Оқулықтың мәтінімен таныса отырып оқушылар дүниежүзілік шаруашылық салаларының өндіру және қайта өңдеу салаларын, қызмет көрсету аясы салаларын сипаттайды. Шаруашылық салаларын жіктеп, ерекшеліктерін ауызша түсіндіреді.
Бейнематериалды және бір-бірінің пікірлерін тыңдайды, ой бөліседі.
Тақырыпқа тән терминология:
Диалогқа қажетті тіркестер: Жер қойнауынан, су мен орманнан алуан түрлі шикізат пен отын өндірумен айналысатын салалар мен өндірістерді -........... деп атайды.
Өндіруші өнеркәсіп мынандай салаларға бөлінеді:................
Шикізатты және шикізаттан алынатын жартылай дайын өнімдерді өңдеумен айналысатын салалар - ................. деп аталады.
Өңдеуші кәсіпорын өндіріс құралдарын да, ................. шығарады.
.................аясы кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға көрсетілетін қызмет түрлерін қамтиды.
Құндылықтарға баулу
«Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» Мақсаты- өндірістің бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, өнеркәсіп орындарының жұмысын жаңғырту болып табылатындығын түсіндіру.
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» Мақсаты-барлық экономикалық және мәдени байлықтар қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалатындығына көз жеткізу.
Құндылықтарға баулу-топтық жұмыстар арқылы оқушыларды бірлескен орта құруға, жауапкершікке, үздіксіз білім алуға дағдыландыру.