Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты



бет7/11
Дата29.01.2018
өлшемі0,88 Mb.
#36148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бекітемін: Козибагарова Ж.

Пәннің аты:сауат ашу

Уақыты:

Сыныбы:1 «В»

Мұғалім:Тайгараева Б.

Сабақтың тақырыбы

Құстар.Үй құстары. Дыбыс

Мақсаты

Оқушыларға құстар туралы түрлі мағлұматтар беру,оның көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын және тіршілік ету ерекшелігін түсіндіру;


Міндеті

Құстарға қамқор болуды үйренеді.

Күтілетін нәтиже

1.Ой-өрісі кеңейеді.

2.Құстар туралы түсініктері артады.

3.Дыбыс түрлерін біледі.


Ресурстар

Суреттер,оқулық,бағалау парақшалары

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Тұсаукесер

Сұрақ-тапсырма:

1.Жануарлардың тобын ата.

2.Дала жануарларын неге «жабайы аңдар» дейміз?

3.Бірнеше жабайы аңдарды ата.

4.Үй жануарларын ата.

5.Үй жануарларының қандай пайдасы бар?



Психологиялық жаттығу

-Бүркітке не жарасады? (самғаған ) қолдарын жазып көрсетеді

-Шегірткеге не жарасады? (секірген)

-Ақ тауыққа не жарасады?(шоқыған)

-Ақылдыға не жарасады?(оқыған)


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс

Елдің әні, көлдің сәні, ең сұлу құс ол – аққу. Бұл құс жұбымен жүретіндіктен, жас жұбайларды аққуға теңейді.



Қыз есімдері Ұл бала есімдері

Ақ..... Қу......

Ақ..... Қу......

Ақ..... Қу......

«Жоғалған буындар» ойыны. Білімдерін сынап, байқап көру. Құстардың аттарын атап, қай топқа жататынын анықтап ажырату.

Үй-...,са-...-қан,та-...,қар-..,бұл-...,тор-...,тыр-..,бүр-...,ба-..-пан

Құс аттарына байланысты қойылған есімдер туралы түсінік беру.

Бұлбұл, Бүркітбай, Мекен, Шағала, Торғай, Қаршыға, Сандуғаш, Сұңқар

«Құстар қалай дыбыстайды» ойыны. Құстардың дыбыс шығаруына қарай ажыратып, атын атау.

1.қораз 2.тауық 3.бұлбұл 4.көкек 5.қарға 6.қаз 7.қарлығаш


Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 






«Адасқан құстар» ойыны. Әр топтағы құстарды дұрыс топтастыру

Жабайы құстар Үй құстары

Бүркіт Әтеш

Тауық Тырна

Аққу Үйрек

Қаз Шағала

Тоқылдақ Түйетауық

«Қыран» сөзжұмбағын шешу. Құстардың атын біліп, оларды ажыратып, тану.

1.Елдің әні,

Көлдің сәні

2.Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады

3.Бейбітшілік құсы-...

4.Алшаң-алшаң басады,

Бірін-бірі көрсе қаңқылдасы

5.Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап



Қорытынды

«Кім зерек?» ойыны.Суреттің жартысын көру арқылы қай құс екенін ажырату

1.бүркіт 2.тауық 3.түйетауық 4.қарлығаш 5.аққу

-Құстардың қандай түрлері бар?

-Жабайы құстарды ата

-Үй құстарын ата

-Құстардың қандай пайдасы бар?



Ойынға қатысады.

Сұрақтарға жауап береді.



Үйге тапсырма

Маған ұнайтын құстар әңгімелеу

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет