Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Абимолда Көркем Әбдуалиқызының қазақ тілінен Ә.Дүйсенбиев «Не деу керек? Буын» тақырыбында өткізген ашық сабағының үлгі жоспары
Сабақтың тақырыбы: Ә.Дүйсенбиев
Не деу керек? Буын
Мақсаты: Буын туралы түсінік беру; сөздерді дұрыс буынға бөліп, буын түрлерін ажырата білуге үйрету; өлеңнің мазмұнын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту; әдептілік әліппесі
бойынша сөздік қорларын молайту; шығармашылық
қабілеттерін дамыту; сауатты, әдемі жазуға төселдіру;
Тәрбиелік: Жақсы, жамане қылықтарды ажырата білуге, әдептілікке,
инабаттылыққа, адамгершілікке баулу, өнегелі тұлға болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойнайық та, ойлайық!
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, ізденушілік.
Көрнекіліктер: Суреттер, кеспелер, үнтаспа, тірек-сызбалар, Венн
диаграммасы.
I. Қызығушылығын ояту.
Сүйемін туған тілді – анам тілін.
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
II. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің.
III. Кестемен жұмыс:
Мақалды оқып, дауысты дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Сәлем-сөздің анасы.
Жұп дауыстыларды ата.
IV. Үй тапсырмасын тексеру.
«Көрші атам» өлеңін оқу. Сәлем түрін көрсету.
Бірнеше оқушы оқиды.
«Әдептілік әліппесі» өлеңін жатқа сұрау.
-Үй тапсырмасын қорыту: сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер?
-Сәлеметсіз бе?
-Аман-саусыз ба?
-Бала-шағаңыз аман ба?
-Мал – жаныңыз аман ба?
-Кеш жарық?
-Үй – ішіңіз аман ба?
-Қайырлы таң.
-Қартыңыз аман ба?
-Аман есенсіз бе?
-Сәлемдесуге байланысты тағы қандай мақал білесіңдер?
Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің, кішіпейілділіктің белгісі. Үлкен адамға сәлем беру – кісіліктің, мәдениеттіліктің белгісі. Әрі қарай кішіпейілділік кісілік белгісі деп, сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Қонаққа ата келіп отыр.
«Не деу керек?» өлеңін өтеміз.
Авторы: Әнуарбек Дүйсенбиев. 1931 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Ой ашар. Үнтаспадан жіберу
Суреттері ілінді. Сурет бойынша әңгіме құру.
-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
-Сөздікпен жұмыс. Түртіп алу тапжылмадың – қозғалмадың сазардың – тыңдамай, үндемей қалу.
Ой қозғау.
3 қатарға мәнерлеп оқытамын
-Енді, балалар, атаның қоржынында сұрақтар бар екен. Жауап берелік.
С м
Б 1. Ребусты шешу. Көйлек
У 2. Сөйлем неден құралады?
Ы 3. Дыбыстың неше түрі бар?
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Н 4. Буын түрлерін атаңдар.
Сөздегі буын саны неге байланысты болады?
Тақтадағы сыпайы сөздерді буынға бөлу керек.
Ережені оқушылар қорытады.
Оқулықпен жұмыс: 58-жаттығу
Ойын бойынша орындау
Ауызша буынға бөлгізіп, буын түрін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |