Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№8- тапсырма: Берілген сөйлемдерді құрылымдық жағынан талдап, мағыналық қатынасын анықтаңдар.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. - Берілген сөйлемдерді құрылымдық жағынан талдап, мағыналық қатынасын анықтайды.
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
№9-тапсырма: Мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып немесе өз өмірлеріңдегі оқиғаларды ескере отырып, талғау мәнді сөйлем құраңдар. Сөйлемнің жай немесе құрмалас екенін дәлелдеңдер.
Үлгі: Жастар бақытты отбасы болу дегенді жақсы тұрғын үйлі болу немесе табысты болу деп түсінеді.