді.
Әр топ келесі топқа бөлім бойынша тапсырма береді.
|
Оқушылар тест сұрақтарын кітаптан оқып,жауабын айтады.
Берілген тапсырманы орындайды.
|
Жаңа сабақ:
|
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешу.
Сәбиге сәнді үй
Анаға ән – күй.
(Бесік)
2. Ой қозғау
Бесік деген не?
Бесікке жаттыңдар ма?
І-топ
Бесікке байланысы әдет-ғұрыптарды айтады.
ІІ-топ
Бесіктің денсаулыққа пайдасы
ІІІ-топ
Бесікке байланысты ырым-тыйымдар
ІҮ-топ
Бесіктің жабдықтарын айтады.
Ү-топ
Бесіктің қалай жасалатынын айтады.
Жаңа материалмен жұмыс.
Балалар, «Сарқылмас қазына» бөлімін осы «Бесік жырымен» бастаймыз.
Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы тұрмыс – салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтан да тұрмыс - салт жырлары деп атайды.Тұрмыс- салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмыс – тіршілігі, салт – дәстүрі сөз болады, төрт түлік мал және жан – жануарлар туралы, наурыздағы көктемгі ел қуанышы туралы жырлар айтылады. Тұрмыс – салт жырларының бір түріне бесік жыры, тұсау кесер жыры, жар – жар, той бастар, беташар, бата - тілек, жоқтау сияқты салтқа байланысты туған жырлар жатады.Тұрмыс – салт жырларын жалпы әрбір адам айта береді, әсіресе, олар той жиындарда көп айтылады.
Басты мұралардың бірі – «Бесік жыры». Бесік жырын суырып салма және дәстүрлі бесік жырлары деп екі топқа бөлген. Дәстүрлі бесік жырлары барлық жерлерде мазмұны мен әуені өзгертілмей орындалса,суырып салмада адам өзінің өнерін,ішкі мұң-сырын,сол кезеңнің жағдайын жырға қосып балаға айтқан. Ең алғаш қазақ даласында бесік жырын 1905 жыл хатқа түсіріп жариялаған Ә.Диваев болған.
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сөздік жұмыс: Шешен -сөзге ағып тұрған шебер. Тілге жүйрік адам.
Құрағым - көл , су жиегіне жайқалып өсетін жас шөпке теңеу.
Ақындардың бесікке байланысты жазған қандай өлеңдерін білесіңдер?
Сергіту сәті.
М.Бесбаевтың орындауындағы
«Бесік жыры» өлеңін тыңдау
6. Дәптермен жұмыс.
Өлеңдегі анасының баласына кім болар екенсің деп санамалап айтқан мамандық түрлерін, дәптерлеріне теріп жазу.
Ұста, балуан, ғалым, әртіс.
Блум түймедағысы
1.Бесік жырын қалай айту керек?
2.Яғни , сендердің айтуларың бойынша бесік жырын нәзік,баяу дауыспен айту керек пе? Неге?
3.Неге балаға бесік жырын айтады?
4.Егер бесік жырының орнына эстрадалық ән айтылса, балаға ол қалай әсер етер деп ойлайсыңдар?
5.Бесік пен бала төсегінің айырмашылығы қандай?
6.Сен күнделікті өмірде бесік жырын қалай қолданар едің?
|
Әр топ топпен бірлеседі, ақылдасады, кеңеседі. Постер жасайды. Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарға өмірмен байланыстыра отырып жауап береді.
Оқушылар топпен бірлеседі, кеңеседі, мәтін мазмұнын түсініп оқып, әр бөлікке ат қойып, өз түсінгендерін айтады.
|
Қорытынды:
|
Блоб ағашы бойынша оқушылар өз-өздерін бағалайды.
Кері байланыс.(рефлексия)
|
Оқушылар «Бесік жыры» мәтіні бойынша алған түсініктерін тірек сызба арқылы жеткізіп топпен бірлесе отырып қорытындылайды.Оқушылар сабақ туралы оң теріс пікірлерін айтады. Топ басшысы оқушыларды бағалайды.
|
Бағалау:
|
Смайликтер арқылы бағалау
|
|
Үйге тапсырма:
|
Бесік жыры өлеңінің ұнаған шумағын жаттап келу. Сенің кім болғың келеді? Шағын әңгіме жазып келу
|
Оқушылар берілген тапсырманы түсіне отырып қабылдайды.
|
Мұғалімнің аты- жөні:
|
Досжанова Айнұр Медетбекқызы
|
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
|
Пәні:
|
Әдебиеттік оқу
|
1 сабақ
|
Күні:21.05.2014
|
Сабақ атауы
|
Аңыз Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры
|
Сілтеме
|
Ана тілі оқулығы Алматы «Атамұра» 2010ж. Т.Әбдікәрімова,С.Рахметова,Б.Қабатай.
Интернет сайты-firefox Mozilla.
|
Жалпы мақсаты
|
Оқушыларға әңгіменің мазмұны арқылы адамгершілік құндылықтар жайлы түсінік беру;
|
Оқыту нәтижелері
|
Топтық жұмыс арқылы тақырыпты түсіну,талқылай білу,сыни ойлауға үйрену.
Мұғалім оқуға бағыттап отыру.
Оқушылардың өзін- өзі және достарын бағалау мүмкіндіктері.
|
Сабақта туындаған негізгі идеялар
|
Оқушылардың біліміне, білігіне сүйену,ойлау,сөйлеу мәнерін қалыптастыруға ықпал жасау.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыру .
Топтық жұмыстар барысында мәтіндегі негізгі ойды ұғынады.
Бірлесіп жұмыс жасай алатын болады.
|
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс (оқулықтағы тапсырмаларды талқылау),
Бір- біріне сұрақ қою, «Ас-адамның арқауы» тақырыпта дебат әңгіме,адамгершілік туралы өз ойларын айту.
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс әрекеті
|
Оқушының іс әрекеті
|
2 мин
8 мин
3 мин
10 мин
2 мин
10 мин
3 мин
5 мин
2 мин
|
Ұйымдастыру бөлімі.
1. Кіріспе (тұлғааралық байланыс)
«Шаттық шеңбері»
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Ынтымақтастық атмосферасы (оқушылар бір - біріне бүгінгі сабақ сәтті өтуіне екі жақсы сөз бен бір тілек айтады)
2. Оқушыларды топқа бөлу, бүгінгі топтық жұмысқа даярлау
А) Топқа бөліну. (түстер арқылы)
1. Топтар құру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Қарлығаш пен шөже торғай» мәтінін әңгімелеу.
І-топ Қарлығаш пен шөже торғайдың кездесуі
ІІ-топ Қарлығаш туралы торғайдың пікірі
ІІІ-топ Қарлығаштың жауабы
ІҮ-топ Шөже торғайдың мінезі
Ә) Әр топ бір- біріне сұрақ қояды.
Өз пікіріңді білдір.
-Қандай мінезді адамдарды білесіңдер?
-Адамға мінез-құлық ережелері керек пе?
-Бұл ережелерді не үшін шығарған?
Мінез-құлық-адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет.Оның басты белгісі-тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері.Адам бойындағы мінез-құлықтың бастапқы көрінісі-қылық.Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы,бағыт-бағдары,талғам-сенімі,көзқарасы,мақсат-мұраты көрініс береді.Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып тастауға мүмкіндік алады.Мінез-құлық адамның өзіне,айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан,жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның тыныс-тіршілігіне әсер етіп,сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
ІІІ. Ой шақыру: (тақтадағы топтама )-
Мына сипаттамаға сай келетін, баяғы заманнан кез - келген балалар журналының ішіндегі ертегілер мен аңыздарда қызықты оқиғаларымен әйгілі кейіпкерді тауып көріңдер. Аты кім екенін айтыңдар.
Сөзтапқыш
Халықтың сүйікті кейіпкері
Жуас
Айлакер
Күлкілі
Жақсылыққа жақ
Қожанасыр туралы постер дайындап әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Қожанасыр (араб.: نصرالدین جحا ходжа насруддин) – түркі халықтары арасына Орта ғасырда (13-ші н-се 14-ші ғасырларда) кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері.
Әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас бейнесінде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы Азия, Арабия,Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген аттармен кең тараған.[1][2]
Жаңа сабақ.
Тұсаукесер Мотивациялық кезең.
Сабақтың мақсат - міндетімен таныстыру
1. Бүгін біз халық ауыз әдебиетінің бір түрі - аңыз әңгімелермен танысамыз.
2. Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
3. Оның ертегіден айырмасы қандай?
4. Қандай аңыз әңгімелердің кейіпкерлерін білесіңдер?
Аңыз көбінесе тарихта болған адамның басына құрылатын шығарма.Аңыз әңгімеде өмірде шын болған адамның басынан өткен жайттар мен қиял-ғажайып оқиғалар араласып келеді.Қазақ аңыздарында Асанқайғы,Жиренше,Қорқыт сияқты ерекше жандар мен Алдаркөсе ,Қожанасыр сияқты ел ішінен шыққан қарапайым адамдар туралы оқиғалар айтылады.
«Иә», «Жоқ» стратегиясы.
Графикалық диктант.
1.Аңыз –ауыз әдебиетінің бір саласы бола ала ма? +
2. Аңыздағы оқиғаның шешілуі адамды жақсылыққа жетелейді деуге бола ма?. +
3.Жиренше мен Қарашаш өмірде болған жоқ деуге бола ма? -
4. Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері тарихи тұлғалар деуге бола ма? +
5.Аңыздағы кейіпкерлердің сөзі де, ісі де тапқыр бола ма? +
«Диалогтық оқыту»
«Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру»
Оқушылардың жауаптарын тыңдау барысында сыныптағы енжар балалардың әрекеттерін бақылау
Негізгі бөлім Миға шабуыл
1. Суретпен жұмыс
Суретке қарап бүгінгі өтетін мәтін не туралы екенін айта аласыздар ма?
Кімде қандай ой туды?
Кішкене ой шақырып алайық.
Жауапты түгел тыңдау, оқушыны бөлмеу, жауапты мақтау, жауапты түзету, одан әрі түсініктеме іздеуге ынталандыру, оқушылардың назарын ең маңыздысына аудару
2. Оқулықпен жұмыс
Джигсо - 1
Топта нөмірлену 1, 2, 3, 4
Ой ашар
Сараптама тобына бару
Үй тобына тапсырманы дұрыс айтып бару
Джигсо - 1 стратегиясы
Талантты, дарынды балалармен жұмыс бұл жерде оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсініп, білуіне мүмкіндік туады.
Оқушылар топтағы номерлері бойынша мәтіннің бөлігін оқиды, талдайды, өз тобына түсіндіреді.
3. Сергіту сәті
Қожанасыр туралы жасалған өзбек мультфильмінің үзіндісін көрсету.
Қорытындылау: Біз не білдік?
(жеке, жұптық, топтық жұмыс)
1. Осы мәтіннен не ұқтыңдар?
2. Қожанасырдың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
3. Асхана иесі қандай адам? Қысқаша мінездеме беріңдер.
«Диалогтық оқыту»
«Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру»
Оқушылардың бірлесе талқылауы, ой бөлісу
Рефлексия
Сөз тапқанға қолқа жоқ. Өзінің ойын бөлісу
Үйге тапсырма:
Мәтінді оқып, түсінік айтуға дайындалып келу; Дербес оқу Дербес оқуға жаттықтыру
Бағалау
Формативті бағалау: өзін – өзі, бірін - бірі бағалау
Өзара бағалауға, өзін - өзі бағалауға үйрету
Қорытынды.
Кестесін құру.
1. Мәтіннің аты:
2. Шығарманың қандай түрі:
3. Идеясы:
4. Кейіпкерлері:
5. Мәтін бізді неге үйретті:
6. Мәтіннің аяқталуы:
|
Оқушылар қағаз қиындыларының түсіне байланысты төрт топқа бөлінеді.
Аңыздар туралы өз білгендерін, естігендерін айтады.
Оқушылар тапсырмалар бойынша оқулықпен жұмыс жасайды.
|
Дереккөздер мен жабдықтар
|
А3 , А4 қағаздар, фломастер, оқулық, тақта, стикерлер, мультимедия және т.б.
|
Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері
|
Қожанасыр туралы деректер жинақтап,портфолиоға енгізу.
|
Кейінгі оқу
|
Мәтінді түсініп оқу,әңгімелеу.
Қожанасыр әңгімелерінің өміршеңдігінің сыры неде деп ойлайсыңдар? Сол туралы әңгімелеу.
|
Lesson Study сабақтарының жоспарлары
Күні:25.09.2014
|
Пәні: әдебиеттік оқу
|
Сынып: 4 А
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бес ешкі
|
Мақсаты:
|
Ертегінің мазмұнын,негізгі ойын түсіну.
Ертегі кейіпкерлерін сипаттай алуы.
|
Табыс критерийлері:
|
Ертегі мазмұнын түсіне алады.
Ертегі кейіпкерлері туралы өз ойларын жеткізе алады.
Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
|
Сабақтың әдісі:
Бағалау:
|
Топтастыру,топтық,жұптық жұмыс,Жиксо әдісі
Мұғалімнің бағалауы,бағалау парағы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Жүректен-жүрекке.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.)
«Кемедегінің жаны бір» демекші , бүгінгі сабақта бәріміз жұмылып, біріге жұмыс жасайық.
Сабағымыздың эпиграфы «Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты» (3 минут)
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Аңыз бойынша бір-біріне сұрақтар қою
(5 минут)
|
Қызығушылықты ояту
|
Ертегі деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? (2 минут)
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мағынаны тану (түсіну, қолдану)
Ертегіні оқып,танысу. Жигсо әдісін қолдану
Балалалар, бүгін «Бес ешкі» ертегісімен танысамыз. Бұл ертегіні топ болып бөліктерге бөліп оқимыз. Топтың өзі ішінара 1,2,3,4- ке бөлінеміз.
«Джигсо» әдісімен.
I топ
II топ
III топ
IV топ
Оқушылардың міндеттері:
-мәтінді өз бетінше оқу, біріге талдау;
-Сараптама топтарына барып,ертегінің қалған бөліктерімен танысу
- Өз «Жанұя» топтарына келіп, ертегі желісімен танысады.
(қол шапалақтау арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды)
(10 минут)
|
Ашық сұрақтар қою
|
- Сұрақтар:
-Ертегідегі басты кейіпкерлерді ата.
- Үй жануарлары боранға ұшырағандағы әрекеттерінен нені байқадық?
-Ертегі қалай басталады?
-Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады?
-Кедей малдарын қалай шақырады?
-Олар өз бастарын қорғау үшін не істегендерін қалай айтады?
-Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады?
-Бұл ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсың?
(6 минут)
|
Сергіту сәті
|
Ән әуеніне билеу
(2 минут)
|
Шығармашылық жұмыс
|
«Ротация» әдісімен ой қорытындыларын плакатқа жазып, ортаға салу.
-Ертегі кейіпкерлерін ата және оларға мінездеме бер.
- Ертегінің жағымды жағы не деп ойлайсың?
-Ертегінің жағымсыз жағы не деп ойлайсың?
-Мәтіннің өзектілігі неде және қандай үлгі алдың?
Сен білесің бе? Ат туралы бейнежазба көрсету (10 минут)
|
Қорытынды
Рефлексия
|
Бағалау (бағалау) Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.
-Не ұнады? -Не ұнамады? (5 минут)
|
Күні:26.09.2014
|
Пәні: әдебиеттік оқу
|
Сынып: 4 А
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ғажайып бақ
|
Мақсаты:
|
Ертегіні мәнерлеп оқып,өз ойларын айтуға үйренеді.
|
Табыс критерийлері:
|
Ертегіні мәнерлеп оқи алады.
Ашық сұрақтарға жауап бере алады.
Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
|
Сабақтың әдісі:
Бағалау:
|
Топтастыру,топтық, жұмыс,
Мұғалімнің бағалауы,бағалау парағы
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Тренинг «Қошемет» (2 минут)
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Ертегіні қалай аяқтар едіңдер?
(3 минут)
|
Қызығушылықты ояту
|
Бейнежазба көрсету
Сұрақ-жауап
Бейнежазба сендерге қандай әсер қалдырды? Осы бейнежазбаны көре отырып ертегі не туралы болатынын оқушылардан сұрау. (5минут)
|
|
|
Жаңа сабақ
|
Мағынаны тану (түсіну, қолдану)
«Пирамида құру» әдісін қолдану
Жаңа мәліметпен жұмыс жасалғаннан кейін,түрлі деңгейлерде түсінік құрастыру тәсілі.
Бұл тәсіл жүзеге “ жеке-жұп-топ-аудитория”схемасы арқылы асырылады. Бөлімдерге ат қояды.
(10 минут)диалогтік оқыту
|
Сергіту сәті
|
«Күміс құмған-ай»
(2 минут)
|
Шығармашылық жұмыс
|
Блум таксономиясы бойынша (топтық жұмыс)
1.Ертегідегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
2.Ертегінің негізгі ойы не туралы деп ойлайсың?
3.Жас жігіт қандай адам деп ойлайсың,сен оны кездестірсең оған қандай сұрақ қояр едің?
4.Егер жас жігіт болмағанда қандай жағдай болар еді?Қалай ойлайсыңдар?
5.Адамдардың атынан жас жігітке қандай хат жазар едің?
6.Жас жігіттің ісін қалай бағалайсыңдар?
(15 минут)
|
Қорытынды
Рефлексия
|
Бағалау Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.
-Қандай әсер алдыңдар?
-Не ұнамады?
-Не ұнады? (5 минут)
|
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің мұғалімі
Досжанова Айнұр Медетбекқызының коучинг сабағының жоспары
Коучингтің тақырыбы:
|
Оқытудағы кедергілерді жою
|
Жалпы мақсаты:
|
Оқытудағы бөгет болатын факторларды айқындау, теріс әсер ететін факторларды қарастыру,оларды жою жолдарын анықтау
|
Күтілетін нәтиже:
|
Мұғалімдер оқуда болатын кедергілерді анықтайды.
Кедергіні жою жолдарын таба алады,оны
тәжірибелерінде қолданады.
|
Түйінді идея:
|
«Оқытудағы кедергілер» деген түсінікті біліп, сол кедергілерді жою қадамдарын жасай алады.
|
Дерек көздер:
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық , екінші(негізгі) деңгей, таратпа материалдар (бірінші апта төртінші күн)
|
Пайдаланған құралдар мен материалдар:
|
Компьютер,интерактивті тақта,флипчарт,маркерлер, постерлер,стикер,таблица, фотолар
|
Коучинг барысы:
Коучинг- сессияның өту кезеңдері:
|
Уақыты
|
Коуч пен коучингке қатысушы мұғалімдердің іс әрекеттері
|
Сәлемдесу.
«Кемедегі капитан» ойыны
|
5 мин
|
Психологиялық дайындық.
«Қос шеңбердегі комплименттер»
Қатысушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады.Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған қатысушылар кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек.Содан кейін ішкі шеңбердегілер оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа адаммен комплименттермен алмасады.
Коучингке қатысушы мұғалімдер ортаға «Кемедегі капитан»ойынына шақырылады. Олар кемедегі капитан деген кезде бір-бірден,полуба дегенде екі-екіден,судан құтқару дегенде үш адам ,тамақтану дегенде төрт адам,кеме дегенде бес адам тұра қалу керек. Сол кезде ойын аяқталады. Сол топтарымен топқа бөлінеді.
|
Топқа бөлуді ұйымдастыру жайлы қысқаша айтылады.
Топтық жұмыстың ережесін қабылдау.
|
5 мин
|
Коуч топқа бөлудің әр түрлі тәсілдерін айтады.Оқушылар топқа ойнай отырып бөлінетіні және үнемі әр түрлі топқа түсетіндігі айтылады. Топқа бөлудің бір әдісі жаңағы өздері ойнаған ойын екені айтылады..
Жұмыс істеуге қалыпты атмосфера қалыптастыру үшін флипчартқа топ ережесін жазу.Бұл қатысушылардың сенімділіктерін арттырады.
|
Миға шабуыл
|
5 мин
|
«кедергі» деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не келеді?(ассоциация)
Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар?
|
Слайд көрсету
|
10 мин
|
Мына фотосуретті не біріктіреді?
Сіздер айтқан ассоциациялар суреттерге сай келді ме?
2) Сіз үшін оқытудағы кедергілер деген не ?
3) Оқушылар оқуда қандай қиындыққа тап келеді?
Топта талдау
|
Топтық жұмыс
|
10 мин
|
Кедергінің себептерін анықтаңыздар және постерға жазыңыздар
Топтық жұмыс:
«Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлар» кестесімен танысып, фишбоун диаграммасын толтырыңыздар.
“ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР" КЕСТЕСІ
Оқушылардың оқуына оң әсер ететін факторлар
|
Оқушылар
|
Оқушылар үшін оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторлар
|
• Жақсы денсаулық
• Дұрыс тамақтану
• Қажетті ұйқы
• Тиісті киім
• Талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй
|
Әлеуметтік және физикалық факторлар
|
• Аурулар
• Аштық
• Шаршағандық
• Сәйкес келмейтін киім
• Нашар тұрғын үй жағдайлары
|
Неменеге күш жұмсауға болатынын анықтау Өз табысына сенімділік
Маңызды марапаттар
Оқу үдерісі туралы хабардар болу Шеберлік сезімі
Ол үшін беделді болып табылатын адамдардан алған марапаттар
Бай тәжірибе және тіл
|
Оқушының жеке факторлары
|
• Күш жұмсауға тұрмайтын әрекеттерді анықтау
• Сәтсіздікті мойындау, ұят
• Марапаттың болмауы
• Оқу үдерісін нашар түсіну
• Әлсіздігін сезіну
• Ілтипаттың не көтермелеудің жоқтығы
• Тәжірибенің және сөздік қордың шектеулілігі
|
Отбасының белсенді қолдау көрсетуі және жоғары нәтижелер күтуі
тетелес топтардың оң бәсекелестігі мен қолдауы
әлеуметтік және отбасылық қолдау жүйесі, рөлдік үлгілер мен тиісті тәжірибе
|
Әлеуметтік қолдау түрлері
|
• Отбасынан шеттеуі және олардың төмен нәтижелер күтуі
• Құрдастардың қабылдамауы және оқуға деген үстіртін көзқарас
• Шектелген әлеуметтік қолдау, еліктеу үшін ұнамсыз үлгі мен басы артық факторлардың көптігі
|
ойлау деңгейіне сәйкес
эмоционалдық тұрғыдан қанағаттандырады
жеке тұлға үшін маңызды болып қабылданады
белсенді педагогика арқылы еліктіреді
пән бойынша қызықты тапсырмаларды енгізеді
|
Тапсырмалар мен берілген есептердің сапасы
|
• өте жеңіл немесе өте ауыр
• эмоционалдық тұрғыдан алаңдататын, орынсыз және мән-мағынасыз сияқты қабылданатын
• оңтайлы емес оқыту әдістерінің негізіндегі немқұрайлылық
• қызықсыз тапсырмалар немесе пән
|
Оқушының міндеттері
Назар аудару, шоғырлану, тәжірибе, ойлану, табандылық көрсету, тұжырымдамалық негіздер мәнін құру және оны кеңейту.
|
|
Сергіту сәті
|
5 мин
|
Қатысушылар сергіп қалады.Сабақ арасында сергіту сәтін пайдаланудың қаншалықты пайдасы бар екенін сезеді.
|
Рефлексия
|
5 мин
|
Флипчартты қорғау және кері байланыс
|
Топтық жұмыс
|
10 мин
|
Салли мен Альма мінездемесі бойынша жұмыс.
-Осы мінездемені оқыңыздар және «Бұл оқушыға қалай көмек беру керек?» деген сұраққа жауап беріңіздер
|
Рефлексия және
кері байланыс
|
5 мин
|
«Осы коуч-сессия бізге не берді?» деген сұраққа жауап бере отырып, коучингтің қалай өткеніне 5 сөйлем жазыңыз. Бүгінгі коучингкке қатысты сөздерді хормен айтыңыздар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |