Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Дүкен негізгі мектебі
Серікболова Айзат Серікболқызы
Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты: білімділік – буынның түрлерін меңгерту, айырмашылықтарын айыру.
Дамытушылық: жаттығулар мен мысалдар арқылы буынның жасалу жолы , қызметі жайлы мағлұмат беру, буынның түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: өз бетімен еңбектенуге, досына көмек жасауға, ойын бөлісуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өз беттерімен меңгеру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері : сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру.
Көрнекіліктері: тірек сызба, кесте.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) түгендеу; ә) сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
291 – жаттығу ауызша тексеріледі.
Фонетика нені зерттейді ?
Дыбыс нешеге бөлінеді ?
Дауысты дыбыс дегеніміз не ?
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді ?
Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата ?
ІІІ. Үй тапсырмасын тест арқылы қорытындылау.
« У » әрпі қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын анықтаңыз.
А) Дауыс, қауын С) Бу, қу
В) Жабу, кебу Д) Жазушы, шешуші
Біріңғай ұяң дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз.
А) майлы С) балдырған
В) тұтқа Д) жазғы
Қазақ тіліне тән дыбыстар жазылғантқатарды табыңыз.
А) ұ,ү,к С) ф,р,л
В) ө,і,ғ Д) ә,з,в
Әріп дегеніміз не?
А) Әріп – дыбыстардың бір – біріне ықпалы.
В) Әріп – сөйлемде қойылатын тыныс белгісі.
С) Әріп – дыбыстың таңбасы.
Д) Әріп – барлық дыбыс таңбаларының жиынтығы.
Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
А) 36 В) 35 С) 37 Д) 38
Дауысты дыбыс ненің қатысына қарай жуан, жіңішке болып бөлінеді?
А) Еріннің қатысына қарай С) Үннің қатысына қарай
В) Жақтың қатысына қарай Д) тілдің қатысына қарай
Үнді дауыссыздың қатарын көрсетіңіз.
А) п,т,с,х С) р,л,й,у
В) б,в,г,ғ Д) а,е,к,ш
ІV. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып мақсатын хабарлау.
Буын және оның түрлері туралы түсінік беру.
Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба – ла – лар мек – теп – ке кел – ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі буын делінеді.
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.
Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз: а – ға, ба – ла, а – та т.б.Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз.
Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ант т.б.
Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, жаз, кең, қант т.б.
Буын
бітеу
тұйық
ашық
Абай өлеңі ілінеді.
Бойы бұлғаң, 4б
Сөзі жылмаң 4б
Кімді көрсем, мен сонан, 7б
Бетті бастым, 4б
Қатты састым, 4б
Тұра қаштым жалма – жан. 7б
Өлеңді буынға бөліп, буын түріне ажырату.
Буынның қызметі: Өлеңнің ұйқасын, ырғағын келтіріп тұрады.
Абайға дейін жыр ұйқасы, 11буынды қара өлең ұйқасы. Ал мына өлең Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы екендігін түсіндіру.
Формуласы: А: дауысты = дауыссыз + дауысты
Т: дауысты + дауыссыз
Б: дауыссыз + дауысты + дауыссыз
V. Жаттығу жұмыстарын орындау.
Оқулық бойынша.
302 – жаттығу бойынша жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп кезекпен оқу ( оқушы – мұғалім )
Сызбамен жұмыс:
Жетім
Сызбадан бітеу буынды табу және « жетім » сөзін буын түріне ажырату.
304 – жаттығу бойынша жұмыс.
Мәтіндегі ұлағатты сөздердің мәнін түсініп оқу.
Мына сөздерді буынға бөліпжазып, буын түріне ажырату.
Адамның ,күллі, надандық, зұлымдық, жақсылығын.
VІ. деңгейлік тапсырмалар негізінде.
Берілген сөздерді буынға бөліп жаз.
Күндіз. Жапырақ. Бүркіт. Бақа. Көлеңке. Батыр. Нұрлан. Астық. Нан. От. Ғажап. Арман. Лақ. Қарбыз. Асхат.
Бір дауысты, бір дауыссыз дыбыстан алмасып келіп отыратын бірнеше сөз тауып жазыңдар.
Мысалы: белес, өрік, қала.
Екінші буыным қайда ?
Екінші, үшінші буыным қайда ?
VІІ. Сабақты бекіту.
|
Мысалдар.
|
Ашық буын
|
Тұйық буын
|
Бітеу буын
|
№
|
|
А
|
Ә
|
Б
|
1
|
Алаша
|
|
|
|
2
|
Дүлділ
|
|
|
|
3
|
От
|
|
|
|
4
|
Жол
|
|
|
|
5
|
Ант
|
|
|
|
6
|
Боса
|
|
|
|
7
|
Бағбан
|
|
|
|
8
|
Қас
|
|
|
|
9
|
Ай
|
|
|
|
10
|
Сәл
|
|
|
|
Буын дегеніміз не ?
Буынның түрлерін ата ?
Ашық буын деген не ?
Тұйық буын деген не ?
Бітеу буын деген не ?
VІІІ. Үйге тапсырма.
Буын. Буынның түрлерін оқу. 308 – жаттығу.
ІХ. Оқушылардың білімін бағалау.
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Дүкен ауылы
Достарыңызбен бөлісу: |