Оқулықпен жұмыс
Түсінік беру.
Қазақ халқының, яғни біздің халқымыздың ата кәсібі-мал бағу.
Сондықтан да олар төрт түлікті қадірлеген. Оларға арнап ертегілер, мақалдар, жұмбақтар шығарған.
Енді сендер мына жұмбақтарды шешіңдер.
1. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
2. Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
3.Жұмбақ жасыру:
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар (түйе)
4.Екі айнасы бар, Сыртылдаған тұяғы бар.
Екі найзасы бар. Бір желпуіш сияғы бар. (Сиыр)
Сергіту сәті
Ойын: «Жануарлардың даусын салу»
Дауысты дыбыстармен таныстыру,жеке айтқызу,айтылу ерекшеліктеріне назар аударту.
Жануарларға байланысты тыйым сөздер:
Малды аяқпен теппе.
Жатқан малдың үстінен аттама.
Малға кет деп дауыс көтерме
Мақалдарды еске түсірейік.
1) Ат- ер қанаты.
2) Сиырдың сүті- тілінде.
3) Мал өсірсең, қой өсір
Өнімі оның көл көсір.
Ырым
Қойдың сүті қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
Малды теппе, ақты төкпе.
|