Ортақ сөз «Су».
шы
лық
лы
сыз
Су ар
ат
сын
-«Су» сөзі қандай сөз? (Түбір сөз )
-«Су» сөзіне жұрнақтар жалғанғанда сөздің мағынасы өзгерді ме?
-Бір түбір сөзден бірнеше сөз жасауға болады ма?
-Мағынасы өзгеріп, жаңа сөз туған сөзді қалай атаймыз?
(туынды сөз дейміз).
-Осы сөздердің түбірлері бірдей болса, қалай айтуға болады?
Түбірлес сөздер дейміз.
Сабақтың тақырыбы: Бір түбірден тараған сөздер (Түбірлес сөздер).
Жаңа білім. 20 мин.
|
Білу және түсіну.
1.Оқушыларды ережемен таныстыру.
-Олай болса, тақтаға қарап ережені хормен оқиық. (95-бет)
Ереже:
Бір түбірден әр түрлі жұрнақ арқылы туынды сөздер жасала береді. Бір түбірден туған сөздер түбірлес сөздер деп аталады.
Мысалы: білім, білгіш, біліс, білдір, білімпаз, білімді сөздері біл деген түбірден әртүрлі жұрнақтар арқылы жасалған. Бұлар түбірлес сөздер болады.
2.Дәптерде жұмыс.
- Енді, балалар, дәптерімізді ашып, көркем жазуды жазып, содан кейін бүгінгі күнді жазайық.
Оқушылар дәптерлеріне жазылған көркем жазуды жазып, тақтадан «Қарашаның он үші. Сынып жұмысы» деп көшіріп алады.
Арланмен жеке жұмыс.
- «Ыы» әрпі ( «Сауат ашу» 74-75 бет, оқыту)
-Мынау ненің суреті?
-Ы-ы-ы деп айтшы.
-Бұл сонда қандай дыбыс?
-Дауысты ма, дауыссыз ба?
-Ал, енді сөздерді оқы.
74-беттегі сөздерді оқыту.
Ыс
Қыс
О-қы
А-қы
Шық
А-шық
Ба-лық
Тыр-на
Сары (қарындаш)
Қа-ра (қарындаш)
Ақ (қарындаш)
3.Кітаппен тақтада жұмыс. Дәптерде жұмыс.
1-жаттығу. 96-бет. Түбірлес сөздерді оқып, олардың ортақ түбірлерін, жұрнақтарын үлгі бойынша дефис арқылы бөліп көшіру.
Тақтаға оқушыларды кезекпен шығарып жазғызу. Дәптерлеріне көшірту.
Үлгі: Ор-на, ... .
Орна, орналас, орында, орнат, орнық, орынша.
Балалы, балалық, балақай, балаша, баладай, балақан.
Арлан - «Ыы» әрпі (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әртүрлі сызықтарды, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу) – «Сауат ашу. №1 жұмыс дәптері», 57-58 бет
|
Сергіту сәті. 1 мин.
|
Біз аяқпен топылдаймыз
Біз қолмен шапалақтаймыз.
Баспен біз шайқаймыз.
Қолымызды көтереміз.
Одан кейін ақырын
Орнымызда жүгіреміз.
|
|
Жұппен жұмыс. 3 топ. Жеке қағаздар таратылады. Соған топтар өз тапсырмаларын орындайды.
2-жаттығу. Бөл, көр, бас сөздеріне төмендегі жұрнақтардың қажетін қосып түбірлес сөздер жасаңдар.
1-топ.
Бөл сөзіне төмендегі жұрнақтардың қажетін қосып түбірлес сөздер жаса.
2-топ.
Көр сөзіне төмендегі жұрнақтардың қажетін қосып түбірлес сөздер жаса.
3-топ.
Бас сөзіне төмендегі жұрнақтардың қажетін қосып түбірлес сөздер жаса.
Жұрнақтар:
-у, -гіш (-ғыш), -ды (-ді), -ғыз (-гіз), -ым (-ім), -ма (-ме), -тық, -қыш, -шы, -дыр (-дір), -іс, -ін, т.б.
Мысалы: бөлу, көру, басу, ...
Әр топ шығып қорғайды. Топ оқушылары әр топ жұмысын тыңдап, толықтыру жасайды.
Тақтада:
Бөл
|
Жұрнақтар: -у, -гіш (-ғыш), -ды (-ді), -ғыз (-гіз), -ым (-ім), -ма (-ме), -тық, -қыш, -шы, -дыр (-дір), -іс, -ін, т.б.
|
Көр
|
Бас
|
|
Сабақты бекіту. 5 мин.
|
«Менің ағам»- атты өлең жолын тыңдап, түбірлес сөздерді теріп жазыңдар.
Ағам менің жұмысшы,
Жұмыс істеу ұнайды.
Атқарады міндетті,
Менің ағам жұмыскер.
Түбірлес сөздер: жұмысшы, жұмыс, жұмыскер.
|
Сабақты қорытындылау. Бағалау
2 мин.
|
-Балалар, бүгін біз не үйрендік?
-Түбірлес сөздер дегеніміз не?
Мысал келтіріңдер.
Оқушыларға смайликтерін санату. Атап кету.
|
Үй тапсырмасын беру. 1 мин.
|
98-99 бет, 3-жаттығу, сөйлемдерді көшіріп алу. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
|
Рефлексия.
1 мин.
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе?
|
«Бас бармақ» тәсілі.
Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сабақ бойынша өз білімдеріңді «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалаңдар
|
Достарыңызбен бөлісу: |