Сабақтың тақырыбы: Білгірлер бәйгесі
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың логикалық ой - өрісін дамыту, білім, білік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, топпен жұмыс істей білуге баулу, ой өрісін кеңейту.
Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіру.
Сабақтың түрі: топтық сайыс
Көрнекіліктер: Слайдтар, кестелер, таратпа қағаздар
Қолданылған нақыл сөздер:
Өмір екі нәрсемен ажарланады, олар – математикамен шұғылдану және оны оқыту
(С.Д.Пуассон)
Пәнді игеру дегеніміз – қолдан келтіру және есепті шығарудан қорықпау
(Д.Пойя)
Жоспары:
1.Топтар өздерін таныстыру (5-мин,)
2.Логикалық есептер шығару (10-мин)
3.Танграм есебі (5-мин)
4.Полиглот (5-мин)
5.Мақал-мәтелдер сайысы (7-мин)
6.Практикалық тапсырма (8-мин)
Жүргізуші:
Уа, жараңдар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Бөлісейік!
Ортаға сап ойларды.
Жиылған мына балалар
Білім жолын қуғандар
Бәрің де
Білімді болып жан – жақты
Саналы болып салмақты
Шығамын деген биікке
Үлкен, үлкен арман бар.
Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене!
Білмегенді білгізген
Өлшеп киімді кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене!
Бүгінгі «Білгірлер бәйгесі» атты интеллектуальдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Уақытыты көп созбайық,
Ойынымызды бастайық!
Ортаға 6 «а», 6 «ә» сынып оқушыларынан құрылған топтарды шақырамыз.
1-тур. Танысайық! Топтардың аты, ұраны, эмблемасы, қабырға газеттерінің бар болуы ескеріледі. Ең жоғары ұпай 10 ұпай деп бағаланады.
2-тур. Кім жылдам? – деп аталады. Оқушыларға 5 логикалық тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.
№1
|
Сағат циферблатының әрбір бөлігіндегі сандардың қосындысы 13-ке тең болатындай етіп қалай бөлуге болады?
|
№2
|
Алғашқы екі фигураның арасындағы байланыс соңғы екі фигурада болуы үшін сұрақ белгісінің орнына қандай фигураны орналастыру керек екенін тауып белгілеңіз?
|
№3
|
Әрбір алманы 4-тен артыққа бөлмей 12 адамға 8 алманы қалай бөліп беруге болады?
|
№4
|
Сиқырлы шаршыны толтыр
|
№5
|
Азат, Самат және Талғат жарыста жүлделі орындарға ие болды.
Азат 1-орын алмады, ал Талғат бірінші және екінші орын алған жоқ. Әр бала жарыста қандай орындарға ие болды?
|
Жауабы: №1. 12+1; 11+2; 10+3; 9+4; 5+8; 7+6
№2. Д
№3. Әр алманы 3-ке бөлсек 24 бөлік алма шығады. Енді әр адамға 2 бөлік алмадан береміз.
№4.
-
№5. Самат -1, Азат -2, Талғат – 3
Көрермендер есебі: Қарындашты қағаздан көтермей және бір сызықты екі рет бастыра жүргізбей, суреттегідей фигураларды сыз.
3-тур. «Танграм» ерте заманғы қытай бас қатыру есебі.
4-тур.
Бес жерде бесім жиырма бес
МИФ пенен басқа ғылым бір емес
Арғы жағын айтпаймын
Ойыңа салып өзің шеш.
Әр топқа өтілген материалдары негізінде 3 есеп құрастырылып беріледі. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Есептердің жауабын үш тілде айту керек. Егер дұрыс шығарып үш тілде айта алмаса бір есепке 1 ұпай ғана беріледі.
6 «ә» сыныбы
№1. Теңдеуді шеш: (төрт, четыре, four)
№2. Есепте : (үш, три,three)
№3. Тік төртбұрыштың ұзындығы 5 см, ені ұзындығынан 3 есе артық. Тік төртбұрыштың периметрін есепте? (қырық, сорок, forty)
Достарыңызбен бөлісу: |