Күні:
Сабақ тақырыбы: Ж.Молдағалиевтің «Ар-ұят туралы»өлеңі
Сабақ мақсаты: а)Ж.Молдағалиевтің өмірінен қызықты, тағылымды мәлімет
бере отырып,өлең идеясымен таныстыру, ақын мұратын ұғын-
дыру, әдебиет теориясынан білімдерін кеңейту;
ә) «Үлкенге –құрмет, кішіге –ізет »сезімін жетілдіру, баба
өсиеті,ерлік рухынан тағылымды тәрбие беру, ұлттық болмысты
насихаттау,поэзияны сүюге, шешен сөйлеуге баулу;
б)шумақ бойынша тұжырым жасай білуге, ойларын дәлелдеуге
және көркем сөйлеуге машықтандыру, түсіну –түйсіну дағдыла-
рын дамыту.
Сабақ түрі Жаңа сабақ
Сабақ әдістері: мәнерлеп оқу, проблемалық жағдаят туғызу, оны шешу, ойтолғау…
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ құрылымы: І.Ұйымдастыру бөлімі.(Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, психологиялық жағдаят туғызу…)
ІІ.Жаңа сабақ
А) «Мен қазақпын»өлеңі оқылып, қазақ халқының тарихынан
сыр шертетін деректер көрсетіледі.
Ә) Ж.Молдағалиев өмірінен мәлімет беріліп, слайдтық шолу жасалады.
Б) Тақырыптық өлеңді оқымас бұрын проблема қойылады.
— Балалар, «ұят», «ождан», «ар» , «намыс» деген сөздерді қалай түсінуге, елестетуге болады? (…жауаптар тыңдалады)
-Өз бастарыңнан қатты ұялған кезең өтті ме, қандай сезім бойыларыңды билейді?
(… денеңді діріл билеп, жүрегің қатты соғып, бет –құлағың күреңіте қызарып, өртеніп жанып бара жатқандай…)
-Ұялу, ұяла білу жақсы қасиет пе, жаман қасиет пе?
-Ал енді Жұбан атамыздың ұят туралы айтқан ойларын оқып,талдау жасайық(өлең мәнерлеп оқылады.)
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар бере отырып, шығарма жан –жақты талданады.:
1.Өлімнен ұят күшті.
2.Арымнан жаным садаға.
Қоянды қамыс өлтіреді,
Батырды намыс өлтіреді.
Батыр бір өледі, қорқақ күнде өледі. т.с. с.
2.4. Сөздік жұмысы (өлеңдегі кей тіркестердің мағынасын ашып, оқушының сөздік қорына енгіземіз.)
ІІІ. Білімді бекіту бөлімі.
Сызба арқылы түйіндеу.
1.1.Сонымен, ҰЯТ дегеніміз:
-зор парыз, үлкен қасиет;
— ата-баба (әке,ана) тәрбиесі;
-ар, намыс биіктігі;
-адал достық;
-тынымсыз еңбек;
-тіліңе тағзым;
-өнерлі,білімді болу;
-жан мен тән сұлулығы;
-еліміздің өткені, бүгіні, ертеңі .
Ұлы ақын бабамыз Абайша айтсақ:
Үш ақ нәрсе -адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек…
терең ой талап иман,рақым
Ақыл ‹ → Қайрат ‹ › → Жүрек ‹
білім жігер ұят, ар
Осы қасиетті игерген толық адам ғана ел, мемлекет мұратын зор жауапкершілікпен келесі ұрпаққа табыстай алады.
1.2.Шағын психологиялық тест :
1.Өлең маған : А)қатты ұнады Ә)ұнады Б)ұнаған жоқ;
2.Жұбан атаның бізге айтар ойын : А)өте жақсы түсіндім Ә) жақсы түсіндім
Б)түсінбедім;
3.Ұят мен үшін : А)аса қымбат Ә) қажет сияқты Б)қажетсіз;
4.Қазіргі заманда ұят : А) қай кезде де қажет Ә) кейде ғана қажет Б)қажетсіз;
5.Бүгінгі сабақтан : А)қанаттандым Ә) ұят туралы білдім Б) жалықтым.
ІҮ Үйге тапсырма .
1.Өлеңнен өздеріне ұнаған жеті шумақты жаттау;
«Ұят –зор парыз, зор сүндет»тақырыбына шағын шығарма жазу.
Ү.Бағалау
Сабаққа ынталы қатысқан оқушылардың бәрі бағаланады.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
№13
Күні:
Сабақтың тақырыбы:
Мақсаттары: Білімділік: Тақырып мазмұнын ашуға, өздігінен ізденіп білім алуға, өз ойларын тұжырымдап қорытынды шығаруға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, ой-өрісін сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа тәрбиелей отырып, жақсы және жаман қасиеттерден айыра білуге үйрету.
Әдіс-тәсіл: Сөзжұмбақ, «Болжау тәсілі», «Блум түймедағы».
Көрнекілік:Мақал-мәтелдер,суреттер,кестелер.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
II. Үй тапсырмасын сұрау. (шеңбер бойымен әңгімелеу)
а)Беріктің газетті рұқсатсыз алып кетуінен қандай келеңсіздік туды?
ә)Беріктің: «Бір газетке бола ренжімес. Онда тұрған не бар?!» деген ойына сен не айтар едің?
б)Беріктің қылығына көзқарасың қандай:
а)Ұрлық деуге болады
ә)Көңіл аударуға тұрмайтын, ойланбай жасаған іс.
в)Егер Берік өз үйінде, үстел үстінде жатқан газетті байқап қалса, оқиға қалай өзгерер еді деп ойлайсыз?
г)Әңгіме неліктен «Өкініш» деп аталған.
III. Жаңа сабақ.
1.Қызығушылығын ояту.
- Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын өздеріне тапқызу.
А)Көкте бар Ә)Кептерде бар В)Партада бар Г)Төбетте бар
Құмда жоқ Торғайда жоқ Тақтада жоқ Қабанда жоқ
Сөлде бар Бөктерде бар Арпада бар Көжекте бар
Суда жоқ (Ө) Тоғайда жоқ (К) Мақтада жоқ (П) Қоянда жоқ (Е)
2.Сөздік жұмыс.
Өкпе- деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Өкпе-зат есім Адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі.
Өкпе-зат есім Наз, реніш; КӨҢІЛ ҚАЛАУШЫЛЫҚ (АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ҚАСИЕТ)
-Бұндай сөздерді қазақ тілінде қандай сөздер дейміз?
/ Омоним сөздер- айтылуы,дыбысталуы бірдей,мағынасы әр түрлі сөздер. /
IV. Бүгінгі тақырыбымыз: Толымбек Әбдірайым «Тарқаған өкпе»
1.Мәтінді бөліктерге бөліп оқу.
2.Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады,қандай тақырып маңайында өрбиді,қандай негізгі мәселелер көтеріледі.
№ 22
Күні: 9. 10.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып»
Сабақтың мақсаты:
1/Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, өлеңді нақышына келтіре отырып негізгі түйінің табу.
2/Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ете отырып, тіл байлықтарын дамыту. Ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
3/Өлең арқылы оқушылар бойында жауапкершілік сезімін ояту, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, СКТ, Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, талқылау
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, кестелер.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ.
а/- Сұлтанмахмұт кім?
- Қандай еңбегін білесіңдер?
ә/Топтастыру стратегиясы.
Мұғалімнің кіріспе сөзі./Өлеңнің шығу тарихымен таныстыру/Интернет желісі арқылы интерактивті тақтадан С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян жүріп жатады.
- ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады. С. Торайғыров - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын жырға қосады.
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында - хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 жылы Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі - үш жыл, 1911 жылы жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларға барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоқтығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист - ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті.
Кесте. Тірек сызба Өлеңдері
Поэмалары
Прозасы
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» «Анау - мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» т. б «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы», «Қамар сұлу»,«Кім жазықты?» «Ауырмай есімнен жаңылғаным»
« Шығамын тірі болсам адам болып»өлеңінің шығу тарихына тоқталу.
Бұл өлеңді ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған. Өзінің досы, туысы Шайбай Аймановқа хат арқылы жолдаған. Өлең 1913 жылы жазылып, 1922 жылы Қазан қаласында «Адасқан өмір»кітабында жарияланған. С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаһарман – ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. /Өлеңді оқушыларға мәнерлеп айтып беремін.
Интерактивті тақтадан өлең сөзі шығып тұрады.
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиҺанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп өз - өзіме еткем егес.
Кітаппен жұмыс. 1 - 2 оқушыға мәнерлеп оқыту.
Топтық жұмыс. С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып» Өлең құрлысына Сатылай кешенді талдау жасау. (5 - слайд)
1. Авторы - С. Торайғыров.
2. Тақырыбы - Адамдық
3. Жанр түрі - өлең
4. Идеясы - Білім - ғылымға, өмірге деген құштарлық
5. Шумақ - 3
6. Әдеби - теориялық ұғымдар - эпитет, теңеу - Көрде тыныш жату,
жарық күнде сәуле қуған,
алуға күнді барып белді буған,
толған айдай балқып туған,
ойында оты барлар, надандықты тебу
Абайдың он жетінші қара сөзінің мәтіні көрсетіліп, Сұлтанмахмұт идеясымен үндестігін тану.
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
Ой сергіту. Оқушылар өз ойын білдіріп, ашық пікірлеседі
Осы өлеңнің мазмұны қалай әсер етті?
Кім болуды армандайсыңдар?
Ақынның айтайын деген ойы не?
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- С. Торайғыров ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық саяси және тарихи - әлеуметтік оқиғаларға және қазақ жерінің өзгерістерге өзінің азаматтық ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының қатарына жатады. Сұлтанмахмұт қазақтың жыр - дариясын құрайтын үлкен, асау арналы өзеннің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады.
Үйге тапсырма.
«Кім болам»тақырыбына эссе жазу
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |