Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты



бет11/11
Дата29.01.2018
өлшемі0,88 Mb.
#36148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



Пәннің аты:сауат ашу

Уақыты:

Сыныбы:1 «В»

Мұғалім:Тайгараева Б.

Сабақтың тақырыбы:

А дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

А дыбыс мен әрпін таныстыру,әріпті көркем жазуғу үйрету.

Міндеті:

А дыбысы мен әрпін таниды.

Сөздік қоры артады,буын туралы біледі.



Күтілетін нәтиже

Байланыстырып сөйлеу қабілеті артады.

Дыбыстық талдау жасай біледі.



Ресурстар

Суреттер,әріп кассасы

Ұйымдастыру

Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Тұсаукесер

Балалар біз бүгін саяхатқа аттанамыз. Саяхатымыз орман болмақ.

- Орманды кәне көз алдымызға елестетейікші

- ( балалар өз ойларын айтады)

- Қандай аңдарды білетін едік.

- Ал ендеше біз білетін түлкі қандай аң?

Ол барлық аңдарды алдап жүреді. Бір күні аңдар: « Қап бәлем түлкінің сазайын тартқызайын» –деп ақылдасып, түлкінің үйіне баратын жолды бөгеп, өздері тұрып алыпты:

- Біз түлкіге көмектесеміз бе?

- Олай болса түлкіге кедергі келтіріп тұрған аңдардың тапсырмасын орындап түлкіге көмектесейік.

1-ші аң түлкіге кездескен – қасқыр

Қасқырдың тапсырмасы: Қандай зат артық.

1) кітап, дәптер, қалам –оқу құралдары, доп – ойын құралы

2. ұшақ, автобус, машина - көліктер, көйлек - киім

3. төрт түлік - жолбарыс

4. ыдыс-аяқ - банан

Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: «Жолың болсын!»

- келесі кедергіде тұрған аң - кірпі.

Ол «төрт түліктің төлін тап» деген тапсырма:

Қойдың тапсырмасы:

қой –қозы

1) буынға бөлу, сөйлем құрау

жылқы-құлыншақ 2) жылқының пайдасы

сиыр-бұзау 3)ешкі-лақ 4)түйе-ботақан 5)



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Негізгі бөлім

Сергіту сәті

Сыйластық сөзі: «Саған сәттілік тілеймін»
Келесі кезекті аң – аю
Аюдың тапсырмасы: «Ажырату»
- оқушылар мына жерде күз мезгілінің байлығы жемістер мен көкөністер бар, бірақ ол қай себетке барарын білмей тұр? Кәне ажыратайық
Ортақ қасиет
Дәруменге бай
Денсаулыққа пайдалы
Адамның ағзасына пайдалы
Аюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»
- оқушылар біз жаңа қандай аңның тапсырмасын орындадық? – дұрыс аюдың.
Мына себеттегі жемістердің атын атаңдаршы?
- алма, алмұрт, алхоры
Олай болса бүгінгі танысатын алғашқы әрпіміз
А әрпі болмақ.
Қане кітапқа қарайық, ненің суреті - алма, алмұрт, ананас.
-А әрпі қандай дыбыс деп?
-А дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да кездеседі.
А дыбысы
сөздің басында-----------------------------қызыл үйге кіреді
ортасында
соңында
Дыбысты біз айтамыз, естиміз.
Әріпті біз жазамыз, көреміз.
Оқушылар серігіп болсақ қане А дыбысының таңбалануымен танысайық, таңбасын біз әріп дейміз.
Әріптің баспа жазба түрі бар, біз мектеп алды даярлық тобында баспа түрімен таныстық. Енді жазба түрімен танысамыз.
А әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар:
Жоғарыдан -оң жаққа қарай имектелген көлбеу
- сол жаққа қарай имектелген көлбеу
белін қысқа сызықпен сызамыз – бұл бас әріп.
Толық құрсау дөңгелектенген және имектелген көлбеу сол жаққа қарай(а)
А-бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз.
Ауа жазу, санағышпен құрастыру, тақтаға жазу.
Дәптермен жұмыс
Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.
- Балалар А дыбысынан келетін біздің сыныпта ұл-қыздар бар ма?
Қане тақтаға бері қарайық. А әрпін бекіту.

Орманда кірпі келеді, 


Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Қорытынды

Ұйқасын тап.
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы арыстан
Түлкі үйіне келді, жетті сіздерге алғыс айтты.
Ойын: «Сиқырлы қалпақ» егер уақыт қалса бастарына кигізу арқылы а-ның ортасында, соңында, басында келетін сөздер айту.

Үйге тапсырма

Мадақтау, бағалау.
Алма ағашынан алма теріп балаларға тарату. Сабаққа жақсы қатыстыңдар!




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәні:сауат ашу

Уақыты:

Сыныбы:1 «В»

Мұғалім:Тайгараева Б.

Сабақтың тақырыбы

А а дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

А дыбысы және әрпі туралы түсінігін кеңейту. А дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

Міндеті

А дыбысы туралы түсінігі кеңейеді.

Жазу дағдысы қалыптасады.



Күтілетін нәтиже

А дыбысы және әрпін таниды,көркем жазады.

Буынға бөледі,сөздік қоры артады.



Ресурстар

Суреттер,оқулық,әріп кассасы

Ұйымдастыру

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.



Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады






А а дыбысы туралы әңгіме жүргізу





Тұсаукесер

- Дауысты, дауыссыз дыбысты есту арқылы ажыратамыз. Дыбыстың таңбасын «әріп» дейміз. Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбысты естиміз, айтамыз.

Негізгі бөлім




Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Сөзді дұрыс айтқан балаға бір - бірден ойыншық үлестіріледі. Ойын соңында ойыншықтарды санау арқылы кімнің көп сөз тауып айтқанын анықтайды.

Қорытынды




 Бағалау

Мадақтау

Кері байланыс


Сабақтың тақырыбы: Әә дыбысы мен әрпі

Күні: 01.11.2013 жыл
Пәні: Сауат ашу
Сыныбы: 1 «б»
Сабақтың тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Әә дыбысы мен әріп таңбасын меңгерту. Ә ә дыбысын сөз ішінде тауып, дұрыс оқуға, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Тұтас сөзді, мәтінді оқуға төселдіру.
Дамытушылық: Жеке сөздерді оқуға, сөйлемдерді тез әрі дұрыс оқуға дағдыландыру.оқушылардың ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын жетілдіруге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, өзгенің еңбегін бағалай білуге, сауаттылыққа, көркем жазуға, әсемдікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, түсіндіру, ой қозғау, талдау-жинақтау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық дайындық.
Біз талапты баламыз,
Оқып білім аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз
Сәлеметсіздер ме! 
Оқу құралдарын түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен материалды еске түсіру, пысықтау:
«Сиқырлы асықтар» ойыны
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Іі дыбысы қандай дыбыс?
6. І і дыбысы сөздің қай бөлігінде кездеседі?
Жұмбақты шеш:
1. Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса, аттама (Кітап)
«Кітап» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
«Кітап» сөзін қатыстырып сөйлем құра.
2. Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуін қоймайды. (Ешкі)
Ешкі қандай жануар?
Оның қандай пайдасы бар?
«Адасқан сандар» ойыны
т е к і 
2 1 4 3 
к е с і 
4 1 2 3 
г і ш і л 
3 1 5 4 2 
к л т і 
1 3 4 2 


Оқулықпен жұмыс. 
Сөздерді тізбектей, хормен оқыту. 
Іі дыбысынан басталатын отбасы мүшесін ата.

ІІІ. Жаңа сабақ
Өлең оқу.
Әжем бесік тербетіп,
Әлди әнін салады.
Әй-әй сәби ер жетіп,
Әже еңбегі жанады.
Өлең кім туралы?
Әже-отбасы мүшесі, ақылшымыз.
«Әже» сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?
Ә-ә-ә-ә
Қалай айтылып тұр?
Ә ә-жіңішке дауысты дыбыс.
Әріп таңбасымен таныстыру.
Ә дыбысынан басталатын тағы қандай сөздерді білесіңдер?
Әже, әңгелек, сәбіз, дәрігер сөздерін буынға бөліп, ә дыбысының сөздегі орнын тапқызу.
Буыннан сөз құрап оқы.


Оқулықпен жұмыс.
Ә дыбысына берілген сөздерді, «Әже» мәтінін оқып беру, оқушылардың хормен оқуы, жеке-жеке тізбектей оқыту.
Сөздік жұмысы:
Сәнді-жарасымды
Әжім-қарттықтың белгісі.

Әдемі аппақ баламыз,
Сауатты, көркем жазамыз. 
Дәптермен жұмыс
Әә әрпіне берілген тапсырманы көркем етіп жаздыру, оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау. 
Сергіту сәті
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде қандай жауын көп жауады?
Олай болса, саусақтарымызды дем алдырып, саусақ ұшымен жаңбыр дыбысын салайық!
ІV. Сабақты қорытындылау:
«Ғажайып вагондар» ойыны
Орны ауысып берілген сөздерден сөйлем құрау.
Менің әжем бар.
Әсем – әдепті оқушы.
«Өз үйін табуға көмектес» ойыны
Әже әке сән ән мәсі сәкі бәкі дән Әсел 
Ә – әже, әке, Әсел 
...ә.. – сән, мәсі, бәкі, дән 
V. Сабақты бекіту:
Бүгін қай дыбыспен және әріппен таныстық?
Ә ә-қандай дыбыс?
Ә дыбысынан басталатын адам аттарын айт.
Оқушылар белсенділігін мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет