Тапсырма №2. Жұптық жұмыс. “Сәйкестендіру” әдісі
Әр жұпқа елдер тізбегі беріледі. Тізбектегі елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеңіз.
Аустралия, Бельгия, Ұлыбритания, Моңғолия, Өбекстан, Гана, Чад, Конго демократиялық республикасы, Мексика, Ақш. Канада, Үндістан, Ауғанстан, Жапония, Қазақстан.
Дескриптор:
Жұп болып елдерді елдерді даму деңгейі бойынша жіктейді.
Кері байланыс
«Бір ой, бір сезім» әдісі (оқушылар орындалған жұптық жұмысты мақтау және ұсыныс білдіру арқылы бағалайды)
ҚБ(ынталандыру)
Тапсырма №3. Жеке жұмыс. “Визуалды бейне” әдісі
Оқушылар таңдау бойынша кескін картаға сапалық түс әдісі арқылы елдерді топтастырыңыз.
Дүниежүзілік кескін картаға “Жоғары дамыған” елдерді бояп, атауларын жазыңыз.
Дүниежүзілік кескін картаға “Қоныс аударған капитализм” елдерін бояп, атауларын жазыңыз.
Дүниежүзілік кескін картаға “Азиядағы жаңа индустриялық” елдерін бояп, атауларын жазыңыз.
Дескриптор: 1. Дамыған елдерді топтастырады;
Кескін картамен жұмыс жасау ережесін сақтайды.
Кері байланыс «Үш сөйлем» әдісі. Оқушылар бір-біріне жетістігін, кедергісін, қорытынды түйген ойын ауызша кері байланыс арқылы береді.
ҚБ(ынталандыру)
|