Есепті шығару жолдары
Мұғалімнің аты-жөні
|
Ж. Нұрғали
|
Күні:
|
12.04.2022ж
|
Сынып: 3 «Д»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қағаз ақша
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.1.3.6 1000 тг, 2000 тг, 5000 тг купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: 1000 тг, 2000 тг, 5000 тг купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау тәсілдерін қарастыра алады.
Көптеген оқушылар: есептесу тәсілдерін түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар: көрсетілген сомаларды ұсақтаудың бірнеше тәсілін көрсете алады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында жаттығулар жасайды.
Топқа бөліну «Санау» әдісімен жүреді.
Өткен тақырыпқа шолу:
Үйге берілген оқу тапсырмасын тексеру.
Оқу материалын жариялау: «Сұрақтар ілмегі» әдісі арқылы жүреді.
- Өткенде қандай тақырып өттік?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
- Ендеше бүгінгі сабағымызда не істейміз?
-Ендеше бүгінгі сабағымызда қағаз ақша бойынша есептер шығаратын боламыз
|
Ширату жаттығуларын жасайды.
Топқа бірігеді.
Тапсырмалар орындайды.
-Тақырыпты ашады.
|
«Бағдаршам» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.
|
Бағдар
шам суреті
|
Жаңа білім
10 мин
2 мин
13 мин
Бекіту
10 мин
|
Ұжымдық жұмыс: 1- тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асады.
1) Саяхатшылар мұздықтарды көруге бару үшін автобусқа билет сатып алды. Ересектерге арналған билет 800 теңге, ал балалар билеті 500 теңге. Әрбір билеттің бағасын әртүрлі қағаз ақша және монетамен қалай жинауға болады?
Ш: 800=500+200+100
500=200+200+100
Жұптық жұмыс
2-тапсырма №3 Кесте бойынша есептер құрастырып шығарыңдар.
Марат 2 дана қара түсті каска, 3 дана сары түсті каска сатып алды. Қара каскаларға 6000тг төледі. Каскалардың бағасы бірдей болса, онда сары түсті каскаларға қанша төлеуі керек?
Ш: 6000:2*3=9000
Ж: сары түсті каскаларға 9000тг төлеуі керек.
Ә) Қорғаныш көзілдіріктің жасыл түстісі 5000тг, ал көк түстісі 3000тг тұрады. Алмат 10000 теңгеге бірнеше жасыл түсті көзілдірік сатып алды. Егер дәл сонша дана көк көзілдірік сатып алған болса, онда қанша теңге төлер еді?
Ш: 10000:5000*3000=6000
Ж:6000тг теңге төлер еді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |