Ширату тапсырмасы.
Бояулар дегенді қалай түсінесіңдер ?
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
«Көршіңе әңгімелеп бер»
Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
Теңіз табиғаты
(К) (Ө)Оқушыларға теңіз пейзажы жанрындағы өнер туындыларын қарастыруды ұсыныңыз. Бояу түстерін өздері таңдайды
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
• Бұл бейнелерді не біріктіреді?
• Әр қайсысының қандай ерекшелігі бар?
Мұғалім бірігіп талқылауды қортындылап, теңіз пейзажы марина деп аталатындығын естеріне түсіреді.
(К) (Ө) Оқушыларға өнер туындыларының әр түрлі жанрларын көруге ұсыныңыз.
- Марина – бұл не?
- Бұл сөздің мағынасын білесің ба?
- Картинадағы марина жанрын анықта?
- Өз таңдауыңды түсіндір.
(К) (Т) Әр топқа суретшілер И.Айвазовский және У.Тернердің картиналарын зерттеуді ұсыныңыз.
- Картинадағы судың беті қандай (тегіс, тынық емес, өрескел, бұрқыраған)?
- Суретші көрерменге қандай шығармашылық идеясын жеткізгісі келді?
- Суретшілер сезімдерін,көңіл-күйінқалай білдіреді?
(Ө) (Қ) көңіл-күйді білдіретін ең басты мәнерлеу құралы ретінде түстік гамманы қолданып оқушыларға теңіз пейзажын бейнелеуді ұсыныңыз.
Тәуліктің әр уақытындағы судың реңктері мен түсіне оқушылардың назарын аударту қажет. Мысалы, күннің бату уақытында судың бетінде қызыл-сары реңктерді пайдаланса, түнде – сия түсті реңктерді, судың бетінде айдың жолын көрсетіп, ал күндізгі мезгілде әшейіндегі судың түсін қолданады, яғни, көгілдір-күлгін т.б. Жұмысты орындап болғаннан кейіноқушыларға өз жұмыстарын көрсетіп, сұрақтарға жауап беруді сұрау:
• сіздің жұмысыңызда күннің қай уақыты бейнеленген?
• ол үшін сіз қандай түстің реңктерін қолдандыңыз?
• Жқмысыңызда су бетінің қалыбын, жағдайын көрсете алдыңыз ба?
• Өз пейзажыңызды қандай визуалды элементтермен толықтырдыңыз?
Дескриптор:
Берілген тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды.
Алған білімі бойынша жоба жасап, мұғалімнің көмегімен түсіндіре алады.
Тақырыпқа байланысты қосымша тапсырмаларды орындай алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|