Сабақтың тақырыбы «Білімділер аралы» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты: Білімділік:Білімге деген көхқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту, логикалық ойлауын шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой-өрісін, сан тұрғысында ойлауын, топ мүшелерін сезінуін, ерік сезім белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды алғырлыққа, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа баулу. Қазақ халқының ұлттық ойындары мен туыс атауларын есте сақтап, дәріптеуге, отансүйгіщтік пен ұлтжандылыққа, өзгенің ойын сыйлауға тәрбиелеу.
Типі: Сыныптан тыс шара
Түрі: Топтық сайыс
Әдісі: Ойын әдісі
Көрнекілігі: Сайысқа қажет форматтағы материалдар, нақыл сөздер, суреттер, презентация, асықтыр, дорба/қоржын/
«Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек»
«Математиктердің өзіне ән тілі бар, ол формула» /С.В. Ковалевская/
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Негізгі бөлім
Теңге ілу
Тақым тартыс
Ақсүйек ойыны
Бәйге
3)Қорытынды
4) Марапттау
- Оқушылар дайын болсақ бүгінгі танымдық интеллектуалдық сайысымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі сайысымыз өте ерекше, себебі әр кезеңдер қазақша туыс аттармен аталған, әрі кезең сайын ойындар да алуан түрлі.
- Алдымен мына қоржыннан асық аламыз, қандай атты асыққа жолықсаң сол топқа мүше болсыңдар, сөйтіп 2 топқа бөлінеміз. Ол: Жалын және Қайсар топтары. Осы екі топтың қайсысы «Білімділер аралының» жеңімпазы боларын анықтаймыз.
/Оқушылар топқа бөлініп, орындарына жайғасады/
Ал осы топтардың сайысын сараптап, бағалайтын сарапшылар тобымен таныс болыңыздар.
1/__________________________
2/__________________________
3/__________________________
- Ендеше, алғашқы ауыл «Бала ауылы» бұл ауылда «Теңге ілу» ойыны өтіп жатыр екен балалар, ат салысамыз ба?
Алдымен ойын шартымен таныс болайық. Теңге ілу ат спортына жататын ойын түрі, тегіс жерде ақ түсті матаға оралған тиындар беріледі. Кңм де кім ат үстінде шауып әрі икемдірек болса, жарыса отыра жылдамдық үстінде осы тиындарды жерден жып отыруы қажет, кімде көп болса сол жеңіске жетеді.
Олай болса, екі топқа тақтада мақалдар берілген қай топ алғаш белгі беріп , жалғасын тапса, сол мақалдың жанындағы теңгені іліп әкетеді:
Бесік баласы
.....................(Бес түлейді.)
Тоқсан ауыз сөздің
.....................(Тобықтай түйіні бар.)
Екі аяқтыда бөле тату
.....................(Төрт аяқтыда бота тату.)
Алты жасар бала атқа мінсе,
....................(Алпыстағы шал алдынан шығып атын ұстар.)
Жарайсыңдар балалар бұл кезеңде жеңіске жеткен ___________
- Мінеки балалар, «Немере ауылына» да келіп жеттік. Немере ауылында қандай мереке, қандай ойын ойналып жатыр екен? «Тақым тартыс» атты ойын жайлы естулерің бар ма?
- Өте жақсы, ендеше ертедегі ойын ережесімен таныстырып өтейін
Ең мықты деген жігіттердің жекпе жегін тақым тартыс дейді.Тақым тартыс кезінде екі жігіт ат басын құйысқалдарына қарата айқаса тұрып, серкені тақымдарына басып, екеуі екі бағытта жүре тартысады. (Әр топтан екі адам шығып, тапсырманы орындайды).
Тапсырма мынадай, таза әрі тегіс табақтың ортасында әр жаққа шашыраған су тамшылары орналасқан соларды үрлегіш затпен бір толық тамшы етіп бір жерге жинауы қажет. Ойын шарты бойынша қай топ ұлдары бірінші болып жинаса сол топ жеңіске жетеді.
Жарайсыңдар балалар, оңайға түскен жоқ алайда _____________алға озып шықты.
- Шөбере ауылындағы ұлттық ойын «Ақсүйек» деп аталады. Ақсүйек ойынын жастар кешкі мезгілде үлкен ақ сүйекті белгісіз жерге лақтырып, кейін сол сүйекті тапқан ойыншы жеңіске жеткен.
- Ендеше қазір «түн» дегенде көздеріңді жұмыңдар, мен тапсырмаларды қате және дұрыс жауаптармен әр ойыншы алдына қоямын, кейін «күн» дегенде көздеріңді ашасыңдар. Ойын шарты бойынша топтың барлық оқушылары бір дұрыс жауапты таңдаса сол топ жеңіске жетеді. Ал егер шатасқандар болса ұпай саны берілмейді.
Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?
2. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
4. Сағат 12-де Алматыдан Талғарға қарай 80 км/сағ жылдламдықпен жеңіл машина жолға шықты.Олар тоқтамастан жүріп отырды. Кездескенде екі машинаның қайсысы Алматыдан қашығырақ болған?
5. Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
6. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
7. Үш метрлік 60 бөренені жарты млетрлік шөркелерге арамен бөлу керек. Қанша рет аралап кесу керек?
8. Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын?
- Жарайсыңдар, барлықтарың қалысар емессіңдер, ендеше «Шөпшек» ауылына да келіп жеттік. Бұл ауылда «Бәйге» ойыны ұйымдастырылып жатыр екен, бұл ойынды барлығы да білетін болар, әр топ өз тұлпарына жайғасып, кімнің жүйрік түсетінін көрсетеді.
- Тақтада екі топқа 2 есептен жазбаша көбейту және бөлу есептері берілген 1 оқушы бір амалдан орындап келесі оқушы жалғастыруы қажет, осылайша қай топ оқушылары алдымен дұрыс аяқтаса сол топтың алға озғаны.
427
* 346
2562
+ 1708
1281
147742
74340 / 236
-708 315
354
-236
118 0
118 0
0
524
*126
3144
1048
524
66024
66024 126
-630 524
302
-252
504
-504
0
- Жылдамдықтарың жаман емес, ал есептің дұрыс не бұрыс екенін тексеріп көрейік.
- Тамаша білім көрсетудесіңдер, ал біз соңғы «Немене» ауылына да келіп жеттік. Немене аулында балалар үйге кірер сәтте асық ойнап арпалысып жатыр екен. Үлгерсек сендер де ойнап қалыңдар.
- Кім қандай асықты атса сол асықтың номеріне сай тапсырманы орындайтын болады.
- Дайын болсақ әр топтан топ басшылары шығып асықты атып тапсырмасын таңдайтын болады. Кейін 2 асықтың 2 тапсырмасын топ болып шешетін боласыңдар.
/есеп шарты мен шешуінің дұрыс орындалуына байланысты бағаланады/
№1/ Айша 4 жыл ішінде 958 ағылшын сөзін жазды. 1-сыныпта 105 сөз, 2-ші сыныпта одан 86 сөз көп, ал 3-ші сыныпта 1 және 2 сыныпта қанша болса сонша сөз жазды. Қалғанын 4-ші сыныпта жазды. Айша 4 сыныпта неше сөз жазды?
№2/ 3 мектепте 2870 оқушы оқиды. 1-ші мектепте 975 оқушы, 2-ші мектепте 1-шіге қарағанда 129 оқушы кем. Қалғаны 3-ші мектептің оқушылары. Үшінші мектеп оқушылары 1-шіге қарағанда нешеу артық?
№3/ Спорт сайыстарында 4 мектептің 873 оқушысы қатысты. 1-ші мектеп 112 оқушы, 2-ші одан 43 оқушы артық, 3-ші мектептен 1 және 2-ші мектепте қанша оқушы болса сонша оқушы қатысты. Қалған спортшылар 4- ші мектептің оқушылары еді. 4-ші мектеп оқушыларын тап.
№4/ Қаланың үш дүкеніне 3576 теледидар әкелінді. 1-ші дүкенде 1270, 2-ші дүкенде 1-шіге қарағанда 546 кем, қалғаны 3-ші дүкенге тиесілі. Үшінші дүкенде 1-шіге қарағанда неше теледидар артық?
Тамаша балалар, әр топ мүшелерінің талабы өте зор екендігін байқадық. Келесі кезекте сарапшыларға сөз және марапаттау рәсімі тапсырылады.
Барлық қатысушыларды бүгінгі жетістіктермен құттықтай отыра, мектепішілк алғыс хаттармен марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |