Сабақтың тақырыбы Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері



бет1/4
Дата06.11.2019
өлшемі1,57 Mb.
#51246
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
10 ФИЗИКА ҚМЖ-1

Қысқа мерзімді жоспар


Күні:

Сынып: 10

Пән мұғалімі:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері .

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.1 Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

механикалық қозғалыс, денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері туралы толық түсіндіру.

Табиғаттағы денелердің орын ауыстыруына байланысты туындайтын механикалық қозғалыс туралы білім беру;

Бағалау критерийі

1.Траектория, жол, орын ауыстыру шамаларының

физикалық мағынасын біледі

2. Денененің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы

кезінде қалдырған іздерінің жағдайларға қарай түрліше

аталуын біледі.

3. Дененің кез келген уақыт мезетінде бастапқы орны мен

соңғы орнын қосатын кесіндінің және жолдың ұқсастығы мен

айырмашылығын ажырата алады.

4.Олардың белгіленуі мен өлшем бірліктерін жаза алады.


Тілдік мақсаттар


Термин: Траектория, жол, орын ауыстыру

Терминология



қ\с

қазақша

орысша

ағылшынша

1

траектория

трактория

trajectory

2

жол

путь

distance

3

Орын ауыстыру

перемещение

movement




Құндылықтарға

баулу

Еңбек өнімділігін арттыру үшін өнеркәсіпте біз траектория, жол, орын ауыстыруды үнемі өзгертіп отыруымыз керек

Пәнаралық байланыс

Математика, бейнелеу (Сызбаларды математика мен бейнелеу өнері пәндерінде салып көрген)

Алдыңғы білім


Математика,бейнелеу пәнінен ғылыми жаратылыстану пәндерін оқу обьектілерімен таныс(жүрілген жол,қалдырған із т.б )

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру

.Сәлемдесу

.Оқушыларды түгелдеу

.Жағымды ахуал туғызу әрі үй тапсырмасын тексеру



.Миға шабуыл»

Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. 8-сынып курсын еске түсіріп шолу жасау


Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Физика ғылымында дененің қозғалғанын қалай білеміз?

  2. Механикалық қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Материя дегенді қалай түсінесіңдер?




Сөздер жазылған қима қағаздар

Сабақтың ортасы



Жаңа сабақты түсіндіру










Денелердің қозғалысын және оны сипаттайтын шамалардың арасындағы байланысты қарастыратын механика бөлімі кинематика деп аталады.

Біз үнемі қозғалыстағы денелер ортасында өмір сүреміз, сондықтан бұл құбылыс бізге жақсы таныс сиқты болып көрінеді де, оған терең үңіле бермейміз. Механикалық қозғалыс деп аталатын дененің ең қарапайым қозғалысын, яғни оның кеңістіктегі орнының өзгеруін қарастырайық. Дененің қозғалысын сипаттауға талпыныс жасап, оны сипаттау үшін ненің қажет болатынын анықтайық.

І. Материялық нүкте. Егер қозғалыстың алуан түрлілігін және оның күрделілігін ескерсек, онда нақты қозғалысты сипаттау өте қиын мәселе болып табылады. Физикада күрделі объектілер мен құбылыстарды зерделеу үшін модельдеу әдісі пайдаланылады.

Материялық нүкте деп қарастырылып отырған жағдайда өлшемдері мен пішінін ескермеуге болатын денені айтады.

ІІ. Санақ жүйесі. Дене қозғалысын бақылаған кезде, біз оның уақыт өтуіне қарай орын ауыстырғанын басқа денеге қатысты қарастырамыз. Сондықтан дененің қозғалыста немесе тыныштықта тұрғанын анықтау үшін алдын ала екінші дене таңдап алынады. Мұндай дене санақ денесі деп аталады.

Санақ денесімен байланысқан координаталар осі мен уақытты есептейтін құралдан тұратын жүйені санақ жүйесі деп атайды.

ІІІ. Траектория. Материалық нүктенің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістік нүктелерінің жиынтығы траектория деп аталады.

IV. Жол. Жол – бақылау уақыты аралығында дененің жүріп өткен траекториясының ұзындығы.

V. Орын ауыстыру. Дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді орын ауыстыру деп аталады.
Топтық жұмыс .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет