Сабақтың тақырыбы: Болар бала жасынан. М. м ә жікеев Сабақтың мақсаты: м ә



бет1/3
Дата27.05.2018
өлшемі489,9 Kb.
#41035
түріСабақ
  1   2   3
20

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Болар бала жасынан. М. Мәжікеев

Сабақтың мақсаты:

  1. Мәтінді түсініп оқу арқылы оның идеясын ашуға жағдай туғызу.

  2. Мәтінді өз бетімен, топта құрастыру арқылы зерттеп, шығармашылық

дағдыларын шыңдау, оқушының белсенділігін арттыру.

  1. Білуге, зерттей оқуға мүмкіндік бере отырып, айналасындағылардың

пікірін тыңдап, оған құрметпен қарауға, ұқыптылыққа үйренуге талпындыру.

Сабақтың көрнекілігі: хрестоматия, бор, тақта, плакат, суреттер, Ә. Қастеевтің «Амангелді сарбаздары» картинасы.
Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Ә. Қастеев шығармасын тақтаға ілу.

- Суретке жақсылап қараңдар (1 минут).

- Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

- Олай деп айтатындай не көріп тұрсыңдар?

- Сурет ортасындағы ақбоз атты адам туралы не айтуға болады? (Сипаттау, оқушыларды сөйлету.)

- Бұл адам туралы тағы не айтуға болады?

Оқушылар суреттегі батырдың бейнесін танып, Амангелді Иманов туралы әңгімелейді.

Сурет бойынша қорытынды сөз.

II. Мағынаны тану.

- Балалар, батыр болсын, ақын, ғалым болсын - барлығы да бала болған. Олар да сендер сияқты ойнаған. Ал сендер бос уақыттарыңда қандай ойын ойнайсыңдар?

Оқушының еркін әңгімесін тыңдау, қорытындылау.

- Ұлт азаттығы үшін күрескен батыр Амангелді Имановтың балалық шағы туралы білгілерің келсе, «Болар бала басынан» деген мәтінді құрастырып шығарыңдар.

Оқулық жабық тұрады. Оқушыларға мәтін бөліктері үшке бөлінген түрінде таратылады. Ол үшін оқушылар 1, 2, 3-ке дейін санап, біріншілер тобы - 1-топ, екіншілер - 2-топ, үшіншілер - 3-топ болып отырады.

Мәтінді топпен іштей оқып, басаяғын тауып, орналастырады. (Мұғалім топ жұмысын бақылап жүреді, орналасуын байқайды.)

1-топ өздері тапқан 1-бөлігін мәнерлеп оқып береді, 2-топ 2-бөлігін оқиды, 3-топ соңғы бөлігін оқиды.

Әр топ мәтін ретінің осылай қойылу себебін түсіндіреді.

- Сонымен, мәтіндегі әңгіме кім туралы екен?

Амангелді Иманов - ұлт азаттығы үшін күрескен қазақ батыры... Қысқаша дерек беру. Енді әр бөлімге ат қою. Мысалы:

  1. Бала ойыны

  2. Асау құнан

  3. Құнан үйрету

- Мәтінде Амангелдінің өмірімен байланысты қандай адамдар есімі аталады? (Зерттеп іздену.)

Мәтіннің 1-бөлімімен жұмыс:

- 5 жастағы Амангелдінің ойынын автор қалай сипаттаған?

- Әлжан қарттың әңгімесінде Байсақал байдың ауылы неге аталды?

- Таутабай неліктен мырза атанған?

Осы ретпен мәтін мазмұны арқылы идеясын ашуға негіз болатын сұрақтар талданады.

- Құнанның мінезі немесе Амангелдінің батылдығы қалай суреттелген? - Амангелді бұл кезде неше жаста болуы мүмкін?

- Баланы неліктен «жетімек» деді? (Әкесі ауру еді...)

- Амангелдіні менсінбеген Таутабай қалай ұялды?

Қажет дерек

Асау үйрету - қазақ тұрмысындағы қызық кәсіп. Бір ауылда бір-екі немесе бірнеше адам ғана асау аттарды мініске үйрету шебері болған. Асау үйретушіге әдіс-тәсілмен қатар ептілік, күш-қайрат, жүректілік те керек.

- Амангелді қандай бала? (Тақтада топтау)

Хрестоматиядан Амангелді туралы қосымша мәтіндерді оқып, батырдың бейнесін топтау арқылы ары қарай толықтыру.

III. Ойтолғау.

Cыныптас немесе ерекше мінез-қылығы бар достарың жайлы «Болар бала қандай болады?» атты эссе жазу.

Үйгс тапсырма.

17



Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім. Несіпбек Айтов

Сабақтың мақсаты:

1. Өлеіңнің идеясын ашу арқылы тіл мәселесіне мән беріп, өмірмен байланыстыру.

2. Өлеңді тіл ерекшеліктеріне мән бере талдау, балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу. Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту шығармашылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру.

3. Өзін-өзі тану, сыйлау ұғымдарының терең мағынасының бірі - ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беріп, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, қосымша материалдар, маркер, плакат.
Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту. Оқушылар топқа бөлініп отырады.

- Біздің ана тіліміз қай тіл?

Өз тіліңді қалай дәіптер едің?



Тақтаға немесе плакатқа оқушылардың пікірлері (көк маркермен) жазылады. Мысалы:


Тұрмыс тілі

Білім тілі




Отбасы тілі

Ана тілі

Ойды жеткізу тілі



Қуанғанымызды жеткізеді

Жазу тілі




Өлең айтамын

Ескерту. Балаларға өз ойыңызды таңудың қажеті жоқ екенін ұмытпаңыз.

1-топ ана тілін отбасында қалай қолданатындары туралы қысқаша эссе жазу.

2-топ ана тілінде өлең-жыр білетіндерін көрсету.

3-топ ана тілі өзінің білім алуына қажетті тіл екенін жазу.

Жазу жұмысы аяқталысымен, көршімен дәптер алмасу. Оқушылардың бірнеше эсселері оқылып, жұмыстары қорытындыланады.

- Балалар, сендердің ана тіліне арнап жазған сезімге толы эсселеріңді тыңдап, таңданып тұрмын. Ал ақын ағаларың Н. Айтов ана тілі туралы өз сезімін қалай білдірген екен? Мүмкін, сендердің жазған ойларыңа ұқсас жақтары да болар. Ақынның да балаша ойлайтын кездері болады. Оқығыларың келе ме?

II. Мағынаны тану.

Ақын Н. Айтовтың «Ана тілім» өлеңін оқып, мазмұнын түсіну.

Сұрақтар:

  • 1-шумақта ақын өз тілін білмейтін адамның сезімін қалай суреттеген?

  • 2-шумақта ана тілін қалай сипаттаған?

- Ана тілі арқылы адам қалай өседі? Оқушылардың пікірін тыңдап, қорытындылау.

Сұрақтар:

- Ақын өлеңінде ана тілім сөзінен кейін неліктен тыныс белгісі қойылған?

- Өлеңде ана тілі қандай көркем сөздермен дәріптелген?

Бастапқы топтауға қайта оралу. Оқушылар өлеңге қайта үңіліп, оқу арқылы мөлшермен мынандай көркем сөздерді (қызыл маркермен) жазады:

бақ тілі, дана тіл, пәк тіл, бесіктегі ән, алтын ұя.

Топтау кестесін пайдаланып, жұмысты қорытындылау.

-Біздің ана тіліміз ақын мен сендердің мадақтарың арқылы көкке көтерілді. Тіл туралы жазған ақындарды естеріңе түсіріңдер...

- Балалар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында былай деп жазылған: (Плакат немесе интерактивті тақтада жазылған).

«1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі».

Ендеше, барлығымыз өз ана тілімізде сөйлеуге міндеттіміз.

Өз тілін білмейтін адамдар туралы әңгіме де сабақтың бірінші кезеңінде айтылуы мүмкін. Себебі онда отбасында тілді қолдану туралы эссе жазылғандықтан, бұл мәселені мұғалім қорытындылап кетеді.

III. Ойтолғау.

- Балалар, бүгінгі сабақта сендер ана тіліне деген сезімдеріңді қалай жеткіздіңдер?

- Ана тілі арқылы.

- Ойларыңды қалай жеткіздіңдер?

- Ана тілі арқылы.

- Мен сендердің тамаша ойларыңды, сезімге толы шығармаларыңды қалай ұқтым?

- Ана тілі арқылы.

- Олай болса, ана тілінің ғажап күші мен өміріміздегі орнына ештеңе жетпейді екен!

Ана тіліне арнап 4 немесе «5 жол өлең» құрастыру тапсырылады.

Сабақ мақал-мәтелдермен өрнектеліп, тіл мерекесімен байланыстырыла өткізілсе, мазмұндылығы байи түспек. Тіл тазалығын сақтамайтын адамдардың сөздерінен мысал келтіре отырып, бұрыс сөйлеудің мәдениетсіздік екенін байқату үшін, күлдіргі сахналық «Бұрыс тілділер» атты қойылым ұйымдастыруға болады. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақ жоспарына өзгеріс енгізу мұғалімдердің белсенділігіне байланысты.

Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап алу.

19



Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мұғалім. Нұрхан Жанаев

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мазмұны мен идеясын түсінуге мүмкіндік беру.

  2. Өлеңді өз бетімен талдау арқылы кейіпкер бейнесін талдауға үйрету.

Прозалық кейіпкердің поэзиялық кейіпкерден айырмашылығын аңғаруға алғашқы әрекеттер жасау.

  1. Ашық әңгіме, бүкпесіз ой арқылы тіл дамуына, ой еркіндігіне мүмкіндік

беру. Осы арқылы оқушылардың барлығын белсенді әрекетке ұмтылдыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, бор, бір күн бұрын тапсырылған өз мұғалімдерінің бейнесі салынған портрет, шығарма, арнау өлең, тілек, т.т. тақтаға көрме ретінде қою.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын пысықтау.

I. Қызығушылықты ояту.

а) Балалар тақтада жазылған: Сабақ, Мұғалім, Қоңырау, Оқушы деген топтарға бөлініп отырады.

- Осы сөздерді мәтін шығатындай ретпен қалай қояр едіңдер?

Мысалы: 1. Қоңырау. 2. Оқушы. 3. Мұғалім. 4. Сабақ.

Оқушылар бұлай қойылу ретін түсіндіреді. Ауызша сөйлемдер құрастырады.

- Балалар, осы мәтіндегі басты кейіпкер кім болар еді деп ойлайсыңдар?

- Мұғалім.

- Неліктен мұғалімді алдыңдар?

- Себебі қоңырау соғылса да, мұғалімсіз сабақ басталмайды.

- Мұғалімсіз мектеп болмайды...

Оқушылардың ойы осы идеяға әкелетіні сөзсіз. Бірақ оқушының ойына мұғалім өз ойын таңбауы тиіс. Бұл әңгіме - жаңа сабаққа шығаратын көпір.

ә) Немесе мектеп, қоңырау, оқушы бала, мұғалім бейнесін сызба суреттер арқылы тақта, плакатта көрсетіп, осы суреттер бойынша мәтін құрастырып, мәтінге тақырып жазып, ол мәтіндегі бас кейіпкер кім екенін анықтатып, әңгімелету. Бұл жерде ешқандай шектеу жоқ болғандықтан, оқушының шығармашылық мүмкіндігіне кедергі болмауы керек. Сондықтан кейбіреуі «5 жолды өлең» жазуы да мүмкін.

Плакатқа салынатын сызба-бейне: Мектеп, қоңырау, мұғалім, бала.

II. Мағынаны тану.

- Олай болса, ақын Н. Жанаевтың «Мұғалім» өлеңіндегі басты кейіпкерімен танысайық.

Іштей оқу.

Өлең кімнің атынан жазылғанын анықтау.

Өлеңдегі шәкірт ойын ашып беру.

- Ақын мұғалімге деген халық құрметін қалай білдіреді? Өлеңнен үзінділер оқылып, пікірлері дәлелденеді.

- Шәкірт үшін мұғалім кім?

- Оқушы ұстазына қандай серт береді?

Әр топ өлең шумақтарына ат қояды.

Мысалы: 1. Мұғалімге тағзым.

  1. Қамқоршы.

  2. Өміріме үлгі.

  3. Орындалар арман.

III. Ойтолғау.

- Балалар, өздерің айтқандай, халқымыз мұғалімді құрметтеген. Мұғалімге арналған қандай ән білесіңдер? Бұл әнді білмейтін адам жоқ деп неге айтамыз? («Ұстазым» әні.) Хормен 1 шумақ ән айту.

- Осы мүшлім деген сөздің мағынасын тағы қандай сөздермен айтуға болар еді? (Дәптерге жаздыру). Ұстаз, оқытушы, апай, ағай немесе аты-жөнімен.

- Сендер өз мұғалімдеріңді қалай атағыларың келеді? Таңдауларың туралы қысқаша эссе жазыңдар.

7



Күні:

Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі. Алтай Аманжолов

Сабақтың мақсаты:

  1. Әке тәлімі өмірлік тәжірибесі мен теорияны ұштастыра білуге, қолайсыз

жағдайдың, қателіктің алдын алуға, болдырмауға жол аша білетін тәрбиенің бірден-бір көзі екенін үғына отырып, әңгіменің негізін түсіне білуге жол ашу.

  1. Сыни тұрғыда ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай тұғызу.

(Қорытынды жасау , салыстыру, толықтыру, негізгі ойды түйіндеу, сипаттау, алған білімін жаңа жағдайларда пайдалана білу қабілеттерінің дамуы.)

  1. Еңбексүйгіштікке, өмірдің әртүрлі жағдайларына дұрыс көзқараспен

қарауға, үлкендерді сыйлау, құрметтеу керектігін түсінуіне мүмкіндік беру.

Сабақтың көрнекілігі: Автор суреттері, нақыл сөздер, әңгіменің желісімен салынған сюжетті сурет, кемпірқосақтың суреті (әр топтың алдына жеке-жеке), түрлі түсті мойынорағыштар (кемпірқосақ түстес жұқа маталар), интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Ұй жұмысын қорытындылау.

Жаңа сабаққа көшу сатысы.

- Балалар, бүгін сендермен өмірімізде кездесетін әртүрлі қиын жағдайлар туралы әңгімелеспекпіз. Бұл ешкімге құпия емес, әрқайсысымыз осы өмірімізде төбелес немесе ұрыс ортасында, күш қолдану жағдайында, жанжалдасу, түрлі айқай-шудың арасында болған кезеңдер, тіпті қатыспаған жағдайдың өзінде, көзбен көрген кезіміз болды. Және бұл жағдайлардан әрқайсысымыз әртүрлі шешім тауып шығып кетіп жүрдік.Тіпті кейбіріміз шешімін таба алмай талай дал болған кездеріміз де болған шығар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет