Оқу ісінің меңгерушісі: Есеналина С.С
|
Күні: 09.01.
Сынып: 1 «Б»
Пәні: Сауат ашу
|
Мектеп:№39 Мұғалімі: Ниязова А
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Саяхат
Орманға саяхат. Ң дыбысы мен әрпі.
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.2.2.1 Шағын мәтіндегі негізгі оқиғалардың мәнін түсінуі және ретін анықтау
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.3.12.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл) қолданады. Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Сөйлеу барысында ым –ишара ,қимылдарды қолданады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Дауыс ырғағын,мәнерін келтіріп, сөйлем құрастыра алады.
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану
|
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
|
Тілдік құзыреттілік
|
|
|
Алдыңғы оқу
|
Мен және табиғат. Ғ, Г дыбысы мен әрпі.
|
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз,
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз,
Қайырлы таң досым!
1-сұрақ Көгершін сөзін кеспе әріптермен жазу
2-сұрақ Ғалым сөзіне дыбыстық талдау жасау
3-сұрақ Гүлнұр сөзін жазу, дыбыстық талдау жасау
4-сұрақ Жұмбақ жасыру (шаңсорғыш)
«Тақырыбын, мақсатын, міндетін хабарлау
|
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы
8 минут
|
V Жаңа сабақ
Білім Тиін бізге жаңғағымен бірге келіпті. Дұрыс жауап берген балаларға 1 жаңғақтан таратады екен.
Ендеше жаңғақ жинаймыз ба?
Жаңғақ сөзінде бізге таныс емес қай әріп бар?
Ң әріпі
Жаңғақ сөзіне дыбыстық талдау жасау
Тиіннің орманда өзімен бірге жүрген достары бар екен. Оларды бір сөзбен аңдар деп атайды.
-Аңдар қайда өмір сүреді,оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма?
-Орманда. Олар жабайы жануарлар.
-Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма?(сиыр,қой,жылқы)
-Жоқ.
ә)Жаңа ң дыбысы және әрпімен таныстыру.
-Ендеше Аң сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
-ң (қайталап айту).
Сызбамен жұмыс ң дыбысы бар сөздерді айту
Н мен ң дыбыстары екеуі екі бөлек әріп, екеуі өзгергенде сөзде өзгереді.
Н-тіл ұшы дыбысы
Ң-тіл арты дыбысы
Н, ң әріптері дауыссыз дыбыстар. Н – дыбысы сөздің барлық буындарында келеді.
Ң — дыбысы сөз басында келмейді.
№1 Оқылым.
Бағандағы сөздерді тізбектеп оқы.
«Орманда» мәтіні
|
Таныстырылым,
Орман суреті
жаңғақтар
оқулықпен жұмыс
|
|
Сергіту сәті
1 минут
|
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
№2 Жазылым
Оқушылардың ң әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазуын қадағалау.
Дәптермен жұмыс
Үлгі бойынша жазу
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Жұмыс дәптері
|
|
Қызықты тапсырма
8 минут
Аяқталуы
16 минут
|
Топтық жұмыс
Суреттің аттарын тауып , қатесіз жазу
1-топ-тышқан, жаңғақ,
2-топ- шана, қайың,
3-топ шаңғы, орман
Тіл ширату сәті:
Жаңылтпаш айту
1 Шұңғыл шұңқыр,
Шұңқыл шұңғыл.
|
Қалыптастырушы бағалау
Оқулық, дәптерлер.
|
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Смайликтер
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
|
|
Оқу ісінің меңгерушісі: Есеналина С.С
|
Күні: 10.01
Сынып: 1 «Б»
Пәні: Сауат ашу
|
Мектеп: №39 ОМ Мұғалімі: Ниязова А.Ж
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Орманға саяхат. Ң дыбысы мен әрпі.
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.2.2.1 Шағын мәтіндегі негізгі оқиғалардың мәнін түсінуі және ретін анықтау
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.3.12.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл) қолданады. Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Сөйлеу барысында ым –ишара ,қимылдарды қолданады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Дауыс ырғағын,мәнерін келтіріп, сөйлем құрастыра алады.
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану
|
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
|
Тілдік құзыреттілік
|
Орманға саяхат. Ң дыбысы мен әрпі.
|
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
/Б.Бөрiбаев/
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Ас біткенннің анасы- Мен жүремін таңда да,
Қасиетті «нан» осы. Іңірде мен бармын.
Қайсы әріптен басталған, Мен жүремін шаңда да,
Соңғы әрпін де қарашы?(н) Сіңірде де мен бармын. (ң)
«Буынның жалғасын тап» сөздер құрастырып оқу
|
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы
8 минут
|
№1 Оқылым
Орманда мәтінін оқу.
№2 Ойлан, тап. Қайсысында ң бар?
Сөйлем құра.
№3 Жазылым
Үлгі бойынша жазу
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Жұмыс дәптері
|
|
Сергіту сәті
1 минут
|
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
|
Қызықты тапсырма
8 минут
Аяқталуы
16 минут
|
Сөз тізбек:
Н- Нан, нар, нағашы, нұр, намыс, нау
Ң- аң, таң, шаң, маң, жаңбыр, қоңырау, іңір, сіңір
Тыңдалым және айтылым.
Тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Берілген сөйлемдерді тыңдаңыз. Қайсысы мәтін екенін анықтаңыз.
1-тыңдалым
Менің әкем - теңізші. Ол бізге теңіз туралы көп әңгімелер айтады. Оның әңгімелері өте қызықты.
2-тыңдалым
Теңізшінің қалпағында зәкірдің суреті бар. Бала тастың үстінде отыр.
Мәтінде неше сөйлем бар? Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- мәтін мен сөйлемді ажыратады;
- мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды;
- мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.
|
Қалыптастырушы бағалау
|
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
|
Кеменің суреттері
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |